Хадис

Кутуб ситтә, № 4998

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
791. Тақырбас, ала терілі және көзі көрмейтін үш адамның қиссасы
Нөмірі
№ 4998 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
4998
Кутуб ситтә, № 4998 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِنَّ ثَلَاثَةً مِنْ بَنِي إِسْرَائِيلَ: أَبْرَصَ وَأَقْرَعَ وَأَعْمَى، أَرَادَ اللَّهُ أَنْ يَبْتَلِيَهُمْ، فَبَعَثَ إِلَيْهِمْ مَلَكًا فَأَتَى الْأَبْرَصَ فَقَالَ: أَيُّ شَيْءٍ أَحَبُّ إِلَيْكَ؟ قَالَ: لَوْنٌ حَسَنٌ وَجِلْدٌ حَسَنٌ، وَيَذْهَبُ عَنِّي الَّذِي قَدْ قَذِرَنِي النَّاسُ. فَمَسَحَهُ، فَذَهَبَ عَنْهُ قَذَرُهُ وَأُعْطِيَ لَوْنًا حَسَنًا وَجِلْدًا حَسَنًا. فَقَالَ: أَيُّ الْمَالِ أَحَبُّ إِلَيْكَ؟ قَالَ: الْإِبِلُ. فَأَعْطَاهُ نَاقَةً عُشَرَاءَ، فَقَالَ: بَارَكَ اللَّهُ لَكَ فِيهَا. ثُمَّ أَتَى الْأَقْرَعَ. فَقَالَ: أَيُّ شَيْءٍ أَحَبُّ إِلَيْكَ؟ قَالَ: شَعْرٌ حَسَنٌ، وَيَذْهَبُ عَنِّي هَذَا الَّذِي قَدْ قَذِرَنِي النَّاسُ. فَمَسَحَهُ فَذَهَبَ عَنْهُ. وَأُعْطِيَ شَعْرًا حَسَنًا. قَالَ: فَأَيُّ الْمَالِ أَحَبُّ إِلَيْكَ؟ قَالَ: الْبَقْرُ. فَأُعْطِيَ بَقَرَةً حَامِلًا. وَقَالَ: بَارَكَ اللَّهُ لَكَ فِيهَا. ثُمَّ أَتَى الْأَعْمَى. فَقَالَ أَيُّ شَيْءٍ أَحَبُّ إِلَيْكَ؟ قَالَ: أَنْ يَرُدَّ اللَّهُ عَلَيَّ بَصَرِي فَأَبْصِرَ بِهِ النَّاسَ. فَمَسَحَهُ فَرَدَّ اللَّهُ عَلَيْهِ بَصَرَهُ. قَالَ فَأَيُّ الْمَالِ أَحَبُّ إِلَيْكَ؟ قَالَ: الْغَنَمُ. فَأُعْطِيَ شَاةً وَالِدًا. فَأَنْتَجَ هَذَانِ، وَوَلَّدَ هَذَا. فَكَانَ لِهَذَا وَادٍ مِنَ الْإِبِلِ، وَلِهَذَا وَادٍ مِنَ الْبَقَرِ، وَلِهَذَا وَادٍ مِنَ الْغَنَمِ. ثُمَّ إِنَّهُ أَتَى الْأَبْرَصَ فِي صُورَتِهِ وَهَيْئَتِهِ. فَقَالَ: رَجُلٌ مِسْكِينٌ، قَدْ انْقَطَعَتْ بِيَ الْحِبَالُ فِي سَفَرِي، فَلَا بَلَاغَ لِيَ الْيَوْمَ إِلَّا بِاللَّهِ، ثُمَّ بِكَ، أَسْأَلُكَ بِالَّذِي أَعْطَاكَ اللَّوْنَ الْحَسَنَ وَالْجِلْدَ الْحَسَنَ وَالْمَالَ بَعِيرًا أَتَبَلَّغُ بِهِ فِي سَفَرِي. فَقَالَ لَهُ: الْحُقُوقُ كَثِيرَةٌ. فَقَالَ لَهُ: كَأَنِّي أَعْرِفُكَ. أَلَمْ تَكُنْ أَبْرَصَ يَقْذَرُكَ النَّاسُ، فَقِيرًا فَأَعْطَاكَ اللَّهُ؟ فَقَالَ: إِنَّمَا وَرَثْتُ هَذَا الْمَالَ كَابِرًا عَنْ كَابِرٍ. فَقَالَ: إِنْ كُنْتَ كَاذِبًا فَصَيَّرَكَ اللَّهُ إِلَى مَا كُنْتَ. وَأَتَى الْأَقْرَعَ فِي صُورَتِهِ. فَقَالَ لَهُ مِثْلَ ذَلِكَ. وَرَدَّ عَلَيْهِ مِثْلَ مَا رَدَّ الْأَوَّلُ. فَقَالَ: إِنْ كُنْتَ كَاذِبًا فَصَيَّرَكَ اللَّهُ إِلَى مَا كُنْتَ. ثُمَّ أَتَى الْأَعْمَى فِي صُورَتِهِ وَهَيْئَتِهِ. فَقَالَ لَهُ: رَجُلٌ مِسْكِينٌ وَابْنُ سَبِيلٍ وَتَقَطَّعَتْ بِيَ الْحِبَالُ فِي سَفَرِي فَلَا بَلَاغَ الْيَوْمَ إِلَّا بِاللَّهِ ثُمَّ بِكَ. أَسْأَلُكَ بِالَّذِي رَدَّ عَلَيْكَ بَصَرَكَ شَاةً أَتَبَلَّغُ بِهَا فِي سَفَرِي. فَقَالَ: قَدْ كُنْتُ أَعْمَى فَرَدَّ اللَّهُ عَلَيَّ بَصَرِي، وَفَقِيرًا فَقَدْ أَغْنَانِي. فَخُذْ مَا شِئْتَ، وَدَعْ مَا شِئْتَ. فَوَاللَّهِ لَا أُجْهِدُكَ الْيَوْمَ لِشَيْءٍ أَخَذْتَهُ لِلَّهِ. فَقَالَ: أَمْسِكْ مَالَكَ، فَإِنَّمَا ابْتُلِيتُمْ. فَقَدْ رُضِيَ عَنْكَ، وَسُخِطَ عَلَى صَاحِبَيْكَ. أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) былай деді: “Исрайыл ұрпақтарының арасында үш кісі болыпты. Бірінің терісіне ала түскен, екіншісінің басында шаш жоқ, үшіншісінің көзі көрмейді екен. Алла үшеуін сынамақ болып, оларға адам бейнесіндегі періште жіберді. Періште әуелі терісіне ала түскен кісіге келіп: ‘Бәрінен бұрын нені қалайсың?’ – деді. Ол: ‘Өңімнің кіргенін, терімнің әдемі болғанын және жұртты менен жирендірген мына күйдің кеткенін қалаймын’, – деді. Періште оны сипағанда, терісінің аласы кетіп, ажары кірді. ‘Қандай малды жақсы көресің?’ – деді періште. ‘Түйені’, – деді әлгі кісі. Оған он айлық буаз түйе берілді. Періште: ‘Алла малыңа береке берсін!’ – деді де, шашы жоқ кісіге барды. ‘Бәрінен бұрын нені қалайсың?’ – деді оған да. Ол: ‘Әдемі шаш біткенін және жұртты менен жирендірген мына күйдің кеткенін қалаймын’, – деді. Періште басынан сипағанда, оған әдемі шаш бітті. Періште: ‘Қандай малды жақсы көресің?’ – деп сұрады. ‘Сиырды’, – деді ол. Оған буаз сиыр берілді. Періште: ‘Алла малыңа береке берсін!’ – деп, көзі көрмейтін кісіге барды. ‘Бәрінен бұрын нені қалайсың?’ – деді. Ол: ‘Алла көзімді ашса, адамдарды көрсем деймін’, – деді. Періште оны сипағанда, Алла көзін ашты. ‘Қандай малды жақсы көресің?’ – деді періште. ‘Қойды’, – деді ол. Оған өсімтал саулық берілді.

