Хадис

Қияфа арқылы текті анықтау

Кутуб ситтә, 11-том, 859-тарау · 9 хадис · № 5321–5329

ЛИҒАН БӨЛІМІ

Хадистер

5321
Кутуб ситтә, № 5321 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «دَخَلَ عَلَيَّ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ مَسْرُورًا تَبْرُقُ أَسَارِيرُ وَجْهِهِ، فَقَالَ: أَلَمْ تَرَيْ مُجَزِّزًا الْمُدْلِجِيَّ؟ نَظَرَ آنِفًا إِلَى زَيْدِ بْنِ حَارِثَةَ وَأُسَامَةَ بْنِ زَيْدٍ، فَقَالَ: إِنَّ هَذِهِ الْأَقْدَامَ بَعْضُهَا مِنْ بَعْضٍ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ. قَالَ أَبُو دَاوُدَ: وَسَمِعْتُ أَحْمَدَ بْنَ صَالِحٍ يَقُولُ: كَانَ أُسَامَةُ أَسْوَدَ شَدِيدَ السَّوَادِ مِثْلَ الْقَارِ، وَكَانَ زَيْدٌ أَبْيَضَ مِثْلَ الْقُطْنِ. «الْأَسَارِيرُ» تَكَاسِيرُ الْجَبِينِ، وَ«بَرِيقُهَا» مَا يَعْرِضُ لَهَا عِنْدَ الْفَرَحِ وَالِاسْتِبْشَارِ بِالشَّيْءِ السَّارِّ مِنَ الْبَشَاشَةِ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай дейді: «Бір күні Алла елшісі (с.а.с.) маған жүзі бал-бұл жайнап, қуанып кірді. “Мүжәззиз әл-Мүдлижиді көрдің бе? Ол жаңа ғана Зәйд ибн Хариса мен Усама ибн Зәйдке қарап: ‘Мына аяқтардың иелері бір-біріне туыс’, – деді”, – деді»1. Әбу Дәуіт Ахмад ибн Салихтың: «Усаманың өңі қара майдай қап-қара, Зәйдтің өңі мақтадай ақ еді», – дегенін естігенін айтады.

Түсіндірме

1. «Қафа» – «қаиф» сөзінің көпше түрі. Қаиф деп адамның ізі мен сыртқы белгілеріне қарап, олардың ұқсастығын ажырататын кісіні атаған. Қияфа арабтар арасында кең тараған. Омардың да (р.а.) қаиф болғаны риуаят етіледі.

2. Риуаяттардың бірінде Усама ибн Зәйдтің өңі қап-қара, ал әкесі Зәйдтің өңі аппақ болғаны айтылады. Усаманың анасы Үммі Айман да қара торы еді. Әкесі мен ұлының өңі екі түрлі болғандықтан, ел ішінде өсек тараған. Бұл сөздер Алла Елшісінің (с.а.с.) көңіліне бататын. Бір күні Мүжәззиз әл-Мүдлижи келгенде, Зәйд пен Усама бір жамылғының астында жатқан еді. Жамылғы бастарын жауып, аяқтары ашық қалған. Мүжәззиз олардың кім екенін білместен, аяқтарына қарап, екеуінің туыс екенін айтты.

Алла Елшісі (с.а.с.) осы сөзге қуанды. Риуаяттың басқа нұсқасында ол Айшаға: «Әл-Мүдлижидің Зәйд пен Усама туралы не дегенін естідің бе? Аяқтарына қарап: “Мына аяқтардың иелері бір-біріне туыс”, – деді», – деп айтқан.

4. Хадистен шығатын түйіндер

• Кей жағдайда адамның жүзін көрмей де, өзге белгілеріне сүйеніп, ол туралы куәлік етуге болады.

• Әке мен ұлдың бір жамылғының астында жатуына болады.

• Мұсылман адамның өзге діндегі кісіден алған ақпарына сүйенуіне болады.

