Хадис

«Духан» сүресі

Кутуб ситтә, 3-том, 95-тарау · 5 хадис · № 780–784

Хадистер

780
Кутуб ситтә, № 780 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَنْ قَرَأَ سُورَةَ الدُّخَانِ فِي لَيْلَةٍ أَصْبَحَ يَسْتَغْفِرُ لَهُ سَبْعُونَ أَلْفَ مَلَكٍ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ. وَقَالَ: أَحَدُ رُوَاتِهِ ضَعِيفٌ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деді: “Кімде-кім түнде «Духан» сүресін оқыса, таң атқанда жетпіс мың періште ол үшін Алладан кешірім тілейді”»1. Хадисті Тирмизи жеткізген және жеткізушілерінің бірі әлсіз екенін ескерткен.

  1. 1Тирмизи, «Сауаб әл-Құран», 8 (№2888, Ибраһим Жанан нөмірлеуінде №2890).
781
Кутуб ситтә, № 781 · тараудағы реті: 2

وَفِي رِوَايَةٍ لَهُ: «مَنْ قَرَأَ حمٓ الدَّخَانَ فِي لَيْلَةِ الْجُمُعَةِ غُفِرَ لَهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) басқа риуаятында былай делінген: «Кімде-кім “Духан” сүресін жұма түнінде оқыса, Алланың кешіріміне ие болады».1

  1. 1Тирмизи, «Сауаб әл-Құран», 8 (№2889, Ибраһим Жанан нөмірлеуінде №2891).
782
Кутуб ситтә, № 782 · тараудағы реті: 3

وَعَنْ مَسْرُوقٍ قَالَ: «كُنَّا جُلُوسًا عِنْدَ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ وَهُوَ مُضْطَجِعٌ بَيْنَنَا، فَأَتَاهُ رَجُلٌ فَقَالَ: يَا أَبَا عَبْدِ الرَّحْمَنِ، إِنَّ قَاصًّا عِنْدَ أَبْوَابِ كِنْدَةَ يَقُصُّ وَيَزْعُمُ أَنَّ آيَةَ الدُّخَانِ تَجِيءُ فَتَأْخُذُ بِأَنْفَاسِ الْكُفَّارِ وَيَأْخُذُ الْمُؤْمِنِينَ مِنْهَا كَهَيْئَةِ الزُّكَامِ. فَقَالَ وَجَلَسَ وَهُوَ غَضْبَانُ: يَا أَيُّهَا النَّاسُ اتَّقُوا اللَّهَ، مَنْ عَلِمَ مِنْكُمْ شَيْئًا فَلْيَقُلْ بِمَا يَعْلَمُ. وَمَنْ لَمْ يَعْلَمْ فَلْيَقُلْ: اللَّهُ أَعْلَمُ. فَإِنَّهُ أَعْلَمُ لِأَحَدِكُمْ أَنْ يَقُولَ لِمَا لَا يَعْلَمُ: اللَّهُ أَعْلَمُ، فَإِنَّ اللَّهَ تَعَالَى قَالَ لِنَبِيِّهِ عَلَيْهِ الصَّلَاةُ وَالسَّلَامُ: قُلْ مَا أَسْأَلُكُمْ عَلَيْهِ مِنْ أَجْرٍ وَمَا أَنَا مِنَ الْمُتَكَلِّفِينَ. إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ لَمَّا رَأَى مِنَ النَّاسِ إِدْبَارًا قَالَ: اللَّهُمَّ سَبْعًا كَسَبْعِ يُوسُفَ، فَأَخَذَتْهُمْ سَنَةٌ حَصَّتْ كُلَّ شَيْءٍ حَتَّى أَكَلُوا الْجُلُودَ وَالْمَيْتَةَ مِنَ الْجُوعِ وَيَنْظُرُ أَحَدُهُمْ إِلَى السَّمَاءِ فَيَرَى كَهَيْئَةِ الدُّخَانِ؛ فَأَتَاهُ أَبُو سُفْيَانَ فَقَالَ: يَا مُحَمَّدُ إِنَّكَ جِئْتَ تَأْمُرُ النَّاسَ بِطَاعَةِ اللَّهِ وَبِصِلَةِ الرَّحْمِ، وَإِنَّ قَوْمَكَ قَدْ هَلَكُوا فَادْعُ اللَّهَ تَعَالَى لَهُمْ. قَالَ: فَهَذَا قَوْلُ اللَّهِ تَعَالَى؛ فَارْتَقِبْ يَوْمَ تَأْتِي السَّمَاءُ بِدُخَانٍ مُبِينٍ. إِلَى قَوْلِهِ: إِنَّكُمْ عَائِدُونَ. قَالَ عَبْدُ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: أَفَيُكْشَفُ عَذَابُ الْآخِرَةِ؟ يَوْمَ نَبْطِشُ الْبَطْشَةَ الْكُبْرَى إِنَّا مُنْتَقِمُونَ. فَالْبَطْشَةُ يَوْمُ بَدْرٍ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Мәсруқ былай дейді: «Ибн Мәсғудтың (р.а.) жанында отырған едік, ал ол арамызда жатқан болатын. Оған бір адам келіп: “Уа, Әбу Абдуррахман! Бір әңгімеші (Кинда есіктері жанында) түтін келіп кәпірлердің тынысын тарылтатынын, ал мүміндерге тұмау тигендей әсер ететінін айтады”, – деді. Сонда Ибн Мәсғуд (р.а.) ашуланып, орнынан көтеріліп отырды да: “Уа, адамдар, Алладан қорқыңдар. Кімде-кім бір нәрсені білсе, білгенін айтсын. Ал білмесе, ‘Алла жақсы біледі’ десін. Өйткені білмеген нәрсеге ‘Алла жақсы біледі’ деу де – ілімнің бір белгісі. Алла Тағала Пайғамбарына (с.а.с.): ‘(Уа, Мұхаммед!) Оларға: Мен (осынау Құранды жеткізгенім үшін) сендерден ешқандай да ақы сұрамаймын. Сондай-ақ мен мұндайды өз ойынан шығаратын жалған пайғамбар да емеспін! (деп айт)’, – деді.1

Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) адамдардың кері кеткенін көрген кезде: ‘Уа, Алла! Жүсіптің жеті жылындай жеті жылдық жұт бере гөр’, – деп дұға етті. Сол дұғадан кейін меккелік мүшріктерге сондай жұт келді, бүкіл нәрсені жалмап кетті, аштықтан тері мен өлексе жейтін жағдайға жетті. Олардың біреуі көкке қарағанда, түтін секілді бір нәрселер көргендей болды. Осы жағдайдан кейін (Меккеліктердің көсемі Әбу Суфиян) Алла елшісіне (с.а.с.) барып: ‘Уа, Мұхаммед, сен Аллаға құлшылықты, жақындарыңа жәрдем беруді әмір етіп келдің. Қауымың құрдымға кетті. Олар үшін Аллаға дұға ет!’ – деді. Осыған байланысты Алла Тағала мына аяттарды түсірді: ﴿فَٱرْتَقِبْ يَوْمَ تَأْتِى ٱلسَّمَآءُ بِدُخَانٍ مُّبِينٍ ۝ يَغْشَى ٱلنَّاسَ هَٰذَا عَذَابٌ أَلِيمٌ ۝ رَّبَّنَا ٱكْشِفْ عَنَّا ٱلْعَذَابَ إِنَّا مُؤْمِنُونَ ۝ أَنَّىٰ لَهُمُ ٱلذِّكْرَىٰ وَقَدْ جَآءَهُمْ رَسُولٌ مُّبِينٌ ۝ ثُمَّ تَوَلَّوْا۟ عَنْهُ وَقَالُوا۟ مُعَلَّمٌ مَّجْنُونٌ ۝ إِنَّا كَاشِفُوا۟ ٱلْعَذَابِ قَلِيلًا إِنَّكُمْ عَآئِدُونَ﴾ «Көктен анық қою түтін шығатын күнді күт! Адамдарды жаппай жауып қалатын түтін. Сонда олар: “Бұл неткен жан төзгісіз азап еді?!” “Уа, Раббымыз! Еңсемізді езген мына азаптың бетін қайтара көр! Біз енді шынымен мүмін болдық”, – деп жалбарынады. Ғибрат алып, иманға келу олардың не теңі десеңші?! Анығында, оларға ақиқатты ашып түсіндіретін, ап-айқын елші-пайғамбар келген еді. Содан кейін олар одан теріс айналып: “Бұл дәу де болса, үйретілген жынды”, – десті. Ендеше, осынау азаптың бетін бір сәтке қайтарайық. Алайда сендер сөзсіз, көп ұзамай-ақ қайтадан сол бәз-баяғы қалыптарыңа түсесіңдер»2. (Духан, 10–15)”, – деді.

