Хадис

Сахих Мүслим, № 895

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
17. Құл азат ету кітабыكِتَابُ الْعِتْقِ
бап
5. Құлды азат етуде жеребе тастау туралыبَابٌ: الْقُرْعَةُ فِي الْعِتْقِ
Нөмірі
№ 895 (Мухтасар реті)
895
Мүслим, № 895Риуаят етуші: Имран ибн Хусайн

عَنْ عِمْرَانَ بْنِ حُصَيْنٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَجُلًا [زَادَ فِي رِوَايَتِهِ: مِنَ الْأَنْصَارِ] أَعْتَقَ سِتَّةَ مَمْلُوكِينَ لَهُ عِنْدَ مَوْتِهِ، لَمْ يَكُنْ لَهُ مَالٌ غَيْرَهُمْ، فَدَعَا بِهِمْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَجَزَّأَهُمْ أَثْلَاثًا، ثُمَّ أَقْرَعَ بَيْنَهُمْ، فَأَعْتَقَ اثْنَيْنِ، وَأَرَقَّ أَرْبَعَةً، وَقَالَ لَهُ قَوْلًا شَدِيدًا.

Қазақша аудармасы

Имран ибн Хусайн (р.а.) былай деп жеткізді: «Бір адам (басқа бір риуаятта: ансарлардан бір адам) өлер алдында өзіне тиесілі алты құлын азат етті. Оның сол құлдардан басқа ешбір мал-мүлкі жоқ еді. Алла Елшісі (с.а.с.) сол құлдарды шақыртып, оларды үш топқа бөлді. Содан кейін араларында жеребе тастап, екеуін азат етті де, төртеуін құлдықта қалдырды. Сондай-ақ әлгі адамға қатаң сөз айтты» (1668/56).