Хадис

Кутуб ситтә, № 5282

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
849. Сары түс
Нөмірі
№ 5282 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
5282
Кутуб ситтә, № 5282 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Әли

وَعَنْ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «نَهَى رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ عَنْ لُبْسِ الْقَسِّيِّ وَالْمُعَصْفَرِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ. «الْقَسِّيُّ» ثِيَابُ كَتَّانٍ مُخَطَّطَةٌ بِالْإِبْرَيْسَمِ، كَانَ يُجَاءُ بِهَا مِنْ مِصْرَ.

Қазақша аудармасы

Әли (р.а.) айтады: «Алла елшісі (с.а.с.) қасси матадан тігілген және сарыға боялған киімдерді киюге тыйым салды»1.

Түсіндірме

Қасси – жібек жіп жолақтап қосылып тоқылған зығыр мата. Мысырдағы Қасс деген жерде өндірілгендіктен «қасси» немесе «қисси» аталған.

Хаттаби жібек пен сарыға боялған киім әйелдерге рұқсат, ерлерге харам деп жазған.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Киім», № 4044. Тирмизи, «Киім», № 1725. Мүслим, «Киім және сән», № 2078.