Хадис

Кутуб ситтә, № 725

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
75. «Фурқан» сүресі
Нөмірі
№ 725 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
725
Кутуб ситтә, № 725 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

وَعَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «سَأَلْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ: أَيُّ الذَّنْبِ أَعْظَمُ؟ قَالَ: أَنْ تَجْعَلَ لِلَّهِ نِدًّا وَهُوَ خَلَقَكَ، قَالَ قُلْتُ: ثُمَّ أَىٌّ؟ قَالَ أَنْ تَقْتُلَ وَلَدَكَ مَخَافَةَ أَنْ يَطْعَمَ مَعَكَ، قَالَ قُلْتُ ثُمَّ أَىٌّ؟ قَالَ أَنْ تُزَانِيَ حَلِيلَةَ جَارِكَ، قَالَ فَنَزَلَ تَصْدِيقًا لِذَلِكَ: وَالَّذِينَ لَا يَدْعُونَ مَعَ اللَّهِ إِلَهًا آخَرَ وَلَا يَقْتُلُونَ النَّفْسَ الَّتِى حَرَّمَ اللَّهُ إِلَّا بِالْحَقِّ وَلَا يَزْنُونَ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ.

Қазақша аудармасы

Ибн Мәсғуд (р.а.) былай дейді: «Алла Елшісінен (с.а.с.) сұрадым:

– Күнәнің ең ауыры қайсы?

– Өзіңді жаратқан Аллаға серік қосуың, – деп жауап берді.

– Одан кейін қайсы? – дедім.

– Асыңа ортақ болады деп қорқып, балаңды өлтіруің, – деді.

– Одан кейін ше? – дедім.

– Көршіңнің әйелімен зина жасауың, – деді.

Осы сөздерді қуаттап, “Олар Алламен қатар, басқаны да құдай тұтып жалбарынбайды. Алланың Өзі ардақтаған әрі (жөн-жосықсыз) өлтірілуін харам қылған тірі жанды нақақтан-нақақ өлтірмейді, зина жасамайды. Кімде-кім осы айтылғандардың бірін істесе, ауыр жазаға ұшырайды”1 деген аят түсті».2

  1. 1«Фурқан» сүресі, 68-аят.
  2. 2Бұхари, «Тәпсір», «Фурқан», 2, «Бақара», 3 (№4477), «Әдеп», 20. Мүслим, «Иман», 141 (№86). Әбу Дәуіт, «Талақ», 50 (№2310). Тирмизи, «Тәпсір», «Фурқан» (№3182, Ибраһим Жанан басылымында №3181).