  1. 1Бұхари, «Сахабалардың артықшылықтары», 17-тарау, «Манақиб», 23-тарау, «Фараиз», 31-тарау. Мүслим, «Радағ», № 1459. Әбу Дәуіт, «Талақ», № 2267–2268. Тирмизи, «Уәлә уәл-һиба», № 2130. Нәсәи, «Талақ», 51-тарау (6-том, 184-бет).
5322
Кутуб ситтә, № 5322 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Сүлейман ибн Ясар

وَعَنْ سُلَيْمَانَ بْنِ يَسَارٍ قَالَ: «كَانَ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يُلِيطُ أَوْلَادَ الْجَاهِلِيَّةِ بِمَنِ ادَّعَاهُمْ فِي الْإِسْلَامِ. فَأَتَى رَجُلَانِ كِلَاهُمَا يَدَّعِي وَلَدَ امْرَأَةٍ. فَدَعَا عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَائِفًا، فَنَظَرَ إِلَيْهِمَا، فَقَالَ: لَقَدِ اشْتَرَكَا فِيهِ. فَضَرَبَهُ عُمَرُ بِالدِّرَّةِ، فَقَالَ: مَا يُدْرِيكَ؟ ثُمَّ دَعَا الْمَرْأَةَ فَقَالَ: أَخْبِرِينِي بِخَبَرِكِ. فَقَالَتْ: كَانَ هَذَا، تَعْنِي أَحَدَ الرَّجُلَيْنِ، يَأْتِينِي وَأَنَا فِي إِبِلِ أَهْلِي، وَلَا يُفَارِقُنِي حَتَّى يَظُنَّ وَأَظُنَّ أَنْ قَدِ اسْتَمَرَّ بِيَ الْحَمْلُ. ثُمَّ انْصَرَفَ عَنِّي، فَهُرِيقَتْ عَلَيَّ الدِّمَاءُ. ثُمَّ خَلَفَهُ الْآخَرُ فَلَا أَدْرِي مِنْ أَيِّهِمَا هُوَ؟ فَكَبَّرَ الْقَائِفُ. فَقَالَ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ لِلْغُلَامِ: وَالِ أَيَّهُمَا شِئْتَ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ.

Қазақша аудармасы

Сүлейман ибн Ясар былай дейді: «Омар (р.а.) жаһилия дәуірінде туған балаларды Ислам дәуірінде оларды өз баласы деп таныған кісілердің тегіне қосатын. Бірде екі кісі бір әйелдің баласын өзінікі деп дауласты. Омар бір қаиф шақырды. Қаиф екеуіне қарап: “Балаға екеуінің де қатысы бар”, – деді. Омар оны таяғымен бір ұрып: “Мұны қайдан білесің?” – деді. Содан соң әйелді шақырып, мән-жайды айтуын сұрады. Әйел: “Үйдегілердің түйесін бағып жүргенімде, мына кісі маған келетін. Екеуміз де бойыма бала біткеніне сенгенше, қасымнан кетпеді. Содан соң ол менен кетті. Артынан етеккірім келді. Одан кейін екінші кісі келді. Баланың қайсысынан екенін білмеймін”, – деді. Мұны естіген қаиф тәкбір айтты. Омар балаға: “Қалағаныңды уәли тұт”, – деді»1.

Түсіндірме

Риуаятта Омардың (р.а.) әкесі белгісіз баланың тегін анықтау үшін қаифқа жүгінгені айтылады. Мұндай даулар жаһилия дәуірінен қалған еді. Ислам орнағаннан кейін зинадан туған баланы өз тегіне қосамын деген адамның жалаң талабы қабылданбады.

Әл-Бажидың пікірінше, Омардың (р.а.) қаиф сөзіне күмән келтіруіне бір баланың екі ер кісіден бірдей тууы мүмкін емес деген түсінік себеп болған. Құранда «Біз сендерді бір ер мен бір әйелден жараттық»2 делінген. Алайда әл-Бажи Омар қаифтың сөзін түгел теріске шығарды деген пікірмен келіспейді. Оның айтуынша, «Қалағаныңды уәли тұт» деген үкімнің өзі қаиф сөзі ескерілгенін көрсетеді.

