Хадис

Сахих Мүслим, № 1799

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
53. Жақсылық жасау және туыстық байланысты сақтау кітабыكِتَابُ الْبِرِّ وَالصِّلَةِ
бап
37. Мүміннің басына түсетін ауру мен қайғы туралыبَابٌ: مَا يُصِيبُ الْمُؤْمِنَ مِنَ الْوَصَبِ وَالْحُزْنِ
Нөмірі
№ 1799 (Мухтасар реті)
1799
Мүслим, № 1799Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: لَمَّا نَزَلَتْ: ﴿مَنْ يَعْمَلْ سُوءًا يُجْزَ بِهِ﴾ بَلَغَتْ مِنَ الْمُسْلِمِينَ مَبْلَغًا شَدِيدًا، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «قَارِبُوا، وَسَدِّدُوا، فَفِي كُلِّ مَا يُصَابُ بِهِ الْمُسْلِمُ كَفَّارَةٌ، حَتَّى النَّكْبَةِ يُنْكَبُهَا، أَوِ الشَّوْكَةِ يُشَاكُهَا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «“Кімде-кім жамандық жасаса, жазасын тартады” («Ниса», 123) деген аят түскенде, бұл мұсылмандарға өте ауыр тиді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Шама келгенше туралыққа ұмтылып, дұрыс жолды ұстаныңдар. Өйткені мұсылманның басына келген әрбір ауыртпалық оның күнәларының кешірілуіне себеп болады, тіпті сүрініп жығылуы немесе тікен қадалуы да”, – деді» (2574/52).