Хадис

Сахих Мүслим, № 1433

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
41. Әдеп кітабыكِتَابُ الْأَدَبِ
бап
34. Кітап иелерінің сәлеміне жауап беру туралыبَابٌ: الرَّدُّ عَلَى أَهْلِ الْكِتَابِ
Нөмірі
№ 1433 (Мухтасар реті)
1433
Мүслим, № 1433Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «سَلَّمَ نَاسٌ مِنْ يَهُودَ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالُوا: “السَّامُ عَلَيْكُمْ يَا أَبَا الْقَاسِمِ”. فَقَالَ: “وَعَلَيْكُمْ”. فَقَالَتْ عَائِشَةُ، وَغَضِبَتْ: “أَلَمْ تَسْمَعْ مَا قَالُوا؟” قَالَ: “إِنِّي قَدْ سَمِعْتُ فَرَدَدْتُ عَلَيْهِمْ، وَإِنَّا نُجَابُ عَلَيْهِمْ وَلَا يُجَابُونَ عَلَيْنَا”».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деді: «Бірнеше яһуди Алла Елшісіне (с.а.с.) сәлем беріп: “Уа, Әбул-Қасым! Әс-саму аләйкум (Сендерге өлім болсын)!” – деді. Ол: “Сендерге де!” – деп жауап берді. Сонда Айша ашуланып: “Олардың не дегенін естімедіңіз бе?” – деді. Ол: “Мен олардың сөзін естідім де, өздеріне қайтардым. Біздің оларға қарсы айтқанымыз қабыл болады, ал олардың бізге қарсы айтқаны қабыл болмайды”, – деді» (2166/12).