Имам Мәлик мұндай жағдайда баланың балиғатқа жетіп, уәлиді өзі таңдағанын жөн көрген. Ибн әл-Қасым екеуі де уәли бола алады деген.

  1. 1Мәлик, «Муатта», «Ақдия», 22-тарау (2-том, 740-бет).
  2. 2«Хужурат» сүресі, 13-аят.
5323
Кутуб ситтә, № 5323 · тараудағы реті: 3

وَعَنْ أَبِي عُثْمَانَ النَّهْدِيِّ قَالَ: «سَمِعْتُ سَعْدَ بْنَ أَبِي وَقَّاصٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَقُولُ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنِ ادَّعَى أَبًا فِي الْإِسْلَامِ غَيْرَ أَبِيهِ، وَهُوَ يَعْلَمُ أَنَّهُ غَيْرُ أَبِيهِ، فَالْجَنَّةُ عَلَيْهِ حَرَامٌ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَأَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әбу Осман ән-Наһди былай дейді: «Сағд ибн Әбу Уаққастың (р.а.) былай дегенін естідім: “Алла елшісі (с.а.с.): ‘Кімде-кім Исламда өз әкесі еместігін біле тұра басқа кісіні әкем десе, оған жәннат харам’, – деді”»1.

Түсіндірме

Жаһилия дәуірінде бала асырап алған кісі баланы өз тегіне өткізіп, туған әкесі саналған. Исламда баланың тегін бұлай өзгертуге тыйым салынды. Құранда: «Асыранды балаларыңды өз әкелерінің атымен атаңдар. Алланың алдында ең әділі сол. Әкелерін білмесеңдер, олар – діндес бауырларың әрі жақындарың. Байқамай қателессеңдер, күнә жоқ. Жүректеріңмен әдейі істегендерің үшін жауап бересіңдер. Алла аса кешірімді, ерекше мейірімді»2 делінген.

Оның алдындағы аятта: «…Асырап алған балаларыңды туған балаларың еткен жоқ. Мұның бәрі – ауызбен айтқан сөздерің ғана»3 делінген.

Хадисте өз әкесін біле тұра, өзін бөтен кісіге теліген адамға жәннаттың харам екені айтылған. Бұхариде және өзге жинақтарда мұндай істің күпір екені айтылатын риуаяттар да бар.

Ғалымдар мұндағы күпірді діннен шығаратын күпір мағынасында түсіндірмеген. Олар «нығметке шүкір етпеу» мағынасы меңзелген деген. Кей ғалымдар бұл сөзді Алла белгілеген текті біле тұра бұрмалаумен байланыстырған.

«Бір қауымның қызынан туған бала сол қауымнан» және «Бір қауымның азат еткен құлы сол қауымнан» деген сахих хадистер мұндай адамдарға мейіріммен қарап, қамқор болуға және бауырмалдық танытуға үндейді.

  1. 1Бұхари, «Фараиз», 29-тарау, «Мағази», 56-тарау. Мүслим, «Иман», № 63. Әбу Дәуіт, «Әдеп», № 5113.
  2. 2«Ахзаб» сүресі, 5-аят.
  3. 3«Ахзаб» сүресі, 4-аят.
5324
Кутуб ситтә, № 5324 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ حِينَ نَزَلَتْ آيَةُ الْمُلَاعَنَةِ: أَيُّمَا امْرَأَةٍ أَدْخَلَتْ عَلَى قَوْمٍ مَنْ لَيْسَ مِنْهُمْ فَلَيْسَتْ مِنَ اللَّهِ فِي شَيْءٍ، وَلَنْ يُدْخِلَهَا اللَّهُ الْجَنَّةَ، وَأَيُّمَا رَجُلٍ جَحَدَ وَلَدَهُ وَهُوَ يَنْظُرُ إِلَيْهِ احْتَجَبَ اللَّهُ عَنْهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ وَفَضَحَهُ عَلَى رُؤُوسِ الْأَوَّلِينَ وَالْآخِرِينَ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, лиған аяты түскенде Алла елшісі (с.а.с.) былай деген: «Қай әйел бір қауымға өздерінен болмаған баланы қосса, Алладан оған жәрдем жоқ. Алла оны жәннатқа кіргізбейді. Қай ер кісі өз баласын біле тұра мойындамаса, қиямет күні Алла одан перделеніп, бұрынғылар мен кейінгілердің алдында оны масқара етеді»1.

