Хадис

Сахих Мүслим, № 901

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
17. Құл азат ету кітабыكِتَابُ الْعِتْقِ
бап
10. Құлын ұрған жағдайда оны азат ету туралыبَابٌ: إِذَا ضَرَبَ مَمْلُوكَهُ أَعْتَقَهُ
Нөмірі
№ 901 (Мухтасар реті)
901
Мүслим, № 901

عَنْ زَاذَانَ، أَنَّ ابْنَ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا دَعَا بِغُلَامٍ لَهُ، فَرَأَى بِظَهْرِهِ أَثَرًا، فَقَالَ: «أَوْجَعْتُكَ؟» فَقَالَ: «لَا». قَالَ: «فَأَنْتَ عَتِيقٌ». قَالَ: ثُمَّ أَخَذَ شَيْئًا مِنَ الْأَرْضِ، فَقَالَ: «مَا لِي فِيهِ مِنَ الْأَجْرِ مَا يَزِنُ هَذَا، إِنِّي سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “مَنْ ضَرَبَ غُلَامًا لَهُ حَدًّا لَمْ يَأْتِهِ أَوْ لَطَمَهُ، فَإِنَّ كَفَّارَتَهُ أَنْ يُعْتِقَهُ”».

Қазақша аудармасы

Зазан былай деп жеткізді: «Ибн Омар (р.а.) бір құлын шақыртып, арқасындағы соққының ізін көрді де: “Жаныңды ауырттым ба?” – деп сұрады. Ол: “Жоқ”, – деді. Ибн Омар: “Ендеше, сен азатсың”, – деді. Содан кейін жерден бір затты алып: “Бұл ісімде мынаған татитындай да сауап жоқ. Мен Алла Елшісінің (с.а.с.): ‘Кім жазаға лайық іс жасамаған құлын ұрса немесе оны шапалақпен ұрса, мұның кәффараты – оны азат ету’, – дегенін естідім”, – деді» (1657/30).