Хадис

Кутуб ситтә, № 5737

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
922. Қажылыққа қатысты нәзір
Нөмірі
№ 5737 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 3
5737
Кутуб ситтә, № 5737 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Ибн Аббас

وَعَنْ اِبْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: أَنَّ أُخْتَ عُقْبَةَ نَذَرَتِ الْحَجَّ مَاشِيَةً، وَذَكَرَ عُقْبَةُ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَنَّهَا لَا تُطِيقُ ذَلِكَ. فَقَالَ ﷺ: إِنَّ اللَّهَ لَغَنِيٌّ عِنْ مَشْيِ أُخْتِكَ، فَلْتَرْكَبْ، وَلَتُهْدِ بَدَنَةً. وَفِي رِوَايَةٍ: «إِنَّ اللَّهَ لَا يَصْنَعُ بِمَشْيِ أُخْتِكَ إِلَى الْبَيْتِ شَيْئًا». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Уқбаның қарындасы қажылыққа жаяу баруды нәзір етті. Уқба қарындасының шамасы жетпейтінін Алла елшісіне (с.а.с.) айтты. Ол: “Алла қарындасыңның жаяу жүруіне мұқтаж емес. Көлікке мінсін және бір түйе құрбандыққа шалсын”, – деді». Басқа риуаятта: «Алла қарындасыңның Бәйтуллаһқа жаяу баруына мұқтаж емес», – делінген.1

  1. 1Әбу Дәуіт, Әйман 23, (3295, 3296, 3297).