Хадис
كِتَابُ تَحْرِيمِ الدِّمَاءِ وَذِكْرِ الْقِصَاصِ وَالدِّيَةِ

Қан төгудің харамдығы, қысас және құн төлеу кітабы

Сахих Мүслим, 25-кітап · 13 хадис · № 1021–1033

Мазмұны: 12 бап
  1. 1Адамның өміріне, мал-мүлкіне және ар-намысына қол сұғудың харамдығы туралы
  2. 2Қиямет күні ең алдымен қан төгуге қатысты істер бойынша үкім шығарылады
  3. 3Мұсылман адамның қанын төгуге рұқсат етілетін жағдайлар туралы
  4. 4Исламнан бас тартып, адам өлтірген және соғысқан адамға қатысты үкім туралы
  5. 5Адам өлтіруді алғаш бастаған адамның күнәсі туралы
  6. 6Өзін-өзі қандай да бір нәрсемен өлтірген адам Тозақта сол нәрсемен азапталады
  7. 7Таспен адам өлтірген адам сондай таспен өлтіріледі
  8. 8Біреудің қолын тістеп, ол қолын тартып алғанда алдыңғы күрек тісі түсіп қалған адам туралы
  9. 9Жәбірленушілер құн алуға келіспеген жағдайда жарақат үшін қысас қолдану туралы
  10. 10Адам өлтіргенін мойындаған кісіні марқұмның мұрагеріне тапсыру және мұрагердің оны кешіруі туралы
  11. 11Ішіне тиген соққыдан түсік тастаған әрі өзі де қайтыс болған әйелдің құны мен шарананың құны туралы
  12. 12Жұбар – құны өтелмейтін зиян туралы
بَابٌ: تَحْرِيمُ الدِّمَاءِ وَالْأَمْوَالِ وَالْأَعْرَاضِ

1-бапАдамның өміріне, мал-мүлкіне және ар-намысына қол сұғудың харамдығы туралы

1021
Мүслим, № 1021Риуаят етуші: Әбу Бәкра

عَنْ أَبِي بَكْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ أَنَّهُ قَالَ: «إِنَّ الزَّمَانَ قَدِ اسْتَدَارَ كَهَيْئَتِهِ يَوْمَ خَلَقَ اللَّهُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ، السَّنَةُ اثْنَا عَشَرَ شَهْرًا، مِنْهَا أَرْبَعَةٌ حُرُمٌ، ثَلَاثَةٌ مُتَوَالِيَاتٌ: ذُو الْقَعْدَةِ، وَذُو الْحِجَّةِ، وَالْمُحَرَّمُ، وَرَجَبُ مُضَرَ الَّذِي بَيْنَ جُمَادَى وَشَعْبَانَ». ثُمَّ قَالَ: «أَيُّ شَهْرٍ هَذَا؟» قُلْنَا: «اللَّهُ وَرَسُولُهُ أَعْلَمُ». قَالَ: فَسَكَتَ حَتَّى ظَنَنَّا أَنَّهُ سَيُسَمِّيهِ بِغَيْرِ اسْمِهِ، قَالَ: «أَلَيْسَ ذَا الْحِجَّةِ؟» قُلْنَا: «بَلَى». قَالَ: «فَأَيُّ بَلَدٍ هَذَا؟» قُلْنَا: «اللَّهُ وَرَسُولُهُ أَعْلَمُ». قَالَ: فَسَكَتَ حَتَّى ظَنَنَّا أَنَّهُ سَيُسَمِّيهِ بِغَيْرِ اسْمِهِ، قَالَ: «أَلَيْسَ الْبَلْدَةَ؟» قُلْنَا: «بَلَى». قَالَ: «فَأَيُّ يَوْمٍ هَذَا؟» قُلْنَا: «اللَّهُ وَرَسُولُهُ أَعْلَمُ». قَالَ: فَسَكَتَ حَتَّى ظَنَنَّا أَنَّهُ سَيُسَمِّيهِ بِغَيْرِ اسْمِهِ، قَالَ: «أَلَيْسَ يَوْمَ النَّحْرِ؟» قُلْنَا: «بَلَى، يَا رَسُولَ اللَّهِ». قَالَ: «فَإِنَّ دِمَاءَكُمْ وَأَمْوَالَكُمْ» (قَالَ مُحَمَّدٌ: وَأَحْسِبُهُ قَالَ: «وَأَعْرَاضَكُمْ») «حَرَامٌ عَلَيْكُمْ كَحُرْمَةِ يَوْمِكُمْ هَذَا، فِي بَلَدِكُمْ هَذَا، فِي شَهْرِكُمْ هَذَا. وَسَتَلْقَوْنَ رَبَّكُمْ فَيَسْأَلُكُمْ عَنْ أَعْمَالِكُمْ، فَلَا تَرْجِعُنَّ بَعْدِي ضُلَّالًا يَضْرِبُ بَعْضُكُمْ رِقَابَ بَعْضٍ. أَلَا لِيُبَلِّغِ الشَّاهِدُ الْغَائِبَ، فَلَعَلَّ بَعْضَ مَنْ يُبَلَّغُهُ يَكُونُ أَوْعَى لَهُ مِنْ بَعْضِ مَنْ سَمِعَهُ». ثُمَّ قَالَ: «أَلَا هَلْ بَلَّغْتُ؟»

