عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «دَخَلَتْ عَلَيَّ بَرِيرَةُ، فَقَالَتْ: “إِنَّ أَهْلِي كَاتَبُونِي عَلَى تِسْعِ أَوَاقٍ فِي تِسْعِ سِنِينَ، فِي كُلِّ سَنَةٍ أُوقِيَّةٌ؛ فَأَعِينِينِي”. فَقُلْتُ لَهَا: “إِنْ شَاءَ أَهْلُكِ أَنْ أَعُدَّهَا لَهُمْ عَدَّةً وَاحِدَةً وَأُعْتِقَكِ، وَيَكُونَ الْوَلَاءُ لِي فَعَلْتُ”، فَذَكَرَتْ ذَلِكَ لِأَهْلِهَا فَأَبَوْا إِلَّا أَنْ يَكُونَ الْوَلَاءُ لَهُمْ، فَأَتَتْنِي فَذَكَرَتْ ذَلِكَ. قَالَتْ: فَانْتَهَرْتُهَا، فَقَالَتْ: “لَا هَا اللَّهِ إِذًا”. قَالَتْ: فَسَمِعَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَسَأَلَنِي، فَأَخْبَرْتُهُ، فَقَالَ: “اِشْتَرِيهَا وَأَعْتِقِيهَا، وَاشْتَرِطِي لَهُمُ الْوَلَاءَ، فَإِنَّ الْوَلَاءَ لِمَنْ أَعْتَقَ”، فَفَعَلْتُ، قَالَتْ: ثُمَّ خَطَبَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَشِيَّةً، فَحَمِدَ اللَّهَ، وَأَثْنَى عَلَيْهِ بِمَا هُوَ أَهْلُهُ، ثُمَّ قَالَ: “أَمَّا بَعْدُ، فَمَا بَالُ أَقْوَامٍ يَشْتَرِطُونَ شُرُوطًا لَيْسَتْ فِي كِتَابِ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ؟ مَا كَانَ مِنْ شَرْطٍ لَيْسَ فِي كِتَابِ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ فَهُوَ بَاطِلٌ، وَإِنْ كَانَ مِائَةَ شَرْطٍ، كِتَابُ اللَّهِ أَحَقُّ، وَشَرْطُ اللَّهِ أَوْثَقُ. مَا بَالُ رِجَالٍ مِنْكُمْ يَقُولُ أَحَدُهُمْ: ‘أَعْتِقْ فُلَانًا وَالْوَلَاءُ لِي’؟ إِنَّمَا الْوَلَاءُ لِمَنْ أَعْتَقَ”».
Қазақша аудармасы
Айша (р.а.) былай деді: «Бәрира маған келіп: “Қожайындарым менімен азаттығым үшін тоғыз уқия төлеу жөнінде мүкәтәбә келісімін жасады. Оны тоғыз жылда – жыл сайын бір уқиядан – өтеуім керек. Маған көмектесші”, – деді. Мен оған: “Егер қожайындарың ақшаның бәрін бірден санап беруіме, сені азат етуіме әрі уәлә құқығының маған тиесілі болуына келіссе, солай етемін”, – дедім. Ол мұны қожайындарына айтқанда, олар уәлә құқығының өздерінде қалуын талап етті. Бәрира маған келіп, осыны жеткізді. Мен оған зекіп жібергенімде, ол: “Олай болса, жоқ! Алламен ант етемін!” – деді. Мұны Алла Елшісі (с.а.с.) естіп, менен мән-жайды сұрады. Мен болған жағдайды айтып бердім. Сонда ол (с.а.с.): “Оны сатып алып, азат ет. Уәлә құқығының оларда қалуын шарт ете бер. Өйткені уәлә құқығы азат еткен адамға ғана тиесілі”, – деді. Мен солай істедім. Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.) кешке жұртқа құтба айтты. Аллаға мадақ айтып, Оны лайықты түрде дәріптеген соң: “Ал енді, Ұлы әрі Құдіретті Алланың Кітабында жоқ шарттарды қоятын адамдарға не болған? Ұлы әрі Құдіретті Алланың Кітабында жоқ кез келген шарт, тіпті жүз шарт болса да, жарамсыз. Алланың Кітабы – бәрінен де хақ, Алланың шарты – бәрінен де берік. Сендердің араларыңдағы кейбір адамдарға не болған? Біреуі: ‘Пәленшені азат ет, бірақ уәлә құқығы менде қалсын’, – дейді. Негізінде, уәлә құқығы азат еткен адамға ғана тиесілі”, – деді» (1504/8).