Түйе мен сиыр төлдеді, саулық қоздады. Уақыт өте келе бірінің сай толы түйесі, екіншісінің сай толы сиыры, үшіншісінің сай толы қойы болды.

Періште әуелі терісіне ала түскен кісіге өзінің бұрынғы кейпіндей болып көрінді де: ‘Мен жол қаражатым таусылған жарлы жолаушымын. Дәл қазір маған әуелі Алла, содан соң сен ғана көмектесе аласың. Саған әдемі өң, әдемі тері мен осынша мал берген Алланың атымен сұраймын: сапарымды жалғастырайын, бір түйе берші’, – деді. Ол: ‘Бұл малда өзгенің де ақысы көп’, – деп, өтінішін қайтарды. Періште: ‘Сені танитын сияқтымын. Жұрт өзіңнен жиренетін, теріңе ала түскен жарлы кісі едің ғой. Алла саған денсаулық пен мал бермеп пе еді?’ – деді. Ол: ‘Мына мал ата-бабамнан мұраға қалған!’ – деді. Періште: ‘Өтірік айтсаң, Алла сені бұрынғы күйіңе қайтарсын!’ – деп, шашы жоқ кісіге бұрынғы кейпінде барды. Оған да сол сөзді айтып, жәрдем сұрады. Бұл кісі де өтінішін қайтарды. Періште оған да: ‘Өтірік айтсаң, Алла сені бұрынғы күйіңе қайтарсын!’ – деді. Содан кейін бұрын көзі көрмеген кісіге көзі көрмейтін жолаушы кейпінде келді: ‘Жол қаражатым таусылған жарлы жолаушымын. Дәл қазір маған әуелі Алла, содан соң сен ғана көмектесе аласың. Көзіңді ашқан Алланың атымен сұраймын: сапарымды жалғастырайын, бір қой берші’, – деді. Ол: ‘Менің де көзім көрмейтін, Алла көзімді ашты. Жарлы едім, Алла мал беріп байытты. Қалағаныңды ал, қаламағаныңды қалдыр. Алланың атымен ант етемін, бүгін Алла үшін не алсаң да, алдыңды бөгемеймін’, – деді. Періште: ‘Малың өзіңе қалсын. Үшеуің де сыналдыңдар. Алла саған разы болды, ал екі жолдасыңа қаһарланды’, – деді”»1.

Түсіндірме

1. Хадисте үш түрлі кемістігі болған адамның мінезі қалай көрінгені баяндалады. Көзі көрмеген адам жұмсақ жүректі әрі жомарт болса, қалған екеуі өзімшіл әрі мейірімсіз еді. Қирмани бұл айырманы былай түсіндірген: «Көзі көрмеген адамның табиғи болмысы екі жолдасына қарағанда сау келеді. Терінің алалығы мен шаштың түсуін ағзадағы табиғи тепе-теңдіктің бұзылуынан туатын дерт. Ал соқырлық көбіне сыртқы себептен туады. Сондықтан оның мінезі жақсы, қалған екеуінікі жаман болды».

2. Хадистен шығатын түйіндер

• Бұрын болған оқиғаны тыңдаушы ғибрат алсын деп айтуға болады. Бұл ғайбатқа жатпайды. Қиссада адамдардың есімдері де, кейін бастарына не түскені де айтылмаған. Періштенің сөзінен олардың бұрынғы күйіне қайтқанын аңғаруға болады.

• Хадис нығметті жоққа шығарудан сақтандырады. Оны мойындап, Аллаға мақтау айтып, шүкір етуге үндейді.

• Хадис садақаның қадірін көрсетеді. Әлсізге мейірім танытып, мұқтажға қол ұшын беруге шақырады.

• Хадис сараңдықтан сақтандырады. Өйткені сараңдық адамды өтірік айтуға, Алланың берген нығметін жоққа шығаруға итермелейді.

  1. 1Бұхари, Әнбия 50 (3464). Мүслим, Зуһд 10 (2964).