Түсіндірме

1. Хадис әйелдің басқа кісіден туған баланы күйеуіне телуіне тыйым салады. Мұндай іс жасаған әйел Алланың жәрдемі мен мейірімінен қағылады. Иманды адам үшін бұдан ауыр өкініш бар ма? Алла мұндай жайттан сақтасын.

Алла Елшісі (с.а.с.) бұл ескертудің салдарын да айтты: «Алла оны жәннатқа кіргізбейді».

2. Хадистегі екінші мәселе – әкенің өз баласын біле тұра мойындамауы. Алланың одан перделенуі мұндай адамды мейіріміне бөлемейтінін білдіреді. Ғалымдар аятта не хадисте тозақпен қорқытылған істі ауыр күнә әрі харам деп санаған. Әйелдің баланы біле тұра басқаға телуі де, ер адамның өз баласынан әдейі бас тартуы да осы ескертуге жатады.

Мүнауи осы мәселеге қатысты бірнеше хадис келгенін айтады.

3. Әкеге қатысты «баласына қарап тұрып» деген сөз «өз баласы екенін біле тұра» деген мағынада түсіндірілген.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Талақ», 29-тарау, № 2263. Нәсәи, «Талақ», 47-тарау (6-том, 179-бет).
5325
Кутуб ситтә, № 5325 · тараудағы реті: 5Риуаят етуші: Амр ибн Шұғайыб әкесі арқылы атасынан

