وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَوْمَ حَجَّةِ الْوَدَاعِ: اسْتَنْصَتِ النَّاسَ. فَحَمِدَ اللَّهَ وَأَثْنَى عَلَيْهِ، ثُمَّ ذَكَرَ الْمَسِيحَ الدَّجَّالَ فَأَطْنَبَ فِي ذِكْرِهِ. وَقَالَ: مَا بَعَثَ اللَّهُ مِنْ نَبِيٍّ إِلَّا أَنْذَرَهُ أُمَّتَهُ، أَنْذَرَهُ نُوحٌ عَلَيْهِ السَّلَامُ أُمَّتَهُ، وَالنَّبِيُّونَ بَعْدَهُ، وَإِنَّهُ يَخْرُجُ فِيكُمْ فَمَا خَفِيَ عَلَيْكُمْ مِنْ شَأْنِهِ، فَلَيْسَ يَخْفَى عَلَيْكُمْ أَنَّ رَبَّكُمْ لَيْسَ بَأَعْوَرَ، وَإِنَّهُ أَعْوَرُ الْعَيْنِ الْيُمْنَى كَأَنَّ عَيْنَهُ عِنَبَةٌ طَافِيَةٌ. أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ. وَفِي رِوَايَةٍ لِمُسْلِمٍ: «مَكْتُوبٌ بَيْنَ عَيْنَيْهِ كَافِرٌ … يَقْرَؤُهُ كُلُّ مُسْلِمٍ».
Ибн Омар (р.а.) былай дейді. «Қоштасу қажылығында Алла елшісі (с.а.с.) “Жұртқа тыныштық сақтатып, тыңдат” деді. Содан кейін Аллаға мадақ айтып, Мәсіх Дажжал туралы ұзақ сөз қозғады. “Алла жіберген әр пайғамбар өз үмбетін одан сақтандырған. Нұх та (а.с.) өз үмбетін сақтандырған, одан кейінгі пайғамбарлар да солай еткен. Ол араларыңда шығады. Оның жайын толық білмесеңдер де, Раббыларыңның сыңар көзді еместігі сендерге анық. Ал оның оң көзі соқыр, бір шоқ жүзімнен томпайып тұрған түйірдей” деді». Мүслімдегі өзге нұсқада «Оның екі көзінің арасына “кәфир” деп жазылады. Оны әр мұсылман оқиды» делінген1.
- 1Бұхари, «Фитән», 27. Мүслим, «Иман», №169 және «Фитән», №2933. «Кәфир» жазуын әр мұсылман оқитыны Әнәстен жеткен бөлек нұсқада айтылған (Мүслим, №2933c).