وَعَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: لَا يَدْخُلُ الْجَنَّةَ مَنْ كَانَ فِي قَلْبِهِ مِثْقَالُ ذَرَّةٍ مِنْ كِبْرٍ. فَقَالَ رَجُلٌ: إِنَّ الرَّجُلَ يُحِبُّ أَنْ يَكُونَ ثَوْبُهُ حَسَنًا وَنَعْلُهُ حَسَنَةً. فَقَالَ: إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى جَمِيلٌ يُحِبُّ الْجَمَالَ. الْكِبْرُ بَطَرُ الْحَقِّ وَغَمْطُ النَّاسِ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَأَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.
Ибн Мәсғуд (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Жүрегінде тозаңдай тәкаппарлығы бар адам жәннатқа кірмейді”, – деді. Сонда бір кісі: “Адам киімі мен аяқкиімінің әдемі болғанын қалайды ғой”, – деді. Алла елшісі (с.а.с.): “Алла көркем, көркемдікті жақсы көреді. Тәкаппарлық – ақиқатты қабылдамау және адамдарды менсінбеу”, – деп жауап берді».1
- 1Мүслим, «Иман», № 91а. Ибраһим Жанан, «Күтүб-и ситте тәржімесі мен түсіндірмесі», 15-том, 24-бет, № 5218.