Қазақша аудармасы

Әбу Бәкра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Расында, заман айналып, Алла аспандар мен жерді жаратқан күнгі қалпына қайта келді. Жыл он екі айдан тұрады. Оның төртеуі – харам айлар. Үшеуі бірінен соң бірі келеді: Зулқағда, Зулхижжа және Мұхаррам. Ал төртіншісі – Жұмада мен Шағбанның арасындағы Мұдардың Рәжәбі». Содан кейін Пайғамбар (с.а.с.): «Бұл қай ай?» – деп сұрады. Біз: «Алла мен Оның Елшісі жақсы біледі», – дедік. Ол үнсіз қалды. Тіпті біз оны басқа атаумен атайтын шығар деп ойладық. Сонда ол: «Бұл Зулхижжа емес пе?» – деді. Біз: «Әрине», – дедік. Ол: «Бұл қай қала?» – деп сұрады. Біз: «Алла мен Оның Елшісі жақсы біледі», – дедік. Ол үнсіз қалды. Тіпті біз оны басқа атаумен атайтын шығар деп ойладық. Сонда ол: «Бұл қасиетті қала емес пе?» – деді. Біз: «Әрине», – дедік. Ол: «Бұл қай күн?» – деп сұрады. Біз: «Алла мен Оның Елшісі жақсы біледі», – дедік. Ол үнсіз қалды. Тіпті біз оны басқа атаумен атайтын шығар деп ойладық. Сонда ол: «Бұл құрбан шалу күні емес пе?» – деді. Біз: «Әрине, уа, Расулалла!» – дедік. Сонда ол: «Расында, бір-біріңнің қандарыңа, мал-мүліктеріңе қол сұғу сендерге харам. Олардың қасиеті осы күндеріңнің осы қалаларыңда, осы айларыңда болған қасиетіндей (Мұхаммед: “Меніңше, ол ‘ар-намыстарың да’ деді”, – деген). Сендер Раббыларыңа жолығасыңдар. Сонда Ол сендерден амалдарың туралы сұрайды. Менен кейін бір-біріңнің мойындарыңды шабатын адасқандарға айналып кетпеңдер! Байқаңдар! Осында болған адам болмаған адамға жеткізсін. Өйткені бұл сөз жеткізілгендердің кейбірі оны тікелей естігендердің кейбіріне қарағанда жақсырақ ұғып, жадында сақтауы мүмкін». Содан кейін ол (с.а.с.): «Байқаңдар! Мен жеткіздім бе?» – деді (1679/29).

بَابٌ: أَوَّلُ مَا يُقْضَى يَوْمَ الْقِيَامَةِ فِي الدِّمَاءِ

2-бапҚиямет күні ең алдымен қан төгуге қатысты істер бойынша үкім шығарылады

1022
Мүслим, № 1022Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَوَّلُ مَا يُقْضَى بَيْنَ النَّاسِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ فِي الدِّمَاءِ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Масғудтың (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Қиямет күні адамдар арасында ең алдымен қан төгуге қатысты істер бойынша үкім шығарылады», – деген (1678/28).

