Хадис

Кутуб ситтә, № 5366

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
865. УАҒЫЗДАР
Нөмірі
№ 5366 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 4
5366
Кутуб ситтә, № 5366 · тараудағы реті: 4

وَعَنْ أَبِي كَبْشَةَ الْأَنْمَارِيِّ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: ثَلَاثَةٌ أُقْسِمُ عَلَيْهِنَّ، وَأُحَدِّثُكُمْ حَدِيثًا فَاحْفَظُوهُ: مَا نَقَصَ مَالُ عَبْدٍ مِنْ صَدَقَةٍ، وَلَا ظُلِمَ عَبْدٌ مَظْلِمَةً فَصَبَرَ عَلَيْهَا إِلَّا زَادَهُ اللَّهُ عِزًّا، وَلَا فَتَحَ عَبْدٌ بَابَ مَسْأَلَةٍ إِلَّا فَتَحَ اللَّهُ عَلَيْهِ بَابَ فَقْرٍ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Кәбша әл-Әнмари (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізеді: «Үш нәрсеге ант етемін. Сендерге бір сөз айтамын, естеріңде сақтаңдар! Садақа бергеннен құлдың малы кемімейді. Бір құл зұлымдық көріп, оған сабыр етсе, Алла оның дүние мен ақыреттегі абыройын арттырады. Құл тіленудің есігін ашса, Алла оған кедейліктің есігін ашады».1

  1. 1Тирмизи, «Зүһд», 17 (2325, Жанан басылымында 2326).