Хадис

Кутуб ситтә, № 5444

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
875. Мәйітті жуындыру және кебіндеу
Нөмірі
№ 5444 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 4
5444
Кутуб ситтә, № 5444 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Әли

وَعَنْ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: لَا تُغَالُوا فِي الْكَفَنِ، فَإِنَّهُ يُسْلَبُهُ سَلْبًا سَرِيعًا». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әли (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Кебінге шектен тыс қаржы жұмсамаңдар. Марқұм одан көп ұзамай айырылады”, – деді».1

Түсіндірме

Хадис кебінге аса қымбат мата алмай, ысыраптан сақтануды үйретеді. Шіріп кетеді екен деп тым сапасыз мата алу да құпталмайды. Ханафи ғалымдары кебіндік матаны адамның тұрмысына сай таңдауды ұсынады. Ер адамның кебіні жұма мен мейрамда киетін киімінің, ал әйелдікі әкесіне барғанда киетін киімінің сапасына сай болғаны жөн. Ақ мақта мата абзал. Әдетте кебінді бөзден тігеді.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Жанаиз», 35 (3154).