Абдулла ибн Мәсғуд (р.а.) әрі қарай: “Ақырет азабы алына ма? ‘Күні келгенде оларды пәрменді күшпен бас салып, сазайын береміз’ (Духан, 16). Мұндағы «батша» – Бәдір күні”, – деді».3

Түсіндірме

Бұл хадиске қатысты бірнеше мәселе №739 хадисте түсіндірілді.

Риуаяттан мынаны аңғаруға болады: ибн Мәсғудқа (р.а.) бір әңгімешінің «Духан» сүресінде айтылған духанға қатысты аятты қиямет күнінің белгісі деп айтқаны хабар беріледі. Ұлық сахаба мұндай түсіндірменің шындыққа жанаспайтынын, аятта айтылған түтін мен «батша» (азаптың қыспаққа алуы) секілді құбылыстардың қиямет күнінің белгісі ретінде болашақта болатын нәрселер емес екенін, Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бар кезде болған оқиғалар екенін түсіндіреді. Оның айтуынша, Духан Меккеліктердің басына келген жұтқа қатысты және олар осы алапат жұтқа Алла елшісінің (с.а.с.) лағынет айтуынан кейін душар болған.

Осы сүреде жазылған «Батша» – мүшріктердің Бәдір соғысындағы жеңілісі. №739 хадисте түсіндірілгендей, ибн Мәсғуд басқа кейбір нәрселерді де болып кеткен оқиғалар дейді, қияметтің белгісіне жатқызбайды. Алайда бұл мәселеде сахабалар қайшылыққа түскен. Себебі ибн Аббас, ибн Омар және Зәйд ибн Али мен Хасан Басриден жеткен риуаяттар қиямет күнінен бұрын бір түтін шығатынын айтады. Мүслимдегі бір риуаятта былай делінген:

لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى تَرَوْا عَشْرَ آيَاتٍ طُلُوعَ الشَّمْسِ مِنْ مَغْرِبِهَا وَالدُّخَّانَ وَالدَّابَّةَ

«Сіздер он белгіні көрмейінше, қиямет болмайды: Күннің батыстан шығуы, түтін (духан), даббатул-ард...»4

Табаридің бір риуаятында Хузайфа (р.а.): «Уа, Алла елшісі, түтін деген не?» – деп сұрайды. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Духан» аятын оқып: «Мүмін одан тұмауратқандай аздап әсерленеді, алайда кәпірдің мұрынынан, құлағынан және құйрығынан шығады», – дейді.

Ибн Хажар «Духан – қиямет белгісі» деген әртүрлі риуаяттардың (әлсіз болса да) бар екеніне қарап, оның бір сахих негізі бар деп, ибн Мәсғудқа қарсы пікір білдіреді.

Түтіннің көріну мәселесін хадисті түсіндірушілер аштық пен сусыздық себебінен елестейтін қиял екенін, оның бір ұшы көктен көрінетіндей елестеуі ықтималдығына қарай риуаяттарда жазылған «жерден шықты», «өзі мен аспан арасында еді» секілді түрлі пікірлерді жазады.

Ибн Мәсғудтың (р.а.): «Қайсыбіреуіңнің білмеген нәрсесі үшін «Алла біледі» деуі – ең үлкен ілім» деген сөзі Бұхаридің бір риуаятында «Біреудің білмеген нәрсесі үшін «білмеймін» деуі – ілім» деп берілген. Ол сөз уақыт өте келе لَا اَدْرِى نِصْفُ الْعِلْمِ «Білмеймін деу – ілімнің жартысы» болды.

  1. 1«Сад» сүресі, 86-аят
  2. 2«Духан» сүресі, 10-15-аяттар
  3. 3Бұхари, «Тәпсір», «Духан», 1, «Истисқа», 2, 13, «Тәпсір», «Юсуф», 4, «Рум», «Сад». Мүслим, «Сифат әл-мұнафиқин», 39 (№2798). Тирмизи, «Тәпсір», «Духан» (№3254, Ибраһим Жанан нөмірлеуінде №3251).
  4. 4Мүслим, «Фитән» (№2901).
783
Кутуб ситтә, № 783 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَا مِنْ مُؤْمِنٍ إِلَّا وَلَهُ بَابَانِ: بَابٌ يَصْعَدُ مِنْهُ عَمَلُهُ، وَبَابٌ يَنْزِلُ مِنْهُ رِزْقُهُ. فَإِذَا مَاتَ بَكَيَا عَلَيْهِ، فَذَلِكَ قَوْلُهُ تَعَالَى: فَمَا بَكَتْ عَلَيْهِمُ السَّمَاءُ وَالْأَرْضُ الْآيَة». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деді: “Әрбір мүміннің (аспанда) екі қақпасы бар: біреуінен амалы көтеріледі, екіншісінен ризығы түседі. Бұл мүмін өлгенде, екі есік те оны жоқтап жылайды. «Көк те, жер де оларды жоқтап жыламады...»1 деген аят осыған меңзейді”».2

