Хадис

Кутуб ситтә, № 5283

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
850. Жасыл түс
Нөмірі
№ 5283 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
5283
Кутуб ситтә, № 5283 · тараудағы реті: 1

عَنْ أَبِي رِمْثَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «رَأَيْتُ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ ثَوْبَيْنِ أَخْضَرَيْنِ». أَخْرَجَهُ أَصْحَابُ السُّنَنِ.

Қазақша аудармасы

Әбу Римса (р.а.) айтады: «Алла елшісінің (с.а.с.) үстінен екі жасыл киім көрдім»1.

Түсіндірме

Хадис Алла Елшісінің (с.а.с.) жасыл киім кигенін баяндайды. Бірқатар риуаятта жәннат иелерінің киімі жасыл болатыны айтылады. Құранда «Олар үстіне үлбіреген жасыл жібек пен атластан киім киіп...»2 делінген. Жасыл түстің көзді тынықтыратыны да айтылады. Құранда аталуы және Алла Елшісінің (с.а.с.) жасыл киім киюі себепті бұл түс Исламмен байланысты нышандардың біріне айналған.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Киім», № 4065. Тирмизи, «Әдеп», № 2813. Нәсәи, «Сән», 97-тарау, 8-том, 204-бет, «Екі айт», 16-тарау, 3-том, 185-бет.
  2. 2«Инсан» сүресі, 21-аят.