Хадис

Сахих Мүслим, № 1168

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
34. Һижрет және әскери жорықтар кітабыكِتَابُ الْهِجْرَةِ وَالْمَغَازِي
бап
10. Пайғамбарлардың өз қауымдарынан көрген жәбірге сабыр етуі туралыبَابٌ: صَبْرُ الْأَنْبِيَاءِ عَلَى أَذَى قَوْمِهِمْ
Нөмірі
№ 1168 (Мухтасар реті)
1168
Мүслим, № 1168Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كَأَنِّي أَنْظُرُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يَحْكِي نَبِيًّا مِنَ الْأَنْبِيَاءِ ضَرَبَهُ قَوْمُهُ، وَهُوَ يَمْسَحُ الدَّمَ عَنْ وَجْهِهِ، وَيَقُولُ: “رَبِّ اِغْفِرْ لِقَوْمِي، فَإِنَّهُمْ لَا يَعْلَمُونَ”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Масғуд (р.а.) былай деді: «Алла Елшісінің (с.а.с.) өз қауымы ұрып-соққан пайғамбарлардың бірі туралы баяндап тұрғаны әлі де көз алдымда. Әлгі пайғамбар бетіндегі қанды сүртіп тұрып: “Раббым! Қауымымды кешіре гөр! Өйткені олар білмейді”, – деген еді» (1792/105).