وَعَنْ أُمِّ عَطِيَّةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «نُهِينَا عَنِ اتِّبَاعِ الْجَنَائِزِ وَلَمْ يُعْزَمْ عَلَيْنَا». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَأَبُو دَاوُدَ.
Қазақша аудармасы
Үммі Атия (р.а.) былай дейді: «Бізге, әйелдерге, жаназаға еруге тыйым салынды, бірақ қатаң талап етілмеді».1
Түсіндірме
Хадис әйелдердің жаназаға еруі құпталмағанын білдіреді. Кей риуаяттарда әйелдердің жаназаға еруіне қатаң тыйым салынғанымен, бұл хадисте ондай қатаңдық жоқ. Ғалымдардың басым көпшілігі бұл тыйымды тахрими емес, танзиһи деп түсіндірген. Ибн Әбу Шәйба жеткізген риуаятта Омар (р.а.) жаназаға ерген әйелге тыйым салмақ болғанда, Алла елшісі (с.а.с.): «Омар, қоя бер оны», – деп, әйелдің қатысуына рұқсат еткен.
- 1Бұхари, «Жанаиз», 30 (1278). Мүслим, «Жанаиз» (938). Әбу Дәуіт, «Жанаиз», 44 (3167).