Хадис

Кутуб ситтә, № 783

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
95. «Духан» сүресі
Нөмірі
№ 783 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 4
783
Кутуб ситтә, № 783 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَا مِنْ مُؤْمِنٍ إِلَّا وَلَهُ بَابَانِ: بَابٌ يَصْعَدُ مِنْهُ عَمَلُهُ، وَبَابٌ يَنْزِلُ مِنْهُ رِزْقُهُ. فَإِذَا مَاتَ بَكَيَا عَلَيْهِ، فَذَلِكَ قَوْلُهُ تَعَالَى: فَمَا بَكَتْ عَلَيْهِمُ السَّمَاءُ وَالْأَرْضُ الْآيَة». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деді: “Әрбір мүміннің (аспанда) екі қақпасы бар: біреуінен амалы көтеріледі, екіншісінен ризығы түседі. Бұл мүмін өлгенде, екі есік те оны жоқтап жылайды. «Көк те, жер де оларды жоқтап жыламады...»1 деген аят осыған меңзейді”».2

Түсіндірме

Мүмінге тиесілі аспан есігінің біреуі – жақсы амалдары фәни дүниеде тіркелгеннен кейін көктегі тіркелетін орнына кететіні. «Амал» сөзі «жақсы» сөзімен тіркесіп берілмегендіктен, мүміннің бүкіл амалдары жақсы екендігіне ишарат. Екінші есіктен ризығының жер бетіндегі орнына түсетіні айтылған.

Бұл есіктер мүмін өлгенде жылайды, өйткені адамның солар арқылы қол жеткізген жақсылығы үзіледі. Бұл – Әһл-сүннет сенімі бойынша. Өйткені имам Бағауидің айтуынша, барлық нәрсе Алла Тағаланы біледі, Оны ұлықтайды, Одан қорқады. Осыны білдіретін аяттар бар, мысалы: ﴿تُسَبِّحُ لَهُ ٱلسَّمَٰوَٰتُ ٱلسَّبْعُ وَٱلْأَرْضُ وَمَن فِيهِنَّ وَإِن مِّن شَىْءٍ إِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمْدِهِۦ وَلَٰكِن لَّا تَفْقَهُونَ تَسْبِيحَهُمْ إِنَّهُۥ كَانَ حَلِيمًا غَفُورًا﴾ «Жеті қабат аспан мен жер және ондағы күллі жаратылыс Алланы кемшілік атаулыдан ада, мінсіз деп ұлықтайды. Оны ұлықтап, мадақтамайтын бірде-бір жаратылыс жоқ. Алайда сендер олардың айтқан мадағы мен ұлықтауын түсінбейсіңдер. Ол – Халим, Ғафур»3.

Расулалланың (с.а.с.) дәлел ретінде айтқан аяты сырттай қарағанда кәпірлерге қатысты, яғни кәпірлердің өліміне «жер мен көк жыламайды» делінген. Алайда қарама-қарсы мағынасын алсақ, «жер мен көк мүмін үшін жылайды» деген мағына шығады.

  1. 1«Духан» сүресі, 29-аят
  2. 2Тирмизи, «Тәпсір», «Духан» (№3255, Ибраһим Жанан нөмірлеуінде №3252).
  3. 3«Исра» сүресі, 44-аят