Хадис
حَدُّ السَّرِقَةِ

Ұрлықтың жазасы

Сахих Мүслим, 28-кітап · 8 хадис · № 1043–1050

Мазмұны: 7 бап
  1. 1Қол кесу жазасы қолданылатын ұрлық туралы
  2. 2Құны үш дирһам болатын затты ұрлағаны үшін қол кесу туралы
  3. 3Жұмыртқа ұрлағаны үшін қол кесу туралы
  4. 4Хадд жазаларына қатысты араша түсуге тыйым салу
  5. 5Мас қылатын ішімдік ішкен адамды неше рет дүрелеу керектігі туралы
  6. 6Тағзир – тәртіпке шақыру мақсатында дүрелеу жазасын қолдану туралы
  7. 7Хадд жазасына лайық қылмыс жасап, сол үшін жазасын алған адамға бұл жаза күнәсінің өтемі болады
بَابٌ: مَا يَجِبُ فِيهِ الْقَطْعُ

1-бапҚол кесу жазасы қолданылатын ұрлық туралы

1043
Мүслим, № 1043Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا تُقْطَعُ يَدُ السَّارِقِ إِلَّا فِي رُبْعِ دِينَارٍ فَصَاعِدًا».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Ұрының қолы ұрланған заттың құны ширек динарға немесе одан артық мөлшерге жеткенде ғана кесіледі», – дегенін жеткізді (1684/2).

بَابٌ: الْقَطْعُ فِيمَا قِيمَتُهُ ثَلَاثَةُ دَرَاهِمَ

2-бапҚұны үш дирһам болатын затты ұрлағаны үшін қол кесу туралы

1044
Мүслим, № 1044Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَطَعَ سَارِقًا فِي مِجَنٍّ قِيمَتُهُ ثَلَاثَةُ دَرَاهِمَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) үш дирһам тұратын қалқанды ұрлаған адамның қолын кесті», – деді (1686/6).

بَابٌ: الْقَطْعُ فِي الْبَيْضَةِ

3-бапЖұмыртқа ұрлағаны үшін қол кесу туралы

1045
Мүслим, № 1045Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَعَنَ اللَّهُ السَّارِقَ، يَسْرِقُ الْبَيْضَةَ فَتُقْطَعُ يَدُهُ، وَيَسْرِقُ الْحَبْلَ فَتُقْطَعُ يَدُهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Алла ұрыны лағынеттесін! Ол жұмыртқа ұрлайды да, қолы кесіледі; арқан ұрлайды да, қолы кесіледі”, – деді» (1687/7).

بَابٌ: النَّهْيُ عَنِ الشَّفَاعَةِ فِي الْحُدُودِ

4-бапХадд жазаларына қатысты араша түсуге тыйым салу

1046
Мүслим, № 1046Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ، أَنَّ قُرَيْشًا أَهَمَّهُمْ شَأْنُ الْمَرْأَةِ الْمَخْزُومِيَّةِ الَّتِي سَرَقَتْ فِي عَهْدِ النَّبِيِّ ﷺ فِي غَزْوَةِ الْفَتْحِ، فَقَالُوا: «مَنْ يُكَلِّمُ فِيهَا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ؟» فَقَالُوا: «وَمَنْ يَجْتَرِئُ عَلَيْهِ إِلَّا أُسَامَةُ بْنُ زَيْدٍ، حِبُّ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ»، فَأُتِيَ بِهَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَكَلَّمَهُ فِيهَا أُسَامَةُ بْنُ زَيْدٍ، فَتَلَوَّنَ وَجْهُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «أَتَشْفَعُ فِي حَدٍّ مِنْ حُدُودِ اللَّهِ؟» فَقَالَ لَهُ أُسَامَةُ: «اِسْتَغْفِرْ لِي، يَا رَسُولَ اللَّهِ»، فَلَمَّا كَانَ الْعَشِيُّ، قَامَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَاخْتَطَبَ، فَأَثْنَى عَلَى اللَّهِ تَعَالَى بِمَا هُوَ أَهْلُهُ، ثُمَّ قَالَ: «أَمَّا بَعْدُ، فَإِنَّمَا أَهْلَكَ الَّذِينَ مِنْ قَبْلِكُمْ أَنَّهُمْ كَانُوا إِذَا سَرَقَ فِيهِمِ الشَّرِيفُ تَرَكُوهُ، وَإِذَا سَرَقَ فِيهِمِ الضَّعِيفُ أَقَامُوا عَلَيْهِ الْحَدَّ، وَإِنِّي، وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ، لَوْ أَنَّ فَاطِمَةَ بِنْتَ مُحَمَّدٍ سَرَقَتْ لَقَطَعْتُ يَدَهَا». ثُمَّ أَمَرَ بِتِلْكَ الْمَرْأَةِ الَّتِي سَرَقَتْ، فَقُطِعَتْ يَدُهَا. قَالَتْ عَائِشَةُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا: «فَحَسُنَتْ تَوْبَتُهَا بَعْدُ، وَتَزَوَّجَتْ، وَكَانَتْ تَأْتِينِي بَعْدَ ذَلِكَ فَأَرْفَعُ حَاجَتَهَا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ».

