Хадис

Кутуб ситтә, № 5321

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
859. Қияфа арқылы текті анықтау
Нөмірі
№ 5321 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
5321
Кутуб ситтә, № 5321 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «دَخَلَ عَلَيَّ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ مَسْرُورًا تَبْرُقُ أَسَارِيرُ وَجْهِهِ، فَقَالَ: أَلَمْ تَرَيْ مُجَزِّزًا الْمُدْلِجِيَّ؟ نَظَرَ آنِفًا إِلَى زَيْدِ بْنِ حَارِثَةَ وَأُسَامَةَ بْنِ زَيْدٍ، فَقَالَ: إِنَّ هَذِهِ الْأَقْدَامَ بَعْضُهَا مِنْ بَعْضٍ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ. قَالَ أَبُو دَاوُدَ: وَسَمِعْتُ أَحْمَدَ بْنَ صَالِحٍ يَقُولُ: كَانَ أُسَامَةُ أَسْوَدَ شَدِيدَ السَّوَادِ مِثْلَ الْقَارِ، وَكَانَ زَيْدٌ أَبْيَضَ مِثْلَ الْقُطْنِ. «الْأَسَارِيرُ» تَكَاسِيرُ الْجَبِينِ، وَ«بَرِيقُهَا» مَا يَعْرِضُ لَهَا عِنْدَ الْفَرَحِ وَالِاسْتِبْشَارِ بِالشَّيْءِ السَّارِّ مِنَ الْبَشَاشَةِ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай дейді: «Бір күні Алла елшісі (с.а.с.) маған жүзі бал-бұл жайнап, қуанып кірді. “Мүжәззиз әл-Мүдлижиді көрдің бе? Ол жаңа ғана Зәйд ибн Хариса мен Усама ибн Зәйдке қарап: ‘Мына аяқтардың иелері бір-біріне туыс’, – деді”, – деді»1. Әбу Дәуіт Ахмад ибн Салихтың: «Усаманың өңі қара майдай қап-қара, Зәйдтің өңі мақтадай ақ еді», – дегенін естігенін айтады.

Түсіндірме

1. «Қафа» – «қаиф» сөзінің көпше түрі. Қаиф деп адамның ізі мен сыртқы белгілеріне қарап, олардың ұқсастығын ажырататын кісіні атаған. Қияфа арабтар арасында кең тараған. Омардың да (р.а.) қаиф болғаны риуаят етіледі.

2. Риуаяттардың бірінде Усама ибн Зәйдтің өңі қап-қара, ал әкесі Зәйдтің өңі аппақ болғаны айтылады. Усаманың анасы Үммі Айман да қара торы еді. Әкесі мен ұлының өңі екі түрлі болғандықтан, ел ішінде өсек тараған. Бұл сөздер Алла Елшісінің (с.а.с.) көңіліне бататын. Бір күні Мүжәззиз әл-Мүдлижи келгенде, Зәйд пен Усама бір жамылғының астында жатқан еді. Жамылғы бастарын жауып, аяқтары ашық қалған. Мүжәззиз олардың кім екенін білместен, аяқтарына қарап, екеуінің туыс екенін айтты.

Алла Елшісі (с.а.с.) осы сөзге қуанды. Риуаяттың басқа нұсқасында ол Айшаға: «Әл-Мүдлижидің Зәйд пен Усама туралы не дегенін естідің бе? Аяқтарына қарап: “Мына аяқтардың иелері бір-біріне туыс”, – деді», – деп айтқан.

4. Хадистен шығатын түйіндер

• Кей жағдайда адамның жүзін көрмей де, өзге белгілеріне сүйеніп, ол туралы куәлік етуге болады.

• Әке мен ұлдың бір жамылғының астында жатуына болады.

• Мұсылман адамның өзге діндегі кісіден алған ақпарына сүйенуіне болады.

  1. 1Бұхари, «Сахабалардың артықшылықтары», 17-тарау, «Манақиб», 23-тарау, «Фараиз», 31-тарау. Мүслим, «Радағ», № 1459. Әбу Дәуіт, «Талақ», № 2267–2268. Тирмизи, «Уәлә уәл-һиба», № 2130. Нәсәи, «Талақ», 51-тарау (6-том, 184-бет).