Хадис

Кутуб ситтә, № 4698

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
708. Ауру мен өлімнің адамға пайдасы. Сырқат пен ауыртпалық
Нөмірі
№ 4698 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 7
4698
Кутуб ситтә, № 4698 · тараудағы реті: 7Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَا يَزَالُ الْبَلَاءُ بِالْمُؤْمِنِ وَالْمُؤْمِنَةِ فِي نَفْسِهِ وَوَلَدِهِ وَمَالِهِ حَتَّى يَلْقَى اللَّهَ وَمَا عَلَيْهِ خَطِيئَةٌ. أَخْرَجَهُ مَالِكُ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізген: «Мүмін ер мен әйел өз басына, балаларына және мал-мүлкіне келген сынақтардан арылмайды. Ақырында Аллаға бойында бірде-бір күнә қалмаған күйде қауышады».1

  1. 1Муатта, Жанаиз 40, (1, 236); Тирмизи, Зуһд 57 (2401).