عَنْ حُضَيْنِ بْنِ الْمُنْذِرِ أَبِي سَاسَانَ، قَالَ: «شَهِدْتُ عُثْمَانَ بْنَ عَفَّانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ وَأُتِيَ بِالْوَلِيدِ قَدْ صَلَّى الصُّبْحَ رَكْعَتَيْنِ، ثُمَّ قَالَ: “أَزِيدُكُمْ؟” فَشَهِدَ عَلَيْهِ رَجُلَانِ أَحَدُهُمَا حُمْرَانُ أَنَّهُ شَرِبَ الْخَمْرَ، وَشَهِدَ آخَرُ أَنَّهُ رَآهُ يَتَقَيَّأُ، فَقَالَ عُثْمَانُ: “إِنَّهُ لَمْ يَتَقَيَّأْ حَتَّى شَرِبَهَا”. فَقَالَ: “يَا عَلِيُّ، قُمْ فَاجْلِدْهُ”. فَقَالَ عَلِيٌّ: “قُمْ، يَا حَسَنُ، فَاجْلِدْهُ”. فَقَالَ الْحَسَنُ: “وَلِّ حَارَّهَا مَنْ تَوَلَّى قَارَّهَا”، فَكَأَنَّهُ وَجَدَ عَلَيْهِ، فَقَالَ: “يَا عَبْدَ اللَّهِ بْنَ جَعْفَرٍ، قُمْ فَاجْلِدْهُ”، فَجَلَدَهُ وَعَلِيٌّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَعُدُّ حَتَّى بَلَغَ أَرْبَعِينَ، فَقَالَ: “أَمْسِكْ”. ثُمَّ قَالَ: “جَلَدَ النَّبِيُّ ﷺ أَرْبَعِينَ، وَجَلَدَ أَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَرْبَعِينَ، وَعُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ ثَمَانِينَ، وَكُلٌّ سُنَّةٌ، وَهَذَا أَحَبُّ إِلَيَّ”».
Әбу Сасан Худайн ибн әл-Мунзир былай деді: «Осман ибн Аффанның (р.а.) қасында отырғанымда, оның алдына Уәлидті алып келді. Ол таң намазын екі рәкәғат оқығаннан кейін: “Тағы қосайын ба?” – деген екен. Оған қарсы екі адам куәлік берді. Олардың бірі Хумран еді. Ол Уәлидтің ішімдік ішкеніне куәлік берді. Ал екіншісі оның құсқанын көргеніне куә болды. Сонда Осман: “Ол ішімдік ішпегенде, оны құспас еді”, – деді. Содан кейін: “Уа, Әли! Тұр да, оған дүре соқ”, – деді. Әли (р.а.): “Уа, Хасан! Тұр да, оған дүре соқ”, – деді. Хасан: “Оның салқынын кім көрсе, ыстығын да сол көтерсін”, – деді. Әли оның бұл сөзіне ренжігендей болды да: “Уа, Абдулла ибн Жағфар! Тұр да, оған дүре соқ”, – деді. Абдулла оған дүре соқты, ал Әли (р.а.) санап отырды. Дүре саны қырыққа жеткенде: “Тоқта”, – деді. Содан кейін: “Пайғамбар (с.а.с.) қырық дүре соқтырды. Әбу Бәкір (р.а.) де қырық дүре, ал Омар (р.а.) сексен дүре соқтырды. Мұның бәрі де сүннет. Ал маған осысы ұнамдырақ”, – деді» (1707/38).