Хадис

Сахих Мүслим, № 1434

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
41. Әдеп кітабыكِتَابُ الْأَدَبِ
бап
35. Хижаб туралы үкім түскеннен кейін әйелдердің сыртқа шығуына жол бермеу туралыبَابٌ: مَنْعُ النِّسَاءِ أَنْ يَخْرُجْنَ بَعْدَ نُزُولِ الْحِجَابِ
Нөмірі
№ 1434 (Мухтасар реті)
1434
Мүслим, № 1434Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّ أَزْوَاجَ النَّبِيِّ ﷺ كُنَّ يَخْرُجْنَ بِاللَّيْلِ إِذَا تَبَرَّزْنَ إِلَى الْمَنَاصِعِ، وَهُوَ صَعِيدٌ أَفْيَحُ، وَكَانَ عُمَرُ بْنُ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَقُولُ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ: «اُحْجُبْ نِسَاءَكَ»، فَلَمْ يَكُنْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَفْعَلُ، فَخَرَجَتْ سَوْدَةُ بِنْتُ زَمْعَةَ، زَوْجُ النَّبِيِّ ﷺ لَيْلَةً مِنَ اللَّيَالِي عِشَاءً، وَكَانَتِ اِمْرَأَةً طَوِيلَةً، فَنَادَاهَا عُمَرُ: «أَلَا قَدْ عَرَفْنَاكِ، يَا سَوْدَةُ»؛ حِرْصًا عَلَى أَنْ يُنْزَلَ الْحِجَابُ. قَالَتْ عَائِشَةُ: «فَأَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ الْحِجَابَ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайлары дәрет сындыру үшін түнде әл-Манасиғ деп аталатын кең әрі ашық жазыққа шығатын. Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) Алла Елшісіне (с.а.с.): “Жұбайларыңды бөгде көзден қалқала”, – дейтін. Алайда Алла Елшісі (с.а.с.) олай етпейтін. Бір түні Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Сәуда бинт Замға құптан мезгілінде сыртқа шықты. Ол бойы ұзын әйел еді. Сонда Омар хижаб үкімі түссе екен деп: “Уа, Сәуда! Біз сені танып қойдық!” – деп дауыстады». Айша (р.а.): «Содан кейін Ұлы әрі Құдіретті Алла хижаб үкімін түсірді», – деді (2170/18).