بَابٌ: مَا يُحِلُّ دَمَ الرَّجُلِ الْمُسْلِمِ

3-бапМұсылман адамның қанын төгуге рұқсат етілетін жағдайлар туралы

1023
Мүслим, № 1023Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا يَحِلُّ دَمُ امْرِئٍ مُسْلِمٍ يَشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَأَنِّي رَسُولُ اللَّهِ، إِلَّا بِإِحْدَى ثَلَاثٍ: الثَّيِّبُ الزَّانِي، وَالنَّفْسُ بِالنَّفْسِ، وَالتَّارِكُ لِدِينِهِ الْمُفَارِقُ لِلْجَمَاعَةِ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Масғуд (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ екеніне және менің Алланың Елшісі екеніме куәлік ететін мұсылманның қанын төгуге мына үш жағдайдан басқа кезде жол берілмейді: некеде болған адамның зина жасауы, жанға жан алу және адамның дінін тастап, жамағаттан бөлінуі» (1676/25).

بَابٌ: الْحُكْمُ فِيمَنْ يَرْتَدُّ عَنِ الْإِسْلَامِ وَيَقْتُلُ وَيُحَارِبُ

4-бапИсламнан бас тартып, адам өлтірген және соғысқан адамға қатысты үкім туралы

1024
Мүслим, № 1024Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ نَفَرًا مِنْ عُكْلٍ ثَمَانِيَةً قَدِمُوا عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَبَايَعُوهُ عَلَى الْإِسْلَامِ، فَاسْتَوْخَمُوا الْأَرْضَ، وَسَقِمَتْ أَجْسَامُهُمْ، فَشَكَوْا ذَلِكَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «أَلَا تَخْرُجُونَ مَعَ رَاعِينَا فِي إِبِلِهِ، فَتُصِيبُونَ مِنْ أَبْوَالِهَا وَأَلْبَانِهَا؟» فَقَالُوا: «بَلَى»، فَخَرَجُوا، فَشَرِبُوا مِنْ أَبْوَالِهَا وَأَلْبَانِهَا، فَصَحُّوا، فَقَتَلُوا الرَّاعِيَ وَطَرَدُوا الْإِبِلَ، فَبَلَغَ ذَلِكَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَبَعَثَ فِي آثَارِهِمْ، فَأُدْرِكُوا، فَجِيءَ بِهِمْ، فَأَمَرَ بِهِمْ فَقُطِعَتْ أَيْدِيهِمْ وَأَرْجُلُهُمْ، وَسُمِرَ أَعْيُنُهُمْ، ثُمَّ نُبِذُوا فِي الشَّمْسِ حَتَّى مَاتُوا.

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деді: «Укл руынан сегіз адам Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп, Исламды қабылдап, оған бәйғат берді. Алайда Мәдинаның ауасы оларға жақпай, дендері сырқаттанды. Олар бұл жайды Алла Елшісіне (с.а.с.) айтып, шағымданды. Сонда ол (с.а.с.): “Біздің бақташымызбен бірге түйелердің қасына барып, олардың зәрі мен сүтінен ішсеңдер қайтеді?” – деді. Олар: “Әрине”, – деп, түйелердің қасына барып, олардың зәрі мен сүтінен ішті. Сөйтіп, денсаулықтары түзелді. Кейін бақташыны өлтіріп, түйелерді айдап әкетті. Бұл хабар Алла Елшісіне (с.а.с.) жеткенде, ол олардың соңынан адамдар жіберді. Олар қолға түсіріліп, алып келінді. Оның (с.а.с.) бұйрығымен қолдары мен аяқтары кесіліп, көздеріне қыздырылған шеге басылды. Содан кейін күн астына тасталып, сол жерде қайтыс болды» (1671/10).

بَابٌ: إِثْمُ مَنْ سَنَّ الْقَتْلَ

5-бапАдам өлтіруді алғаш бастаған адамның күнәсі туралы

1025
Мүслим, № 1025Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تُقْتَلُ نَفْسٌ ظُلْمًا إِلَّا كَانَ عَلَى ابْنِ آدَمَ الْأَوَّلِ كِفْلٌ مِنْ دَمِهَا، لِأَنَّهُ كَانَ أَوَّلَ مَنْ سَنَّ الْقَتْلَ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Масғудтың (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Қандай да бір жан нақақ өлтірілсе, оның қанын төгу күнәсінің бір үлесі Адамның алғашқы ұлына да тиеді. Өйткені кісі өлтіруді алғаш бастаған – сол», – деген (1677/27).

