Хадис

Кутуб ситтә, № 4999

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
792. Мың динар қарыз алған кісінің қиссасы
Нөмірі
№ 4999 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
4999
Кутуб ситтә, № 4999 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: ذَكَرَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ رَجُلًا مِنْ بَنِي إِسْرَائِيلَ سَأَلَ بَعْضَ بَنِي إِسْرَائِيلَ أَنْ يُسْلِفَهُ أَلْفَ دِينَارٍ. فَقَالَ: ائْتِنِي بِالشُّهَدَاءِ أُشْهِدُهُمْ. قَالَ: كَفَى بِاللَّهِ شَهِيدًا. قَالَ: فَأْتِنِي بِالْكَفِيلِ. قَالَ: كَفَى بِاللَّهِ كَفِيلًا. قَالَ: صَدَقْتَ. فَدَفَعَهَا إِلَيْهِ إِلَى أَجَلٍ مُسَمَّى، فَخَرَجَ فِي الْبَحْرِ، فَقَضَى حَاجَتَهُ. ثُمَّ الْتَمَسَ مَرْكَبًا يَرْكَبُهَا يَقْدَمُ عَلَيْهِ لِلْأَجَلِ الَّذِي أَجَّلَهُ فَلَمْ يَجِدْ. فَاتَّخَذَ خَشَبَةً فَنَقَرَهَا، فَأَدْخَلَ فِيهَا أَلْفَ دِينَارٍ وَصَحِيفَةً مِنْهُ إِلَى صَاحِبِهِ. ثُمَّ زَجَّجَ مَوْضِعَهَا. ثُمَّ أَتَى بِهَا إِلَى الْبَحْرِ. ثُمَّ قَالَ: اَللَّهُمَّ إِنَّكَ تَعْلَمُ أَنِّي تَسَلَّفْتُ مِنْ فُلَانٍ أَلْفَ دِينَارٍ فَسَأَلَنِي شَهِيدًا. فَقُلْتُ: كَفَى بِاللَّهِ شَهِيدًا فَرَضِيَ بِكَ شَهِيدًا. وَسَأَلَنِي كَفِيلًا. فَقُلْتُ: كَفَى بِاللَّهِ كَفِيلًا، فَرَضِيَ بِكَ كَفِيلًا. وَإِنِّي جَهَدْتُ أَنْ أَجِدَ مَرْكَبًا أَبْعَثُ إِلَيْهِ الَّذِي لَهُ فَلَمْ أَقْدِرْ، وَإِنِّي أَسْتَوْدِعُكُهَا فَرَمَى بِهَا فِي الْبَحْرِ حَتَّى وَلِجَتْ فِيهِ. ثُمَّ انْصَرَفَ وَهُوَ فِي ذَلِكَ يَلْتَمِسُ مَرْكَبًا يَخْرُجُ إِلَى بَلَدِهِ فَخَرَجَ الرَّجُلُ الَّذِي كَانَ أَسْلَفَهُ يَنْظُرُ لَعَلَّ مَرْكَبًا قَدْ جَاءَ بِمَالِهِ. فَإِذَا بِالْخَشَبَةِ الَّتِي فِيهَا الْمَالُ، فَأَخَذَهَا لِأَهْلِهِ حَطَبًا. فَلَمَّا نَشَرَهَا وَجَدَ الْمَالَ وَالصَّحِيفَةَ. ثُمَّ قَدِمَ الَّذِي كَانَ أَسْلَفَهُ. فَأَتَى بِأَلْفِ دِينَارٍ. فَقَالَ: وَاللَّهِ مَا زِلْتُ جَاهِدًا فِي طَلَبِ مَرْكَبٍ لَآتِيَكَ بِمَالِكَ، فَمَا وَجَدْتُ مَرْكَبًا قَبْلَ الَّذِي أَتَيْتُ فِيهِ. قَالَ: هَلْ كُنْتَ بَعَثْتَ إِلَيَّ بِشَيْءٍ؟ قَالَ: أُخْبِرُكَ أَنِّي لَمْ أَجِدْ مَرْكَبًا قَبْلَ الَّذِي جِئْتُ فِيهِ. قَالَ: فَإِنَّ اللَّهَ تَعَالَى قَدْ أَدَّى عَنْكَ الَّذِي بَعَثْتَ فِي الْخَشَبَةِ، فَانْصَرِفْ بِالْأَلْفِ دِينَارٍ رَاشِدًا. أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) Исрайыл ұрпақтарынан бір кісіден мың динар қарыз сұраған адам туралы баяндады. Қарыз беруші: “Куәларыңды ертіп кел. Солардың көзінше берейін”, – деді. Қарыз алушы: “Куә болуға Алла жеткілікті”, – деді. “Олай болса, кепіл болатын адам әкел”, – деді қарыз беруші. “Кепіл болуға Алла жеткілікті”, – деді ол. Қарыз беруші: “Дұрыс айтасың”, – деп, қарыздың қайтарылатын мерзімін белгілеп, ақшасын берді. Әлгі адам теңізге шығып, шаруасын бітірді. Содан соң қарызын мерзімінде қайтару үшін еліне баратын кеме іздеді, бірақ таппады. Бір кесек ағашты алып, ішін ойып, мың динарды қарыз берген кісіге арнаған хатымен бірге салды. Ойықты бітеп, ағашты теңізге алып келді де: “Уа, Алла! Пәленшеден мың динар қарыз алғанымды білесің. Куә сұрағанда, ‘Куә болуға Алла жеткілікті’ дедім. Ол сені куә тұтуға келісті. Кепіл сұрағанда, ‘Кепіл болуға Алла жеткілікті’ дедім. Ол сені кепіл тұтуға да разы болды. Енді оған тиесілі ақшаны салып жіберетін кеме іздедім, бірақ таба алмадым. Осы ақшаны Өзіңе аманат етемін”, – деп, ағашты теңізге тастады. Ағаш суға сүңгіп кетті.