Түсіндірме

Мүмінге тиесілі аспан есігінің біреуі – жақсы амалдары фәни дүниеде тіркелгеннен кейін көктегі тіркелетін орнына кететіні. «Амал» сөзі «жақсы» сөзімен тіркесіп берілмегендіктен, мүміннің бүкіл амалдары жақсы екендігіне ишарат. Екінші есіктен ризығының жер бетіндегі орнына түсетіні айтылған.

Бұл есіктер мүмін өлгенде жылайды, өйткені адамның солар арқылы қол жеткізген жақсылығы үзіледі. Бұл – Әһл-сүннет сенімі бойынша. Өйткені имам Бағауидің айтуынша, барлық нәрсе Алла Тағаланы біледі, Оны ұлықтайды, Одан қорқады. Осыны білдіретін аяттар бар, мысалы: ﴿تُسَبِّحُ لَهُ ٱلسَّمَٰوَٰتُ ٱلسَّبْعُ وَٱلْأَرْضُ وَمَن فِيهِنَّ وَإِن مِّن شَىْءٍ إِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمْدِهِۦ وَلَٰكِن لَّا تَفْقَهُونَ تَسْبِيحَهُمْ إِنَّهُۥ كَانَ حَلِيمًا غَفُورًا﴾ «Жеті қабат аспан мен жер және ондағы күллі жаратылыс Алланы кемшілік атаулыдан ада, мінсіз деп ұлықтайды. Оны ұлықтап, мадақтамайтын бірде-бір жаратылыс жоқ. Алайда сендер олардың айтқан мадағы мен ұлықтауын түсінбейсіңдер. Ол – Халим, Ғафур»3.

Расулалланың (с.а.с.) дәлел ретінде айтқан аяты сырттай қарағанда кәпірлерге қатысты, яғни кәпірлердің өліміне «жер мен көк жыламайды» делінген. Алайда қарама-қарсы мағынасын алсақ, «жер мен көк мүмін үшін жылайды» деген мағына шығады.

  1. 1«Духан» сүресі, 29-аят
  2. 2Тирмизи, «Тәпсір», «Духан» (№3255, Ибраһим Жанан нөмірлеуінде №3252).
  3. 3«Исра» сүресі, 44-аят
784
Кутуб ситтә, № 784 · тараудағы реті: 5Риуаят етуші: Әбу Сағид

وَعَنْ أَبِي سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: «كَالْمُهْلِ. قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: كَعَكَرِ الزَّيْتِ إِذَا قَرَّبَهُ إِلَى وَجْهِهِ سَقَطَتْ فَرْوَةُ وَجْهِهِ فِيهِ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.) ﴿إِنَّ شَجَرَتَ ٱلزَّقُّومِ ۝ طَعَامُ ٱلْأَثِيمِ ۝ كَٱلْمُهْلِ يَغْلِى فِى ٱلْبُطُونِ ۝ كَغَلْىِ ٱلْحَمِيمِ﴾ «Расында, заққұм ағашы – нағыз күнәһарлардың азығы. Ол күнәһарлардың қарнында бейне бір балқыған мыстай қайнайды. Қайнаған судай бұрқ-сарқ қайнайды»1 аятындағы «муһл» (балқыған мыс) сөзі жайлы былай деген: «Алла елшісі (с.а.с.): “Ол майдың қою тұнбасына ұқсайды. Оны адам жүзіне жақындатқанда, бетінің терісі соған сыпырылып түседі”, – деді».2

  1. 1«Духан» сүресі, 43-46-аяттар
  2. 2Тирмизи, «Сифат Жаһаннам», 4 (№2584; мазмұндас риуаят №2587). «Кәһф» сүресінің 29-аятындағы كَالْمُهْلِ сөзіне айтылған түсіндірме «Духан» сүресінің 45-аятындағы осы сөзге де қатысты келтірілген.