وَعَنْ عَمْرِو بْنِ شُعَيْبٍ عَنْ أَبِيهِ عَنْ جَدِّهِ قَالَ: «قَضَى رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَنَّ كُلَّ مُسْتَلْحَقٍ اسْتُلْحِقَ بَعْدَ أَبِيهِ الَّذِي يُدَّعَى لَهُ ادَّعَاهُ وَرَثَتُهُ، فَقَضَى أَنَّ كُلَّ مَنْ كَانَ مِنْ أَمَةٍ يَمْلِكُهَا يَوْمَ أَصَابَهَا فَقَدْ لَحِقَ بِمَنِ اسْتَلْحَقَهُ، وَلَيْسَ لَهُ مِمَّا قُسِمَ قَبْلَهُ مِنَ الْمِيرَاثِ شَيْءٌ، وَمَا أَدْرَكَ مِنْ مِيرَاثٍ لَمْ يُقْسَمْ فَلَهُ نَصِيبُهُ، وَلَا يُلْحَقُ إِذَا كَانَ أَبُوهُ الَّذِي يُدَّعَى لَهُ أَنْكَرَهُ، وَإِنْ كَانَ مِنْ أَمَةٍ لَمْ يَمْلِكْهَا أَوْ مِنْ حُرَّةٍ عَاهَرَ بِهَا فَإِنَّهُ لَا يُلْحَقُ بِهِ وَلَا يَرِثُهُ. وَإِنْ كَانَ الَّذِي يُدَّعَى لَهُ هُوَ ادَّعَاهُ فَهُوَ وَلَدُ زِنْيَةٍ مِنْ حُرَّةٍ كَانَتْ أَوْ أَمَةٍ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ. قَالَ الْخَطَّابِيُّ: هَذِهِ أَحْكَامٌ وَقَعَتْ فِي أَوَّلِ زَمَانِ الشَّرِيعَةِ، وَفِي ظَاهِرِ لَفْظِ الْحَدِيثِ تَعَقُّدٌ وَإِشْكَالٌ. وَتَحْرِيرُهُ وَبَيَانُهُ أَنَّ أَهْلَ الْجَاهِلِيَّةِ كَانَ لَهُمْ إِمَاءٌ يَبْغِينَ، أَيْ يَزْنِينَ، وَيُلِمُّ بِهِنَّ سَادَاتُهُنَّ وَلَا يَجْتَنِبُونَهُنَّ. فَإِذَا أَتَتْ مِنْهُنَّ وَاحِدَةٌ بِوَلَدٍ، وَقَدْ وَطِئَهَا السَّيِّدُ وَغَيْرُهُ بِالزِّنَا وَادَّعَيَاهُ، فَحَكَمَ بِهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ لِسَيِّدِهَا لِأَنَّهَا فِرَاشٌ لَهُ كَالْحُرَّةِ وَنَفَاهُ عَنِ الزَّانِي. فَإِنْ دُعِيَ لِلزَّانِي مُدَّةَ حَيَاةِ السَّيِّدِ وَلَمْ يَدَّعِهِ السَّيِّدُ فِي حَيَاتِهِ وَلَمْ يُنْكِرْهُ ثُمَّ ادَّعَاهُ وَرَثَتُهُ مِنْ بَعْدِهِ وَاسْتَلْحَقُوهُ لَحِقَ بِهِ، وَوَرِثَ أَبَاهُ وَلَا يُشَارِكُ إِخْوَتَهُ الَّذِينَ اسْتَلْحَقُوهُ فِيمَا اقْتَسَمُوهُ مِنْ مِيرَاثِ أَبِيهِمْ قَبْلَ اسْتِلْحَاقِهِ. وَإِنْ أَدْرَكَ مِيرَاثًا لَمْ يُقْسَمْ حَتَّى ثَبَتَ نَسَبُهُ بِاسْتِلْحَاقِهِ شَارَكَهُمْ فِيهِ أُسْوَةَ مَنْ يُسَاوِيهِ فِي النَّسَبِ مِنْهُمْ. وَإِنْ مَاتَ مِنْ إِخْوَتِهِ أَحَدٌ وَلَمْ يُخَلِّفْ مَنْ يَحْجُبُهُ مِنَ الْمِيرَاثِ وَرِثَهُ. وَإِنْ أَنْكَرَ سَيِّدُ الْأَمَةِ الْحَمْلَ وَلَمْ يَدَّعِهِ فَإِنَّهُ لَا يَلْحَقُ بِهِ، وَلَيْسَ لِوَرَثَتِهِ اسْتِلْحَاقُهُ بَعْدَ مَوْتِهِ.

Қазақша аудармасы

Амр ибн Шуғайб әкесінен, әкесі атасынан (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) әкесі қайтыс болғаннан кейін мұрагерлері оның тегіне қосуды сұраған бала жөнінде үкім берді. Бала әкесі жақындасқан күні оның иелігінде болған күңнен туса, әкесінің тегіне қосылады. Тегіне қосылғанға дейін бөлініп қойған мұрадан үлес алмайды, ал әлі бөлінбеген мұрадан тиісті үлесін алады.

Егер әкесі тірісінде баладан бас тартса, ол әкесінің тегіне қосылмайды. Егер бала оның иелігінде болмаған күңнен немесе зина жасаған азат әйелден туса, тегіне қосылмайды және мұрагер болмайды. Ол кісі баланы өзінікі десе де, анасы азат әйел болсын, күң болсын, бала зинадан туған болып саналады»1.

Түсіндірме

Хаттаби хадистің мағынасы мен ондағы үкімдерді былай түсіндіреді:

«Бұл үкімдер жаһилиядан Исламға өткен алғашқы кезеңде бекітілген. Хадис мәтінінде түсіндіруді қажет ететін тұстар бар. “Нұр” сүресінің 33-аятында айтылғандай, жаһилия дәуірінде зина жасап табыс табатын күңдер болған. Қожайындары да оларға жақындасқан. Егер сол күңдердің бірінен бала туып, қожайыны мен онымен зина жасаған кісі әкесі кім деген дауға түссе, Алла Елшісі (с.а.с.) баланы қожайынының тегіне қосқан. Өйткені күң сол қожайынның шаңырағында болған.