Қазақша аудармасы

Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Айша (р.а.) былай деп жеткізді: Пайғамбардың (с.а.с.) заманында, Меккені азат ету жорығы кезінде ұрлық жасаған Махзум тайпасынан шыққан бір әйелдің мәселесі Құрайышты қатты алаңдатты. Олар: «Бұл жөнінде Алла Елшісімен (с.а.с.) кім сөйлеседі?» – десті. Содан соң: «Алла Елшісінің (с.а.с.) сүйіктісі Усама ибн Зәйдтен басқа бұған кімнің батылы барады?» – деді. Әйелді Алла Елшісінің (с.а.с.) алдына алып келді. Усама ибн Зәйд әлгі әйел жайында онымен сөйлескенде, Алла Елшісінің (с.а.с.) жүзінің өңі өзгеріп: «Алланың хадд жазаларының біріне араша түспексің бе?» – деді. Сонда Усама: «Уа, Расулалла! Мен үшін Алладан кешірім тілеңіз», – деді. Кеш түскен соң Алла Елшісі (с.а.с.) орнынан тұрып, жұртқа құтба айтты. Алла Тағаланы Өзіне лайықты түрде мадақтап болғаннан кейін: «Ал енді, сендерден бұрынғыларды құрдымға ұшыратқан нәрсе мынау еді: олардың арасында беделді адам ұрлық жасаса, оны жөніне қалдыратын, ал әлсіз адам ұрлық жасаса, оған хадд жазасын қолданатын. Жаным қолында болған Алламен ант етемін, егер Мұхаммедтің қызы Фатима ұрлық жасағанда, оның да қолын кесер едім», – деді. Содан кейін ұрлық жасаған әлгі әйелдің қолын кесуге бұйрық берді де, оның қолы кесілді. Айша (р.а.) былай деді: «Кейін әлгі әйел көркем түрде тәубе етіп, тұрмысқа шықты. Содан соң ол маған келіп тұратын, ал мен оның қажетін Алла Елшісіне (с.а.с.) жеткізетінмін» (1688/9).

حَدُّ الْخَمْرِІшімдік ішудің жазасы

بَابٌ: كَمْ يُجْلَدُ فِي شُرْبِ الْخَمْرِ

5-бапМас қылатын ішімдік ішкен адамды неше рет дүрелеу керектігі туралы

1047
Мүслим, № 1047

عَنْ حُضَيْنِ بْنِ الْمُنْذِرِ أَبِي سَاسَانَ، قَالَ: «شَهِدْتُ عُثْمَانَ بْنَ عَفَّانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ وَأُتِيَ بِالْوَلِيدِ قَدْ صَلَّى الصُّبْحَ رَكْعَتَيْنِ، ثُمَّ قَالَ: “أَزِيدُكُمْ؟” فَشَهِدَ عَلَيْهِ رَجُلَانِ أَحَدُهُمَا حُمْرَانُ أَنَّهُ شَرِبَ الْخَمْرَ، وَشَهِدَ آخَرُ أَنَّهُ رَآهُ يَتَقَيَّأُ، فَقَالَ عُثْمَانُ: “إِنَّهُ لَمْ يَتَقَيَّأْ حَتَّى شَرِبَهَا”. فَقَالَ: “يَا عَلِيُّ، قُمْ فَاجْلِدْهُ”. فَقَالَ عَلِيٌّ: “قُمْ، يَا حَسَنُ، فَاجْلِدْهُ”. فَقَالَ الْحَسَنُ: “وَلِّ حَارَّهَا مَنْ تَوَلَّى قَارَّهَا”، فَكَأَنَّهُ وَجَدَ عَلَيْهِ، فَقَالَ: “يَا عَبْدَ اللَّهِ بْنَ جَعْفَرٍ، قُمْ فَاجْلِدْهُ”، فَجَلَدَهُ وَعَلِيٌّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَعُدُّ حَتَّى بَلَغَ أَرْبَعِينَ، فَقَالَ: “أَمْسِكْ”. ثُمَّ قَالَ: “جَلَدَ النَّبِيُّ ﷺ أَرْبَعِينَ، وَجَلَدَ أَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَرْبَعِينَ، وَعُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ ثَمَانِينَ، وَكُلٌّ سُنَّةٌ، وَهَذَا أَحَبُّ إِلَيَّ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Сасан Худайн ибн әл-Мунзир былай деді: «Осман ибн Аффанның (р.а.) қасында отырғанымда, оның алдына Уәлидті алып келді. Ол таң намазын екі рәкәғат оқығаннан кейін: “Тағы қосайын ба?” – деген екен. Оған қарсы екі адам куәлік берді. Олардың бірі Хумран еді. Ол Уәлидтің ішімдік ішкеніне куәлік берді. Ал екіншісі оның құсқанын көргеніне куә болды. Сонда Осман: “Ол ішімдік ішпегенде, оны құспас еді”, – деді. Содан кейін: “Уа, Әли! Тұр да, оған дүре соқ”, – деді. Әли (р.а.): “Уа, Хасан! Тұр да, оған дүре соқ”, – деді. Хасан: “Оның салқынын кім көрсе, ыстығын да сол көтерсін”, – деді. Әли оның бұл сөзіне ренжігендей болды да: “Уа, Абдулла ибн Жағфар! Тұр да, оған дүре соқ”, – деді. Абдулла оған дүре соқты, ал Әли (р.а.) санап отырды. Дүре саны қырыққа жеткенде: “Тоқта”, – деді. Содан кейін: “Пайғамбар (с.а.с.) қырық дүре соқтырды. Әбу Бәкір (р.а.) де қырық дүре, ал Омар (р.а.) сексен дүре соқтырды. Мұның бәрі де сүннет. Ал маған осысы ұнамдырақ”, – деді» (1707/38).

