عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: اِقْتَتَلَ غُلَامَانِ: غُلَامٌ مِنَ الْمُهَاجِرِينَ وَغُلَامٌ مِنَ الْأَنْصَارِ. فَنَادَى الْمُهَاجِرُ (أَوِ الْمُهَاجِرُونَ): «يَا لَلْمُهَاجِرِينَ!» وَنَادَى الْأَنْصَارِيُّ: «يَا لَلْأَنْصَارِ!» فَخَرَجَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: «مَا هَذَا دَعْوَى أَهْلِ الْجَاهِلِيَّةِ؟!» قَالُوا: «لَا يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِلَّا أَنَّ غُلَامَيْنِ اِقْتَتَلَا، فَكَسَعَ أَحَدُهُمَا الْآخَرَ». قَالَ: «فَلَا بَأْسَ، وَلْيَنْصُرِ الرَّجُلُ أَخَاهُ ظَالِمًا أَوْ مَظْلُومًا؛ إِنْ كَانَ ظَالِمًا فَلْيَنْهَهُ، فَإِنَّهُ لَهُ نَصْرٌ، وَإِنْ كَانَ مَظْلُومًا فَلْيَنْصُرْهُ».
Жәбир (р.а.) былай деген: «Бірі мұһажирлерден, екіншісі ансарлардан болған екі жігіт төбелесіп қалды. Сонда мұһажир жігіт немесе мұһажирлер: “Мұһажирлер, көмекке келіңдер!” – деп дауыстады. Ал ансарлық жігіт: “Ансарлар, көмекке келіңдер!” – деп дауыстады. Алла Елшісі (с.а.с.) олардың алдына шығып: “Бұл не, жәһилиет дәуірі адамдарының ұраны ма?” – деді. Олар: “Жоқ, уа, Расулалла! Екі жігіт төбелесіп қалып, бірі екіншісін бөксесінен тепті”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Онда тұрған ештеңе жоқ. Адам бауыры залым болса да, жәбірленуші болса да, оған жәрдем берсін. Егер бауыры залым болса, оны зұлымдығынан тоқтатсын. Өйткені оны тоқтату – оған көрсетілген жәрдем. Ал егер жәбірленуші болса, оған жәрдем берсін”, – деді» (2584/62).