بَابٌ: مَنْ قَتَلَ نَفْسَهُ بِشَيْءٍ عُذِّبَ بِهِ فِي النَّارِ

6-бапӨзін-өзі қандай да бір нәрсемен өлтірген адам Тозақта сол нәрсемен азапталады

1026
Мүслим, № 1026Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ قَتَلَ نَفْسَهُ بِحَدِيدَةٍ فَحَدِيدَتُهُ فِي يَدِهِ يَتَوَجَّأُ بِهَا فِي بَطْنِهِ فِي نَارِ جَهَنَّمَ خَالِدًا مُخَلَّدًا فِيهَا أَبَدًا، وَمَنْ شَرِبَ سُمًّا فَقَتَلَ نَفْسَهُ فَهُوَ يَتَحَسَّاهُ فِي نَارِ جَهَنَّمَ خَالِدًا مُخَلَّدًا فِيهَا أَبَدًا، وَمَنْ تَرَدَّى مِنْ جَبَلٍ فَقَتَلَ نَفْسَهُ فَهُوَ يَتَرَدَّى فِي نَارِ جَهَنَّمَ خَالِدًا مُخَلَّدًا فِيهَا أَبَدًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Кім өзін темір затпен өлтірсе, сол темірі қолында болады да, онымен Жәһаннам отында қарнын түйреп, онда мәңгі-бақи қалады. Кім у ішіп, өзін өлтірсе, Жәһаннам отында сол уды ұрттап ішіп, онда мәңгі-бақи қалады. Кім таудан құлап, өзін өлтірсе, Жәһаннам отында қайта-қайта құлап, онда мәңгі-бақи қалады», – деді (109/175).

1027
Мүслим, № 1027Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд

عَنْ سَهْلِ بْنِ سَعْدٍ السَّاعِدِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ اِلْتَقَى هُوَ وَالْمُشْرِكُونَ، فَاقْتَتَلُوا، فَلَمَّا مَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِلَى عَسْكَرِهِ، وَمَالَ الْآخَرُونَ إِلَى عَسْكَرِهِمْ، وَفِي أَصْحَابِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ رَجُلٌ لَا يَدَعُ لَهُمْ شَاذَّةً وَلَا فَاذَّةً إِلَّا اتَّبَعَهَا يَضْرِبُهَا بِسَيْفِهِ، فَقَالُوا: «مَا أَجْزَأَ مِنَّا الْيَوْمَ أَحَدٌ كَمَا أَجْزَأَ فُلَانٌ». فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَمَا إِنَّهُ مِنْ أَهْلِ النَّارِ». فَقَالَ رَجُلٌ مِنَ الْقَوْمِ: «أَنَا صَاحِبُهُ أَبَدًا». قَالَ: فَخَرَجَ مَعَهُ، كُلَّمَا وَقَفَ وَقَفَ مَعَهُ، وَإِذَا أَسْرَعَ أَسْرَعَ مَعَهُ، قَالَ: فَجُرِحَ الرَّجُلُ جُرْحًا شَدِيدًا، فَاسْتَعْجَلَ الْمَوْتَ، فَوَضَعَ نَصْلَ سَيْفِهِ بِالْأَرْضِ وَذُبَابَهُ بَيْنَ ثَدْيَيْهِ، ثُمَّ تَحَامَلَ عَلَى سَيْفِهِ، فَقَتَلَ نَفْسَهُ، فَخَرَجَ الرَّجُلُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «أَشْهَدُ أَنَّكَ رَسُولُ اللَّهِ». قَالَ: «وَمَا ذَاكَ؟» قَالَ: «الرَّجُلُ الَّذِي ذَكَرْتَ آنِفًا أَنَّهُ مِنْ أَهْلِ النَّارِ، فَأَعْظَمَ النَّاسُ ذَلِكَ، فَقُلْتُ: “أَنَا لَكُمْ بِهِ”، فَخَرَجْتُ فِي طَلَبِهِ حَتَّى جُرِحَ جُرْحًا شَدِيدًا، فَاسْتَعْجَلَ الْمَوْتَ فَوَضَعَ نَصْلَ سَيْفِهِ بِالْأَرْضِ وَذُبَابَهُ بَيْنَ ثَدْيَيْهِ، ثُمَّ تَحَامَلَ عَلَيْهِ فَقَتَلَ نَفْسَهُ». فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عِنْدَ ذَلِكَ: «إِنَّ الرَّجُلَ لَيَعْمَلُ عَمَلَ أَهْلِ الْجَنَّةِ فِيمَا يَبْدُو لِلنَّاسِ وَهُوَ مِنْ أَهْلِ النَّارِ، وَإِنَّ الرَّجُلَ لَيَعْمَلُ عَمَلَ أَهْلِ النَّارِ فِيمَا يَبْدُو لِلنَّاسِ وَهُوَ مِنْ أَهْلِ الْجَنَّةِ».