1048
Мүслим, № 1048Риуаят етуші: Әли

عَنْ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «مَا كُنْتُ أُقِيمُ عَلَى أَحَدٍ حَدًّا فَيَمُوتَ فِيهِ فَأَجِدَ مِنْهُ فِي نَفْسِي إِلَّا صَاحِبَ الْخَمْرِ؛ لِأَنَّهُ إِنْ مَاتَ وَدَيْتُهُ، لِأَنَّ النَّبِيَّ ﷺ لَمْ يَسُنَّهُ».

Қазақша аудармасы

Әли (р.а.) былай деді: «Біреуге хадд жазасын қолданып, ол сол жазадан қайтыс болса, ішімдік ішкен адамнан басқасы үшін көңіліме ешбір алаң кірмес еді. Ал ішімдік ішкен адам қайтыс болса, оның қан құнын төлер едім. Өйткені Пайғамбар (с.а.с.) бұл жазаның мөлшерін сүннет ретінде белгілемеген» (1707/39).

بَابٌ: جَلْدُ التَّعْزِيرِ

6-бапТағзир – тәртіпке шақыру мақсатында дүрелеу жазасын қолдану туралы

1049
Мүслим, № 1049

عَنْ أَبِي بُرْدَةَ الْأَنْصَارِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّهُ سَمِعَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «لَا يُجْلَدُ أَحَدٌ فَوْقَ عَشَرَةِ أَسْوَاطٍ إِلَّا فِي حَدٍّ مِنْ حُدُودِ اللَّهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Бурда әл-Ансари (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Алла белгілеген хадд жазаларының бірінен басқа жағдайда ешкімге оннан артық дүре соғылмайды», – дегенін естіген (1708/40).

بَابٌ: مَنْ أَصَابَ حَدًّا فَعُوقِبَ بِهِ فَهُوَ كَفَّارَةٌ لَهُ

7-бапХадд жазасына лайық қылмыс жасап, сол үшін жазасын алған адамға бұл жаза күнәсінің өтемі болады

1050
Мүслим, № 1050Риуаят етуші: Убада ибн әс-Самит

عَنْ عُبَادَةَ بْنِ الصَّامِتِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «أَخَذَ عَلَيْنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ كَمَا أَخَذَ عَلَى النِّسَاءِ: أَنْ لَا نُشْرِكَ بِاللَّهِ شَيْئًا، وَلَا نَسْرِقَ، وَلَا نَزْنِيَ، وَلَا نَقْتُلَ أَوْلَادَنَا، وَلَا يَعْضَهَ بَعْضُنَا بَعْضًا، “فَمَنْ وَفَى مِنْكُمْ فَأَجْرُهُ عَلَى اللَّهِ، وَمَنْ أَتَى مِنْكُمْ حَدًّا فَأُقِيمَ عَلَيْهِ فَهُوَ كَفَّارَتُهُ، وَمَنْ سَتَرَهُ اللَّهُ عَلَيْهِ فَأَمْرُهُ إِلَى اللَّهِ، إِنْ شَاءَ عَذَّبَهُ، وَإِنْ شَاءَ غَفَرَ لَهُ”».

Қазақша аудармасы

Убада ибн әс-Самит (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) әйелдерден серт алғанындай, бізден де Аллаға еш нәрсені серік қоспауға, ұрлық істемеуге, зина жасамауға, балаларымызды өлтірмеуге және бір-бірімізге жала жаппауға серт алды. Ол (с.а.с.): “Сендердің араларыңнан кім сертіне адал болса, оның сыйын Алла береді. Ал кім хадд жазасын қажет ететін бір іс жасап, оған сол жаза қолданылса, бұл оған кәффарат болады. Кімнің ісін Алла жасырса, оның ісі Алланың қалауында: қаласа, азаптайды, қаласа, кешіреді”, – деді» (1709/43).