Хадис

Сахих Мүслим, № 94

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
1. Иман кітабыكِتَابُ الْإِيمَانِ
бап
62. Пайғамбардың (с.а.с.) Жәннат қақпасының ашылуын сұрауыبَابٌ: اِسْتِفْتَاحُ النَّبِيِّ ﷺ بَابَ الْجَنَّةِ
Нөмірі
№ 94 (Мухтасар реті)
94
Мүслим, № 94Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “آتِي بَابَ الْجَنَّةِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ، فَأَسْتَفْتِحُ، فَيَقُولُ الْخَازِنُ: ‘مَنْ أَنْتَ؟’ فَأَقُولُ: ‘مُحَمَّدٌ’. فَيَقُولُ: ‘بِكَ أُمِرْتُ لَا أَفْتَحُ لِأَحَدٍ قَبْلَكَ’”».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәликтің (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Қиямет күні Жәннаттың қақпасына келіп, оны ашуды сұраймын. Сонда қақпа күзетшісі: “Сіз кімсіз?” – деп сұрайды. Мен: “Мұхаммедпін”, – деймін. Ол: “Маған бұл қақпаны сізден бұрын ешкімге ашпау бұйырылған еді”, – дейді». (197/333)