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд әс-Сағиди (р.а.) былай жеткізген: Алла Елшісі (с.а.с.) мүшріктермен кездесіп, екі жақ шайқасты. Алла Елшісі (с.а.с.) өз қосынына, ал мүшріктер өз қосынына қайтқанда, Алла Елшісінің (с.а.с.) сахабалары арасында жау әскерінен бөлініп қалған кімді көрсе де, соңынан қуып жетіп, қылышымен шауып жүретін бір кісі бар еді. Сахабалар: «Бүгін бізге пәленшедей пайда тигізген ешкім болмады», – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Алайда ол – Тозақ иелерінен», – деді. Қауым ішіндегі бір кісі: «Мен бұдан былай оның соңынан қалмаймын», – деді де, онымен бірге шықты. Әлгі адам тоқтаған сайын ол да тоқтап, жылдамдаған сайын онымен бірге жылдамдап отырды. Бір кезде әлгі адам ауыр жараланды. Содан кейін өлімін тездетпек болып, қылышының сабын жерге тіреп, ұшын екі омырауының арасына қойды да, бар салмағымен қылышының үстіне құлап, өзін-өзі өлтірді. Оны бақылап жүрген кісі Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: «Сіздің Алланың Елшісі екеніңізге куәлік етемін», – деді. Ол (с.а.с.): «Не болды?» – деп сұрады. Әлгі кісі: «Сіз жаңа ғана: “Ол – Тозақ иелерінен”, – деген адамды айтып тұрмын. Жұрт бұл сөзіңізді тым ауыр қабылдады. Сонда мен: “Оны маған қалдырыңдар”, – дедім де, соңынан шықтым. Ол ауыр жараланғанға дейін ізінен қалмай жүрдім. Содан кейін өлімін тездетпек болып, қылышының сабын жерге тіреп, ұшын екі омырауының арасына қойды да, бар салмағымен қылышының үстіне құлап, өзін-өзі өлтірді», – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Расында, бір адам жұрттың көзіне Жәннат иелерінің амалын істеп жүргендей көрінгенімен, өзі Тозақ иелерінен болады. Ал енді бір адам жұрттың көзіне Тозақ иелерінің амалын істеп жүргендей көрінгенімен, өзі Жәннат иелерінен болады», – деді (112/179).

بَابٌ: مَنْ قَتَلَ بِحَجَرٍ قُتِلَ بِمِثْلِهِ

7-бапТаспен адам өлтірген адам сондай таспен өлтіріледі

1028
Мүслим, № 1028Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ جَارِيَةً وُجِدَ رَأْسُهَا قَدْ رُضَّ بَيْنَ حَجَرَيْنِ، فَسَأَلُوهَا: «مَنْ صَنَعَ هَذَا بِكِ؟ فُلَانٌ؟ فُلَانٌ؟» حَتَّى ذَكَرُوا يَهُودِيًّا، فَأَوْمَتْ بِرَأْسِهَا، فَأُخِذَ الْيَهُودِيُّ فَأَقَرَّ، فَأَمَرَ بِهِ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَنْ يُرَضَّ رَأْسُهُ بِالْحِجَارَةِ.

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деп жеткізді: Бір қыздың басы екі тастың арасында жаншылған күйде табылды. Одан: «Мұны саған кім істеді? Пәленше ме? Пәленше ме?» – деп сұрай берді. Ақыры бір яһудидің атын атағанда, ол басын изеп белгі берді. Әлгі яһуди ұсталып, өз кінәсін мойындады. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) оның басын тастармен жаншуды бұйырды (1672/17).

