Хадис

Сахих Мүслим, № 1030

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
25. Қан төгудің харамдығы, қысас және құн төлеу кітабыكِتَابُ تَحْرِيمِ الدِّمَاءِ وَذِكْرِ الْقِصَاصِ وَالدِّيَةِ
бап
9. Жәбірленушілер құн алуға келіспеген жағдайда жарақат үшін қысас қолдану туралыبَابٌ: الْقِصَاصُ مِنَ الْجِرَاحِ إِلَّا أَنْ يَرْضَوْا بِالدِّيَةِ
Нөмірі
№ 1030 (Мухтасар реті)
1030
Мүслим, № 1030Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ أُخْتَ الرُّبَيِّعِ، أُمَّ حَارِثَةَ، جَرَحَتْ إِنْسَانًا، فَاخْتَصَمُوا إِلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «الْقِصَاصَ، الْقِصَاصَ». فَقَالَتْ أُمُّ الرُّبَيِّعِ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَيُقْتَصُّ مِنْ فُلَانَةَ؟ وَاللَّهِ لَا يُقْتَصُّ مِنْهَا». فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «سُبْحَانَ اللَّهِ، يَا أُمَّ الرُّبَيِّعِ، الْقِصَاصُ كِتَابُ اللَّهِ». قَالَتْ: «لَا، وَاللَّهِ لَا يُقْتَصُّ مِنْهَا أَبَدًا». قَالَ: فَمَا زَالَتْ حَتَّى قَبِلُوا الدِّيَةَ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ مِنْ عِبَادِ اللَّهِ مَنْ لَوْ أَقْسَمَ عَلَى اللَّهِ لَأَبَرَّهُ».

Қазақша аудармасы

Әнәстің (р.а.) айтуынша, әр-Рубәййиғтың әпке-сіңлісі Үммі Хариса бір адамды жаралаған. Олар дауласып, Пайғамбарға (с.а.с.) жүгінді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Қысас! Қысас!» – деді. Үммі әр-Рубәййиғ: «Уа, Расулалла! Пәленше әйелден қысас алына ма? Алламен ант етемін, одан қысас алынбайды!» – деді. Пайғамбар (с.а.с.): «Субханаллаһ, уа, Үммі әр-Рубәййиғ! Қысас – Алланың Кітабында бекітілген үкім», – деді. Ол: «Жоқ! Алламен ант етемін, одан ешқашан қысас алынбайды!» – деді. Олар құн алуға келіскенге дейін ол осы сөзінен қайтпады. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Расында, Алланың құлдары арасында Алланың атымен ант етсе, Алла оның антын ақтайтын жандар бар», – деді (1675/24).