Хадис

Кутуб ситтә, № 5603

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
892. Расулалланың қауіп-қатерден қорғалуы
Нөмірі
№ 5603 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
5603
Кутуб ситтә, № 5603 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ أَبُو جَهْلٍ: هَلْ يُعَفِّرُ مُحَمَّدٌ وَجْهَهُ بَيْنَ أَظْهُرِكُمْ؟ قَالُوا: نَعَمْ. قَالَ: وَاللَّاتِ وَالْعُزَّى لَئِنْ رَأَيْتُهُ يَفْعَلُ ذَلِكَ لَأَطَأَنَّ عَلَى رَقَبَتِهِ أَوْ لَأُعَفِّرَنَّ وَجْهَهُ فِي التُّرَابِ. ثُمَّ إِنَّهُ أَتَى النَّبِيَّ ﷺ وَهُوَ يُصَلِّي لِيَطَأَ عَلَى رَقَبَتِهِ، قَالَ: فَمَا فَجَأَهُمْ مِنْهُ إِلَّا وَهُوَ يَنْكُصُ عَلَى عَقِبَيْهِ وَيَتَّقِي بِيَدَيْهِ. فَقِيلَ لَهُ: مَا لَكَ؟ قَالَ: إِنَّ بَيْنِي وَبَيْنَهُ لَخَنْدَقًا مِنْ نَارٍ وَهَوْلًا وَأَجْنِحَةً. فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: لَوْ دَنَا مِنِّي لَاخْتَطَفَتْهُ الْمَلَائِكَةُ عُضْوًا عُضْوًا. فَأَنْزَلَ اللَّهُ تَعَالَى: كَلَّا إِنَّ الْإِنْسَانَ لَيَطْغَى أَنْ رَآهُ اسْتَغْنَى. إِلَى قَوْلِهِ: كَلَّا لَا تُطِعْهُ وَاسْجُدْ وَاقْتَرِبْ. أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Бір күні Әбу Жәһил: “Мұхаммед әлі де көз алдарыңда жүзін топыраққа тигізіп жүр ме?” – деп сұрады. “Иә”, – деген жауапты естігенде: “Лат пен Уззаға серт! Солай істеп жатқанын көрсем, желкесін табаныммен басамын немесе бетін топыраққа аунатамын”, – деді. Сөйтіп, Алла елшісі (с.а.с.) намаз оқып жатқанда, желкесін баспақ болып жақындады. Кенет жұрт оның қолымен қалқалана, шегініп бара жатқанын көрді. “Саған не болды?” – деп сұрады. “Екеуміздің арамызда оттан ор, сұсты бір көрініс пен қанаттар пайда болды!” – деді ол. Алла елшісі (с.а.с.): “Маған жақындай түскенде, періштелер оны мүшелеп іліп әкетер еді”, – деді.1 Осыдан кейін Алла Тағала мына аяттарды түсірді: كَلَّا إِنَّ الْإِنسَانَ لَيَطْغَىٰ ۝ أَن رَّآهُ اسْتَغْنَىٰ ۝ إِنَّ إِلَىٰ رَبِّكَ الرُّجْعَىٰ ۝ أَرَأَيْتَ الَّذِي يَنْهَىٰ ۝ عَبْدًا إِذَا صَلَّىٰ ۝ أَرَأَيْتَ إِن كَانَ عَلَى الْهُدَىٰ ۝ أَوْ أَمَرَ بِالتَّقْوَىٰ ۝ أَرَأَيْتَ إِن كَذَّبَ وَتَوَلَّىٰ ۝ أَلَمْ يَعْلَم بِأَنَّ اللَّهَ يَرَىٰ ۝ كَلَّا لَئِن لَّمْ يَنتَهِ لَنَسْفَعًا بِالنَّاصِيَةِ ۝ نَاصِيَةٍ كَاذِبَةٍ خَاطِئَةٍ ۝ فَلْيَدْعُ نَادِيَهُ ۝ سَنَدْعُ الزَّبَانِيَةَ ۝ كَلَّا لَا تُطِعْهُ وَاسْجُدْ وَاقْتَرِبْ “Жо-жоқ, адам баласы азғындап шектен шығады. Өзін еш нәрсеге мұқтаж еместей көргенде. Шүбәсіз, қайтар жол Раббыңа қарай болмақ! Мына тыйым салып, бөгет болып жатқанды көрдің бе? Намазға тұрған құлға (бөгет болғанды көрдің бе?) Қарашы, солай істегені дұрыс па? Егер ол құл (Мұхаммед) тура жолда болса ше? немесе ел-жұртты тақуалыққа шақырып жүрсе ше? Өзің қарашы, егер ол (Әбу Жәһил) ақиқатты жалғанға шығарып, одан теріс айналып жүрсе ше?! Ол Алланың бәрін көріп тұрғанын білмей ме?! Жо-жоқ, бұлай болмайды. Егер ол бұл қылығын доғармаса, оны кекілінен ұстаған күйде тозаққа сүйрейміз. Өтірікші, күнәһар кекілінен... Сонда ол өзінің тобын қалағанынша жәрдемге шақырсын! Біз де Зәбәнилерді шақырамыз! Жо-жоқ! Оған мойынсұнба! Раббыңа сәжде ет һәм Оған жақындай түс!”2»

  1. 1Мүслим, «Қиямет, жәннат және тозақ сипаттары» (2797).
  2. 2«Алақ» сүресі, 6–19-аяттар.