بَابٌ: مَنْ عَضَّ يَدَ رَجُلٍ فَانْتَزَعَ ثَنِيَّتَهُ

8-бапБіреудің қолын тістеп, ол қолын тартып алғанда алдыңғы күрек тісі түсіп қалған адам туралы

1029
Мүслим, № 1029Риуаят етуші: Имран ибн Хусайн

عَنْ عِمْرَانَ بْنِ حُصَيْنٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَجُلًا عَضَّ يَدَ رَجُلٍ، فَانْتَزَعَ يَدَهُ، فَسَقَطَتْ ثَنِيَّتُهُ (أَوْ ثَنَايَاهُ)، فَاسْتَعْدَى رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا تَأْمُرُنِي؟ تَأْمُرُنِي أَنْ آمُرَهُ أَنْ يَدَعَ يَدَهُ فِي فِيكَ تَقْضَمُهَا كَمَا يَقْضَمُ الْفَحْلُ؟ اِدْفَعْ يَدَكَ حَتَّى يَعَضَّهَا، ثُمَّ اِنْتَزِعْهَا!»

Қазақша аудармасы

Имран ибн Хусайн (р.а.) былай деп жеткізді: Бір кісі екінші бір кісінің қолын тістеп алды. Тістелген кісі қолын жұлып алғанда, әлгінің алдыңғы күрек тісі немесе алдыңғы күрек тістері түсіп қалды. Сонда тістеген кісі Алла Елшісіне (с.а.с.) шағымданды. Алла Елшісі (с.а.с.) оған: «Маған не істеуді бұйырасың? Оған қолын сенің аузыңда қалдыруды, ал саған оны бура шайнағандай шайнай беруді бұйыруымды қалайсың ба? Ал өзің қолыңды оған беріп, тістет те, содан кейін тартып ал!» – деді (1673/21).

بَابٌ: الْقِصَاصُ مِنَ الْجِرَاحِ إِلَّا أَنْ يَرْضَوْا بِالدِّيَةِ

9-бапЖәбірленушілер құн алуға келіспеген жағдайда жарақат үшін қысас қолдану туралы

1030
Мүслим, № 1030Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ أُخْتَ الرُّبَيِّعِ، أُمَّ حَارِثَةَ، جَرَحَتْ إِنْسَانًا، فَاخْتَصَمُوا إِلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «الْقِصَاصَ، الْقِصَاصَ». فَقَالَتْ أُمُّ الرُّبَيِّعِ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَيُقْتَصُّ مِنْ فُلَانَةَ؟ وَاللَّهِ لَا يُقْتَصُّ مِنْهَا». فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «سُبْحَانَ اللَّهِ، يَا أُمَّ الرُّبَيِّعِ، الْقِصَاصُ كِتَابُ اللَّهِ». قَالَتْ: «لَا، وَاللَّهِ لَا يُقْتَصُّ مِنْهَا أَبَدًا». قَالَ: فَمَا زَالَتْ حَتَّى قَبِلُوا الدِّيَةَ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ مِنْ عِبَادِ اللَّهِ مَنْ لَوْ أَقْسَمَ عَلَى اللَّهِ لَأَبَرَّهُ».

Қазақша аудармасы

Әнәстің (р.а.) айтуынша, әр-Рубәййиғтың әпке-сіңлісі Үммі Хариса бір адамды жаралаған. Олар дауласып, Пайғамбарға (с.а.с.) жүгінді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Қысас! Қысас!» – деді. Үммі әр-Рубәййиғ: «Уа, Расулалла! Пәленше әйелден қысас алына ма? Алламен ант етемін, одан қысас алынбайды!» – деді. Пайғамбар (с.а.с.): «Субханаллаһ, уа, Үммі әр-Рубәййиғ! Қысас – Алланың Кітабында бекітілген үкім», – деді. Ол: «Жоқ! Алламен ант етемін, одан ешқашан қысас алынбайды!» – деді. Олар құн алуға келіскенге дейін ол осы сөзінен қайтпады. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Расында, Алланың құлдары арасында Алланың атымен ант етсе, Алла оның антын ақтайтын жандар бар», – деді (1675/24).

