وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: الْقَاتِلُ لَا يَرِثُ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.
Әбу Һурайра (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізген: «Кісі өлтірген адам мұрагер болмайды».1
Түсіндірме
Хадис кісі өлтірген адамның мұрагер бола алмайтынын айтады. Ғалымдардың көпшілігі әдейі өлтіргенге де, байқаусызда жазым еткенге де осы үкімді қолданады. Омар, Әли, Шурайх, сондай-ақ Шафиғи мен Әбу Ханифа осы пікірді ұстанған.
Мәлик пен ән-Нахағидің пікірінше, кісі өзіне мұра қалдыратын адамды байқаусызда өлтіріп қойса, оның мүлкінен мұра ала алады. Ғалымдардың көпшілігі бұл пікірді құптамаған.
Жәбир ибн Зәйдтен жеткен риуаятта бұл анық айтылған: «Кім өзіне мұра қалдыратын ерді не әйелді әдейі немесе байқаусызда өлтірсе, оған мирас берілмейді».
- 1Тирмизи, Фараиз 17 (2110).