Хадис

Кутуб ситтә, № 5012

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
795. Дажжал туралы
Нөмірі
№ 5012 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 4
5012
Кутуб ситтә, № 5012 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Әбу Сағид

وَعَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: أَنَّهُ سَأَلَ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ عَنِ الدَّجَّالِ. فَقَالَ: هُوَ يَوْمَهُ هَذَا قَدْ أَكَلَ الطَّعَامَ، أَعْهَدُ إِلَيْكُمْ فِيهِ عَهْدًا لَمْ يَعْهَدْهُ نَبِيٌّ إِلَى أُمَّتِهِ. أَلَا إِنَّ عَيْنَهُ الْيُمْنَى مَمْسُوحَةٌ جَاحِظَةٌ لَا حَدَقَةَ بِهَا كَأَنَّهَا نُخَامَةٌ فِي حَائِطٍ وَعَيْنَهُ الْيُسْرَى كَأَنَّهَا كَوْكَبٌ دُرِّيٌّ. وَمَعَهُ مِثْلُ الْجَنَّةِ وَالنَّارِ. فَنَارُهُ جَنَّةٌ وَمَاؤُهُ نَارٌ. أَلَا وَبَيْنَ يَدَيْهِ رَجُلَانِ يُنْذِرَانِ أَهْلَ الْقُرَى فَإِذَا خَرَجَا مِنَ الْقَرْيَةِ دَخَلَهَا أَوَّلُ أَصْحَابِ الدَّجَّالِ. أَخْرَجَهُ رَزِينُ.

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) Дажжал жайында сұрағанда, Алла елшісі (с.а.с.) былай деген: «Ол бүгінде ас жеп жүр. Сендерге ол жайында бұрын еш пайғамбар өз үмбетіне айтпаған бір ескерту жасаймын. Біліңдер, оның оң көзі көрмейді. Көзі бадырайып, қарашығы жоқ, қабырғаға жабысқан қақырықтай. Сол көзі жарқыраған жұлдыз секілді. Онымен бірге жәннат пен отқа ұқсайтын нәрселер болады. Оты – жәннат, суы – от. Алдында екі адам жүріп, ауыл халқына ескерту жасайды. Екеуі ауылдан шыққан соң, оған Дажжалдың серіктерінің алғашқысы кіреді»1.

  1. 1Рәзин келтірген. Осы толық мәтіннің түпкі дереккөзі көрсетілмеген. Мәтіндегі бірқатар сипат Бұхари мен Мүслимде және басқа жинақтарда да кездеседі.