وَعَنْ هِشَامِ بْنِ حَسَّانَ قَالَ: أَحْصَوْا مَا قَتَلَ الْحَجَّاجُ صَبْرًا فَبَلَغَ مِائَةَ أَلْفٍ وَعِشْرِينَ أَلْفَ قَتِيلٍ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.
Қазақша аудармасы
Хишам ибн Хассан былай жеткізген: «Хажжаждың тұтқында ұстап өлтірткен адамдарының саны жүз жиырма мыңға жеткен»1.
Түсіндірме
«Сабран өлтіру» – ұрыс, төбелес үстінде немесе абайсызда болған өлімнен бөлек, қолға түскен кісіні әдейі өлтіру. Соғыс тұтқындары мен қылмыскерлерге қолданылған өлім жазасы да осыған жатады. Бұл риуаят Хажжаждың зұлымдығының қаншалық болғанын аңғартады.
- 1Тирмизи, «Фитән», 44 (2220, негізгі хадистен кейін келтірілген Хишам ибн Хассанның сөзі).