Хадис

Кутуб ситтә, № 5590

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
889. Жансыз заттардың Расулаллаға тіл қатуы және бағынуы
Нөмірі
№ 5590 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 5
5590
Кутуб ситтә, № 5590 · тараудағы реті: 5Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: خَطَبَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِلَى لِزْقِ جِذْعٍ، فَلَمَّا صَنَعُوا لَهُ الْمِنْبَرَ فَخَطَبَ عَلَيْهِ حَنَّ الْجِذْعُ حَنِينَ النَّاقَةِ. فَنَزَلَ ﷺ فَمَسَّهُ فَسَكَنَ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әзірет Әнәс (р.а.) былай баяндаған: «Расулалла (с.а.с.) құрма діңіне сүйеніп құтба айтатын. Оған мінбер жасап бергеннен кейін, мінберге шығып құтба айтты. Сонда құрма діңі түйедей боздады. Расулалла мінберден түсіп, діңді сипағанда, ол тыншыды».1

Түсіндірме

Мұсылмандар көбейіп, намазға жиналған жұрттың соңғы қатарындағылар Алла елшісінің дауысын естімей қалатын болды. Дауысы алысқа жетсін деп, оған мінбер жасап берді. Расулалла мінберге көтеріліп, құтба айта бастағанда, бұрын сүйеніп тұрып құтба айтатын құрма діңі жылап жіберді.

Бұхаридің әзірет Жәбирден жеткізген нұсқасында діңнің жас баладай өксіп жылағаны айтылады. Оқиға сахабалар мешітке жиналғанда болғандықтан, оны көп адам риуаят еткен.

  1. 1Тирмизи, Манақиб, 9 (3627).