بَابٌ: مَنْ أَقَرَّ بِالْقَتْلِ فَأُسْلِمَ إِلَى الْوَلِيِّ فَعَفَا عَنْهُ

10-бапАдам өлтіргенін мойындаған кісіні марқұмның мұрагеріне тапсыру және мұрагердің оны кешіруі туралы

1031
Мүслим, № 1031

عَنْ عَلْقَمَةَ بْنِ وَائِلٍ، أَنَّ أَبَاهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ حَدَّثَهُ، قَالَ: «إِنِّي لَقَاعِدٌ مَعَ النَّبِيِّ ﷺ إِذْ جَاءَ رَجُلٌ يَقُودُ آخَرَ بِنِسْعَةٍ، فَقَالَ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، هَذَا قَتَلَ أَخِي”. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “أَقَتَلْتَهُ؟” (فَقَالَ: “إِنَّهُ لَوْ لَمْ يَعْتَرِفْ أَقَمْتُ عَلَيْهِ الْبَيِّنَةَ”) قَالَ: “نَعَمْ، قَتَلْتُهُ”. قَالَ: “كَيْفَ قَتَلْتَهُ؟” قَالَ: “كُنْتُ أَنَا وَهُوَ نَخْتَبِطُ مِنْ شَجَرَةٍ، فَسَبَّنِي، فَأَغْضَبَنِي، فَضَرَبْتُهُ بِالْفَأْسِ عَلَى قَرْنِهِ، فَقَتَلْتُهُ”. فَقَالَ لَهُ النَّبِيُّ ﷺ: “هَلْ لَكَ مِنْ شَيْءٍ تُؤَدِّيهِ عَنْ نَفْسِكَ؟” قَالَ: “مَا لِي مَالٌ إِلَّا كِسَائِي وَفَأْسِي”. قَالَ: “فَتَرَى قَوْمَكَ يَشْتَرُونَكَ؟” قَالَ: “أَنَا أَهْوَنُ عَلَى قَوْمِي مِنْ ذَاكَ”، فَرَمَى إِلَيْهِ بِنِسْعَتِهِ، وَقَالَ: “دُونَكَ صَاحِبَكَ”، فَانْطَلَقَ بِهِ الرَّجُلُ، فَلَمَّا وَلَّى قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “إِنْ قَتَلَهُ فَهُوَ مِثْلُهُ”، فَرَجَعَ، فَقَالَ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّهُ بَلَغَنِي أَنَّكَ قُلْتَ: ‘إِنْ قَتَلَهُ فَهُوَ مِثْلُهُ’، وَأَخَذْتُهُ بِأَمْرِكَ”. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “أَمَا تُرِيدُ أَنْ يَبُوءَ بِإِثْمِكَ وَإِثْمِ صَاحِبِكَ؟” قَالَ: “يَا نَبِيَّ اللَّهِ” (لَعَلَّهُ قَالَ: “بَلَى”)، قَالَ: “فَإِنَّ ذَاكَ كَذَاكَ”. قَالَ: فَرَمَى بِنِسْعَتِهِ وَخَلَّى سَبِيلَهُ».

Қазақша аудармасы

Алқама ибн Уәилдің жеткізуінше, әкесі Уәил ибн Хужр (р.а.) оған мына оқиғаны баяндаған: «Мен Пайғамбармен (с.а.с.) бірге отырған едім. Сол кезде бір адам екінші біреуді қайыс баумен жетектеп әкеліп: “Уа, Расулалла! Мынау менің бауырымды өлтірді”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) одан: “Оны сен өлтірдің бе?” – деп сұрады. Бауыры өлтірілген адам: “Егер ол мойындамаса, оған қарсы дәлелімді келтіремін”, – деді. Әлгі адам: “Иә, мен оны өлтірдім”, – деді. Ол (с.а.с.): “Оны қалай өлтірдің?” – деп сұрады. Әлгі адам: “Екеуміз бір ағаштың жапырағын қағып түсіріп жатқан едік. Ол мені балағаттап, ашуландырды. Сонда мен оны балтамен шекесінен ұрып өлтірдім”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.) одан: “Өз жаныңды құтқару үшін төлейтін бір нәрсең бар ма?” – деп сұрады. Ол: “Жамылғым мен балтамнан басқа мал-мүлкім жоқ”, – деді. Ол (с.а.с.): “Қауымың сенің құныңды төлеп, құтқарып қалады деп ойлайсың ба?” – деді. Әлгі адам: “Қауымымның алдында мен ондай төлемге лайық жан емеспін”, – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) қайыс бауды өлтірілген кісінің жақынына ұстатып: “Мә, адамыңды ал”, – деді. Әлгі адам оны жетектеп алып кетті. Ол бұрылып кеткенде, Алла Елшісі (с.а.с.): “Егер оны өлтірсе, өзі де соның сыңары болады”, – деді. Мұны естіген әлгі адам қайтып келіп: “Уа, Расулалла! Маған сіздің: ‘Егер оны өлтірсе, өзі де соның сыңары болады’, – деген сөзіңіз жетті. Ал мен оны сіздің бұйрығыңызбен алып едім”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Оның сенің де, өлтірілген бауырыңның да күнәсін арқалап қайтуын қаламайсың ба?” – деді. Ол: “Уа, Алланың Пайғамбары!” – деді. (Риуаятшының шамалауынша, “Әрине” деп те айтқан.) Пайғамбар (с.а.с.): “Онда дәл солай болады”, – деді. Сонда әлгі адам қайыс бауды тастап, оны босатып жіберді» (1680/32).

