عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَهُوَ مُحْتَبٍ بِشَمْلَةٍ، قَدْ وَقَعَ هُدْبُهَا عَلَى قَدَمَيْهِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.
Жабир (р.а.) былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.) жамылғысымен тізесін орап отырғанын көрдім. Жамылғының шашақтары екі аяғының үстіне түсіп тұрды»1.
Түсіндірме
«Ихтиба» – жерге отырып, тізені бүгіп көтеріп, оны қолмен құшақтау немесе тізе мен арқаны киіммен орап бекіту. Азимабадидің түсіндіруінше, Алла Елшісі (с.а.с.) жамылғының ұшын ұстап, тізесін тұтас жапқан. Арқа сүйейтін нәрсе болмағанда осылай отыру арабтарда әдет болған.
Келесі хадисте бір ғана киіммен әурет ашылып қалатындай қалыпта тізені құшақтап отыруға тыйым салынған.
- 1Әбу Дәуіт, «Либас», 23-тарау, № 4075.