Қожайыны тірісінде баланы өзінікі деп мойындамаған да, одан бас тартпаған да болса, ол қайтыс болған соң мұрагерлері баланы өз әкесінің тегіне қоса алатын. Бала бөлініп қойған мұрадан үлес алмайтын, ал бөлінбеген мұрадан үлес алатын. Мұрагерлердің бірі қайтыс болса, қалғандары қарсы болмаған жағдайда оның орнына өте алатын. Ал қожайыны баланы өзінікі деп танудан бас тартса, өзге мұрагерлер баланы оның тегіне қоса алмайтын. Бұған Сағд ибн Мәлик пен Абд ибн Зәмғаның дауы мысал. Сағд “Бұл – бауырымның баласы. Ол маған осы бала жөнінде өсиет еткен” деді. Абд “Ол – менің бауырым. Әкемнің төсегінде дүниеге келген” деді. Алла Елшісі (с.а.с.) “Бала шаңыраққа тиесілі” деп, оны Зәмғаның тегіне қосты».

  1. 1Әбу Дәуіт, «Талақ», 30-тарау, № 2265–2266.
5326
Кутуб ситтә, № 5326 · тараудағы реті: 6Риуаят етуші: Ибн Аббас

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: لَا مُسَاعَاةَ فِي الْإِسْلَامِ. مَنْ سَاعَى فِي الْجَاهِلِيَّةِ فَقَدْ لَحِقَ بِعَصَبَتِهِ. وَمَنِ ادَّعَى وَلَدًا مِنْ غَيْرِ رِشْدَةٍ فَلَا يَرِثُ وَلَا يُورَثُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ. «الْمُسَاعَاةُ» الزِّنَا بِالْإِمَاءِ. وَ«الرِّشْدَةُ» النِّكَاحُ الصَّحِيحُ، ضِدُّ الزِّنْيَةِ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастың (р.а.) жеткізуінше, Алла елшісі (с.а.с.) былай деген: «Исламда мұсағатқа жол жоқ. Жаһилия дәуірінде күңмен зина жасалған болса, одан туған бала анасының қожайынының тегіне қосылады. Заңды некеден тумаған баланы өзінікі деген кісі оған мұрагер болмайды. Бала да оған мұрагер болмайды»1.

Түсіндірме

«Ән-Ниһая» еңбегінде хадистегі «мұсағат» сөзі күңмен зина жасау деп түсіндірілген. «Исламда мұсағатқа жол жоқ» деген сөз осы іске тыйым салынғанын білдіреді. Құранда да бұл жөнінде тыйым айтылған.

Хадистің жалғасында тыйым салынған қатынастан туған баланың тегі туралы үкім баяндалады. Бала күңнің қожайынының тегіне қосылады.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Талақ», 30-тарау, № 2264.
5327
Кутуб ситтә, № 5327 · тараудағы реті: 7Риуаят етуші: Зәйд ибн Арқам

وَعَنْ زَيْدِ بْنِ أَرْقَمَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «جَاءَ رَجُلٌ مِنَ الْيَمَنِ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَقَالَ: إِنَّ ثَلَاثَةَ نَفَرٍ أَتَوْا عَلِيًّا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَخْتَصِمُونَ إِلَيْهِ فِي وَلَدٍ، قَدْ وَقَعُوا عَلَى امْرَأَةٍ فِي طُهْرٍ وَاحِدٍ. فَقَالَ لِاثْنَيْنِ مِنْهُمْ: طِيبَا بِالْوَلَدِ لِهَذَا، فَغَلَيَا. ثُمَّ قَالَ لِاثْنَيْنِ مِنْهُمْ: طِيبَا بِالْوَلَدِ لِهَذَا، فَغَلَيَا. فَقَالَ: أَنْتُمْ شُرَكَاءُ مُتَشَاكِسُونَ، إِنِّي مُقْرِعٌ بَيْنَكُمْ، فَمَنْ قَرَعَ أَصَابَتْهُ الْقُرْعَةُ فَلَهُ الْوَلَدُ، وَعَلَيْهِ لِصَاحِبَيْهِ ثُلُثَا الدِّيَةِ. فَأَقْرَعَ بَيْنَهُمْ فَجَعَلَهُ لِمَنْ قَرَعَ أَصَابَتْهُ الْقُرْعَةُ. فَضَحِكَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ حَتَّى بَدَتْ أَضْرَاسُهُ أَوْ نَوَاجِذُهُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِيُّ. «التَّشَاكُسُ» اخْتِلَافٌ وَافْتِرَاقٌ.

