Хадис

Сахих Мүслим, № 1831

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
54. Зұлымдық кітабыكِتَابُ الظُّلْمِ
бап
2. Залымға мұрсат беру туралыبَابٌ: فِي الْإِمْلَاءِ لِلظَّالِمِ
Нөмірі
№ 1831 (Мухтасар реті)
1831
Мүслим, № 1831Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ يُمْلِي لِلظَّالِمِ، فَإِذَا أَخَذَهُ لَمْ يُفْلِتْهُ». ثُمَّ قَرَأَ: ﴿وَكَذَلِكَ أَخْذُ رَبِّكَ إِذَا أَخَذَ الْقُرَى وَهِيَ ظَالِمَةٌ إِنَّ أَخْذَهُ أَلِيمٌ شَدِيدٌ﴾.

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Расында, Ұлы әрі Құдіретті Алла залымға мұрсат береді. Ал оны жазалағанда, құтылуына жол бермейді». Содан кейін мына аятты оқыды: «Міне, Раббың залым елді мекендердің сазайын бергенде осылай жазалайды. Шүбәсіз, Оның жазасы тым қатты.» («Һуд», 102) (2583/61).