Хадис

Сахих Мүслим, № 1800

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
53. Жақсылық жасау және туыстық байланысты сақтау кітабыكِتَابُ الْبِرِّ وَالصِّلَةِ
бап
38. Бір-бірін көре алмауға, бір-біріне өшпенді болуға және бір-бірінен теріс айналуға тыйым салу туралыبَابٌ: النَّهْيُ عَنِ التَّحَاسُدِ وَالتَّبَاغُضِ وَالتَّدَابُرِ
Нөмірі
№ 1800 (Мухтасар реті)
1800
Мүслим, № 1800Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا تَبَاغَضُوا، وَلَا تَحَاسَدُوا، وَلَا تَدَابَرُوا، وَكُونُوا عِبَادَ اللَّهِ إِخْوَانًا، وَلَا يَحِلُّ لِمُسْلِمٍ أَنْ يَهْجُرَ أَخَاهُ فَوْقَ ثَلَاثٍ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Бір-біріңді жек көрмеңдер, бір-біріңді күндемеңдер және бір-біріңнен теріс айналмаңдар! Уа, Алланың құлдары! Бір-біріңе бауыр болыңдар! Мұсылманның мұсылман бауырымен үш күннен артық араздасып жүруіне болмайды», – дегенін жеткізген (2559/23).