Қазақша аудармасы

Зәйд ибн Әрқам (р.а.) былай дейді: «Йеменнен бір кісі Алла елшісіне (с.а.с.) келіп: “Бір әйелдің екі етеккірінің арасындағы бір тазалық мерзімінде онымен жақындасқан үш кісі содан туған бала жайында дауласып, Әлиге жүгінді. Әли екеуіне: ‘Баланы мына үшіншісіне қиясыңдар ма?’ – деді. Екеуі де бұған қарсы шықты. Содан кейін ол тағы екі кісіге баланы үшіншісіне қиюды ұсынды. Олар да қарсы шықты. Сонда Әли: ‘Сендер – бір-біріңмен дауласып тұрған ортақтасыңдар. Араларыңда жеребе тастаймын. Жеребе кімге түссе, бала соған тиесілі болады, ал ол қалған екі кісіге дияттың үштен екісін төлейді’, – деді. Жеребе тастап, баланы жеребе түскен кісіге берді”. Мұны естіген Алла елшісі (с.а.с.) азу тістері, яки күрек тістері көрінгенше күлді»1.

Түсіндірме

1. Риуаятта баланы бірнеше адамның тегіне бірдей қоспайтыны және мұндай дауда жеребе тастауға болатыны айтылады. Жеребе мұраны бөлгенде, сапарға бірге шығатын жұбайды таңдағанда және осыған ұқсас істерде де қолданылған. Құранда да жеребе тастауға мысал бар2.

2. «Дияттың үштен екісі» дегенді түсіндірушілер мұнда анасының құнының үштен екісі деп ұққан. Жеребе түскен кісі баланы өз тегіне қосып, әлгі үлесті қалған екі кісіге төлеген.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Талақ», 32-тарау, № 2269–2270 (нұсқалары). Нәсәи, «Талақ», 50-тарау (6-том, 182–184-беттер).
  2. 2«Әли Имран» сүресі, 44-аят.
5328
Кутуб ситтә, № 5328 · тараудағы реті: 8Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنْ تَوَلَّى قَوْمًا بِغَيْرِ إِذْنِ مَوَالِيهِ فَعَلَيْهِ لَعْنَةُ اللَّهِ وَالْمَلَائِكَةِ، لَا يَقْبَلُ اللَّهُ مِنْهُ صَرْفًا وَلَا عَدْلًا». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَأَبُو دَاوُدَ. وَزَادَ أَبُو دَاوُدَ فِي اللَّعْنَةِ: «وَالنَّاسِ أَجْمَعِينَ»، وَفِي آخِرِهِ: «لَا يُقْبَلُ مِنْهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ عَدْلٌ وَلَا صَرْفٌ». «الْعَدْلُ» الْفَرِيضَةُ أَوِ الْفِدْيَةُ، وَ«الصَّرْفُ» النَّافِلَةُ أَوِ التَّوْبَةُ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Алла елшісі (с.а.с.) былай деген: «Кім өзін азат еткендердің рұқсатынсыз басқа қауымды уәли тұтса, оған Алланың және періштелердің лағынеті болсын. Алла одан парыз амалын да, нәпіл амалын да қабыл етпейді»1. Әбу Дәуіт риуаятында лағынетке «бүкіл адамдардың лағынеті» де қосылған. Соңында «Қиямет күні одан парыз амалы да, нәпіл амалы да қабыл етілмейді» делінген.