بَابٌ: دِيَةُ الْمَرْأَةِ يُضْرَبُ بَطْنُهَا فَتُلْقِي جَنِينَهَا وَتَمُوتُ، وَدِيَةُ الْجَنِينِ

11-бапІшіне тиген соққыдан түсік тастаған әрі өзі де қайтыс болған әйелдің құны мен шарананың құны туралы

1032
Мүслим, № 1032Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «اِقْتَتَلَتِ امْرَأَتَانِ مِنْ هُذَيْلٍ، فَرَمَتْ إِحْدَاهُمَا الْأُخْرَى بِحَجَرٍ، فَقَتَلَتْهَا وَمَا فِي بَطْنِهَا، فَاخْتَصَمُوا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَضَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَنَّ دِيَةَ جَنِينِهَا غُرَّةٌ عَبْدٌ أَوْ وَلِيدَةٌ، وَقَضَى بِدِيَةِ الْمَرْأَةِ عَلَى عَاقِلَتِهَا، وَوَرَّثَهَا وَلَدَهَا وَمَنْ مَعَهُمْ، فَقَالَ حَمَلُ بْنُ النَّابِغَةِ الْهُذَلِيُّ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، كَيْفَ أَغْرَمُ مَنْ لَا شَرِبَ وَلَا أَكَلَ، وَلَا نَطَقَ وَلَا اسْتَهَلَّ؟ فَمِثْلُ ذَلِكَ يُطَلُّ”. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “إِنَّمَا هَذَا مِنْ إِخْوَانِ الْكُهَّانِ”، مِنْ أَجْلِ سَجْعِهِ الَّذِي سَجَعَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Һузәйл тайпасынан екі әйел төбелесіп, біреуі екіншісіне тас лақтырды да, оны құрсағындағы баласымен бірге өлтірді. Содан кейін бұл дауды Алла Елшісінің (с.а.с.) алдына алып келді. Алла Елшісі (с.а.с.) құрсағындағы баланың құны ретінде бір құл не күң төлеуге үкім етті. Ал әйелдің құнын өлтіруші әйелдің әке жағынан туыстарына, яғни ақиласына жүктеп, сол құнды өлген әйелдің балалары мен солармен бірге мұрагер болғандарға мұра етіп берді. Сонда Хамәл ибн ән-Набиға әл-Һузәли: “Уа, Расулалла! Ішпеген де, жемеген де, сөйлемеген де, дүниеге келгенде шыр етіп дауысы шықпаған нәрсе үшін қалайша құн төлеймін? Мұндайдың құны өтелмейді ғой!” – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Шынында, бұл – балгерлердің бауырларының бірі”, – деді. Мұны оның ұйқастырып айтқан сөзіне байланысты айтты» (1681/36).

بَابٌ: الْجُبَارُ الَّذِي لَا دِيَةَ لَهُ

12-бапЖұбар – құны өтелмейтін зиян туралы

1033
Мүслим, № 1033Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَنَّهُ قَالَ: «الْبِئْرُ جَرْحُهَا جُبَارٌ، وَالْمَعْدِنُ جَرْحُهُ جُبَارٌ، وَالْعَجْمَاءُ جَرْحُهَا جُبَارٌ، وَفِي الرِّكَازِ الْخُمْسُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Құдықта болған жазатайым оқиға үшін құн төленбейді. Кеніште болған жазатайым оқиға үшін де құн төленбейді. Тілсіз хайуан келтірген зиян үшін де құн төленбейді. Ал көмбенің бестен бірі беріледі», – дегенін жеткізді (1710/46).