Хадис

Кутуб ситтә, № 5245

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
841. Тізені құшақтап отыру
Нөмірі
№ 5245 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
5245
Кутуб ситтә, № 5245 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Жәбир

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «نَهَى رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ عَنِ الصَّمَّاءِ وَالِاحْتِبَاءِ فِي ثَوْبٍ وَاحِدٍ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ وَالنَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Жабир (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) тас-түйін орануға және бір ғана киіммен тізені құшақтап отыруға тыйым салды»1.

Түсіндірме

Хадистегі «самма» – тас-түйін орану. Тіл мамандары оны қол еркін қимылдамайтын, қолды киімнен шығара алмайтын етіп орану деп түсіндірген. Ибн Құтайбаның айтуынша, қол шығаратын ашық жер қалмағандықтан, мұндай киіс тұтас жартасқа теңелген. «Самма» сөзі жартас мағынасында да қолданылады. Фақиһтар оны денені бір матамен орап, бір шетін иыққа асырып, әуретті ашық қалдыру деп түсіндірген.

Нәуәуи былай дейді: «Тіл мамандарының түсінігі бойынша, самма – мәкруһ. Өйткені адам қажет кезде қолын босата алмай, зиян шегуі мүмкін. Фақиһтардың түсінігі бойынша, мұндай киіс әуретті ашық қалдыратындықтан – харам». Бұхаридегі нұсқа фақиһтардың пікірін қуаттайды. Онда Алла Елшісінің (с.а.с.) тас-түйін орануға және әурет ашылып қалатындай етіп бір ғана киіммен тізені құшақтап отыруға тыйым салғаны айтылады.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Либас», 25-тарау, № 4081. Тирмизи, «Әдеп», 20-тарау, № 2768. Нәсәи, «Зинат», бір киіммен тізені құшақтап отыруға тыйым туралы тарау (8-том, 210-бет).