Хадис

Кутуб ситтә, № 5738

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
922. Қажылыққа қатысты нәзір
Нөмірі
№ 5738 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 4
5738
Кутуб ситтә, № 5738 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: رَأَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ شَيْخًا يُهَادِي بَيْنَ ابْنَيْهِ. فَقَالَ: مَا بَالُ هَذَا؟ قَالُوا: نَذَرَ أَنْ يَمْشِيَ. فَقَالَ: إِنَّ اللَّهَ عَنْ تَعْذِيبِ هَذَا نَفْسَهُ لَغَنِيٌّ، وَأَمَرَهُ أَنْ يَرْكَبَ. أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Алла елшісі (с.а.с.) екі ұлы қолтықтап алып келе жатқан бір қартты көріп: “Оған не болған?” – деп сұрады. “Жаяу жүруді нәзір еткен”, – десті. Ол: “Алла бұл кісінің өзін қинауына мұқтаж емес”, – деді де, оған көлікке мінуді бұйырды».1

Түсіндірме

1. Осы риуаяттардан және өзге аят-хадистерден адамның өзін орынсыз қинауы ғибадат саналмайтыны, мұндай істі нәзір етуге болмайтыны аңғарылады.

2. Бірінші риуаятта Уқбаның қарындасы Харам мешітіне жаяу баруды нәзір еткен. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған қажет кезінде көлікке мінуге рұқсат берген. Шамасы жетсе, нәзіріне сай жаяу жүргені абзал екені де білдірілген. Әнәстан жеткен төртінші риуаяттағы кісі қарт еді, сондықтан Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған көлікке мінуді бұйырған. Шөл далада жаяу жүру денсаулығына, тіпті өміріне қауіп төндіруі мүмкін еді. Өз өміріне қастық жасау – ауыр күнә.

3. Үш күндік ораза – нәзірді айтқанындай орындамағаны үшін берілетін кәффарат. Нәзірдің үкімі осы тұрғыдан антқа ұқсайды. Әли әл-Қаридың айтуынша, үш күн ораза – ант кәффаратының өзге жолдарына шамасы жетпеген адам өтейтін соңғы шара. Антты бұзған адам төмендегі амалдардың бірін орындайды.

1) Бір құлды азат етеді.

2) Он міскінді тамақтандырады.

3) Он міскінге киім береді.

4) Осы амалдардың бірін де орындай алмаған адам үш күн қатарынан ораза ұстайды. Ант кәффараты аятпен бекітілген.2

4. Үшінші хадисте Уқба ибн Әмірдің қарындасына көлікке мініп, бір түйе шалуға бұйырылған. Ғалымдар бұл жөнінде әртүрлі пікір айтқан. Әл-Қади қажылыққа жаяу бару Аллаға жақындататын амал болғандықтан, оған шамасы жеткен адам нәзірін орындауға тиіс дейді. Орындамаса, қой шалып, пидия өтейді. Түйе шалу – уәжіп емес, мәндүп амал, яғни шамасы жеткен адамның солай істегені абзал. Ал әзірет Әлиден (р.а.) және бір топ ғалымнан түйе шалу уәжіп деген пікір жеткен.

  1. 1Бұхари, Әйман 31, Сайд 27; Мүслим, Нузур 9 (1642); Әбу Дәуіт, Әйман 23 (3301); Тирмизи, Нузур 9 (1537); Нәсәи, Әйман 42, (7, 30).
  2. 2«Мәида» 89.