Хадис

Сахих Мүслим, № 95

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
1. Иман кітабыكِتَابُ الْإِيمَانِ
бап
63. Пайғамбардың (с.а.с.) «Әрбір пайғамбардың қабыл етілетін бір дұғасы бар» деген сөзіبَابٌ: قَوْلُ النَّبِيِّ ﷺ: «لِكُلِّ نَبِيٍّ دَعْوَةٌ مُسْتَجَابَةٌ»
Нөмірі
№ 95 (Мухтасар реті)
95
Мүслим, № 95Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لِكُلِّ نَبِيٍّ دَعْوَةٌ مُسْتَجَابَةٌ، فَتَعَجَّلَ كُلُّ نَبِيٍّ دَعْوَتَهُ، وَإِنِّي اِخْتَبَأْتُ دَعْوَتِي شَفَاعَةً لِأُمَّتِي يَوْمَ الْقِيَامَةِ، فَهِيَ نَائِلَةٌ إِنْ شَاءَ اللَّهُ مَنْ مَاتَ مِنْ أُمَّتِي لَا يُشْرِكُ بِاللَّهِ شَيْئًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Әрбір пайғамбардың қабыл болатын бір дұғасы бар. Әр пайғамбар сол дұғасын жасауға асықты. Ал мен өз дұғамды Қиямет күні үмбетіме шапағат ету үшін сақтап қойдым. Бұл шапағатым, Алла қаласа, үмбетімнен Аллаға ешнәрсені серік қоспаған күйде қайтыс болған әрбір адамға нәсіп болады». (199/338)