Түсіндірме

1. Азат етілген құл мен оны азат еткен кісінің арасында «мууалат» деп аталатын құқықтық байланыс орнайтын. Азат етілген кісі қайтыс болса, оны азат еткен кісі немесе оның балалары мұрагер бола алатын.

Кей ғалымдар хадистегі «рұқсатынсыз» деген сөзге сүйеніп, азат еткен адамның келісімімен уәлә құқығын басқа қауымға беруге, тіпті сатуға болады деп түсінген. Ғалымдардың басым көпшілігі бұл пікірді қабылдамаған. Олар мұны «қолдарыңдағы өгей қыздарыңмен некелесуге тыйым салынды»2 және «кедейліктен қорқып, балаларыңды өлтірмеңдер»3 деген аяттардағы сөз қолданысына ұқсатқан. Олардың пікірінше, аталған шарттың болмауы істі өздігінен рұқсат етпейді.

2. «Адл» сөзі «парыз» және «фидия», «сарф» сөзі «нәпіл» және «тәубе» мағынасында түсіндірілген. Хадис уәлә құқығын бұзудың ауыр салдарын ескертеді.

  1. 1Мүслим, «Итқ», 19-риуаят, № 1508. Әбу Дәуіт, «Әдеп», № 5114.
  2. 2«Ниса» сүресі, 23-аят.
  3. 3«Исра» сүресі, 31-аят.
5329
Кутуб ситтә, № 5329 · тараудағы реті: 9

وَعَنْ عَبْدِ الْحَمِيدِ بْنِ جَعْفَرٍ قَالَ: «أَخْبَرَنِي أَبِي عَنْ جَدِّي رَافِعِ بْنِ سِنَانٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ أَسْلَمَ وَأَبَتِ امْرَأَتُهُ أَنْ تُسْلِمَ، وَقَالَتْ: ابْنَتِي، وَهِيَ فَطِيمٌ. وَقَالَ رَافِعٌ: ابْنَتِي. فَقَالَ لَهَا صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: اقْعُدِي نَاحِيَةً. وَقَالَ لِرَافِعٍ: اقْعُدْ نَاحِيَةً. وَأَقْعَدَ الصَّبِيَّةَ بَيْنَهُمَا، ثُمَّ قَالَ: ادْعُوَاهَا. فَمَالَتِ الصَّبِيَّةُ إِلَى أُمِّهَا، فَقَالَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: اللَّهُمَّ اهْدِهَا. فَمَالَتْ إِلَى أَبِيهَا فَأَخَذَهَا». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِيُّ، وَعِنْدَهُ ابْنٌ بَدَلَ الْبِنْتِ.

Қазақша аудармасы

Абдулхамид ибн Жағфар былай дейді: «Әкем атам Рафиғ ибн Синан (р.а.) туралы айтып берді. Рафиғ Исламды қабылдаған, ал жұбайы мұсылман болудан бас тартқан екен. Әйелі Алла елшісіне (с.а.с.) келіп: “Қыз менікі. Ол емшектен шыққан”, – деді. Рафиғ та: “Қыз менікі”, – деді. Алла елшісі (с.а.с.) әйелге: “Сен бір жаққа отыр”, – деді. Рафиғқа да: “Сен бір жаққа отыр”, – деді. Қызды екеуінің ортасына отырғызып: “Оны шақырыңдар”, – деді. Қыз анасына қарай бұрылды. Алла елшісі (с.а.с.): “Уа, Алла, оған тура жол көрсет”, – деп дұға етті. Сонда қыз әкесіне қарай бұрылып, Рафиғ оны алып кетті». Нәсәидің нұсқасында қыздың орнына ұл бала аталады1.

Түсіндірме

Хадисте ата-анасы ажырасқан баланың кімнің қолында қалатыны сөз болады. Хаттаби бұл хадисте баланың мұсылман болған ата-анасының қолында қалуы артық көрілгенін айтады. Шафиғи де осы пікірде болған.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Талақ», 26-тарау, № 2244. Нәсәи, «Талақ», 52-тарау (6-том, 185-бет).