Содан соң еліне қайтатын кеме іздеуді жалғастырды. Қарыз берген кісі де ақшасын әкелетін кемені күтіп, теңіз жағасына барды. Кеме келмеді, бірақ ішінде ақшасы бар ағашты тауып алды. Оны үйіне отынға әкеліп, бөлшектегенде, ішінен ақша мен хат шықты.

Біраз уақыттан соң қарыз алған кісі де келді. Тағы мың динар алып, қарыз берген кісіге: “Алланың атымен ант етемін, ақшаңызды әкелу үшін кеме іздей бердім. Бірақ өзім мінгеннен бұрын келетін кеме таппадым”, – деді. Қарыз берген кісі: “Маған бірдеңе жібердің бе?” – деп сұрады. Ол: “Бұдан бұрын кеме таба алмағанымды айттым ғой”, – деді. Сонда қарыз берген кісі: “Ағаштың ішіне салып жіберген ақшаңды Алла сенің атыңнан жеткізді. Мың динарыңды өзіңмен ала кет”, – деді»1.

Түсіндірме

Ғалымдар хадистен мынадай тұжырымдар шығарған:

• Қарызды қайтару мерзімін белгілеуге болады.

• Белгіленген мерзімді сақтау уәжіп. Кей ғалымдар оны міндетті үкімнен гөрі құптарлық әдеп деп санаған.

• Исрайыл ұрпақтары мен басқа қауымдардың басынан өткен оқиғаларды ғибрат алу, соған сай амал ету үшін айтуға болады.

• Теңізбен сауда жасауға, кемеге мінуге болады.

• Қарыз бергенде куәгер және кепіл сұрауға болады.

• Қарыз алып-бергенде Аллаға тәуекел етудің артықшылығы бар. Шынайы тәуекел еткен адамның қарызын өтеуіне Алла жәрдем етеді, қолдауын аямайды.

• Алла елшісі (с.а.с.) бұл қиссаны жұрт одан ғибрат алып, соған сай амал етсін деп айтқан.

  1. 1Бұхари, Кәфалат 1 (муаллақ), Буйуғ 10 (муаллақ және мәусул, № 2291), Истиазан 25 (муаллақ).