Хадис

Кутуб ситтә, № 4823

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
738. Хажжаж
Нөмірі
№ 4823 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
4823
Кутуб ситтә, № 4823 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنْ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: فِي ثَقِيفٍ كَذَّابٌ وَمُبِيرٌ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай жеткізген: «Алла елшісі (с.а.с.): “Сақифтан бір өтірікші мен бір қырып-жоюшы шығады”, – деді»1.

Түсіндірме

1. Бұл – 4821-хадистегі ұзақ риуаяттың бір бөлігі. Ол жерде түсіндіргендіктен, мұнда екі тұсына ғана тоқталамыз.

1) «Мүбир» сөзі «құртушы», «жоюшы» дегенді білдіреді. Жою мен құрту залымға тән болғандықтан, оны «залым» деп аудардық. Бұл сөзбен Хажжаж меңзелген. Үмбет те оны «залым» деп атаған.

2) Өтірікші деп Мұхтар ибн Әбу Убайд әс-Сақафи меңзелген. Ол әзірет Хұсайын шейіт болғаннан кейін шығып, халықты оның кегін алуға шақырған. Шын мақсаты жұртты өзіне қаратып, билікке жету екені байқалған. Дүниені көздесе де, өз мақсатын басқа уәждермен бүркемелеген. Әкесі үлкен сахабалардың бірі болған. Һижра жылы туған Мұхтар Алла елшісімен (с.а.с.) жүздеспеген және одан хадис жеткізбеген. Абдулла ибн Исмәт: «Алла елшісінің (с.а.с.) “Сақифтан бір өтірікші шығады” деген хадисінде айтылған адам – осы», – деген. Мұхтар бұрын ілімімен, ізгілігімен, қайырымымен танылған еді. Абдулла ибн Зубайырдан бөлінгенше солай болды. Кейін ішкі пиғылы ашылды: билікке ұмтылып, теріс ойлары мен бұрыс нанымдарын, нәпсісінің қалауын жария етті. Сөйтіп, дінге қайшы тұстары көріне бастады. Тіпті өзіне Жәбірейіл уахи әкелетінін айтты. Ол һижраның 67 жылы өлтірілгенге дейін осы райынан қайтпады.

  1. 1Тирмизи, «Фитән», 44 (2220).