Хадис

Сахих Мүслим, № 1055

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
29. Сот үкімдері және куәлік беру кітабыكِتَابُ الْقَضَاءِ وَالشَّهَادَاتِ
бап
5. Қазы ашулы кезінде үкім шығармасынبَابٌ: لَا يَقْضِي الْقَاضِي وَهُوَ غَضْبَانُ
Нөмірі
№ 1055 (Мухтасар реті)
1055
Мүслим, № 1055

عَنْ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ أَبِي بَكْرَةَ، قَالَ: «كَتَبَ أَبِي (وَكَتَبْتُ لَهُ) إِلَى عَبْدِ اللَّهِ بْنِ أَبِي بَكْرَةَ وَهُوَ قَاضٍ بِسِجِسْتَانَ: “أَنْ لَا تَحْكُمَ بَيْنَ اثْنَيْنِ وَأَنْتَ غَضْبَانُ، فَإِنِّي سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: ‘لَا يَحْكُمْ أَحَدٌ بَيْنَ اثْنَيْنِ وَهُوَ غَضْبَانُ’”».

Қазақша аудармасы

Абдуррахман ибн Әбу Бәкра былай деді: «Әкем Сижистанда қазы болған Абдулла ибн Әбу Бәкраға хат жазды. Сол хатты оның атынан мен жазып бердім. Онда: “Ашулы күйіңде екі адамның арасында үкім шығарма. Өйткені мен Алла Елшісінің (с.а.с.): ‘Ешкім ашулы күйінде екі адамның арасында үкім шығармасын’, – дегенін естідім”, – деп жазылған еді» (1717/16).