Хадис

Кутуб ситтә, № 4697

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
708. Ауру мен өлімнің адамға пайдасы. Сырқат пен ауыртпалық
Нөмірі
№ 4697 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 6
4697
Кутуб ситтә, № 4697 · тараудағы реті: 6Риуаят етуші: Жәбир

وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: يَوَدُّ أَهْلُ الْعَافِيَةِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ حِينَ يُعْطَى أَهْلُ الْبَلَاءِ الثَّوَابَ لَوْ أَنَّ جُلُودَهُمْ كَانَتْ قُرِضَتْ فِي الدُّنْيَا بِالْمَقَارِيضِ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізген: «Қиямет күні ауыр сынақ көргендерге сауап берілгенде, бұл дүниеде аман-сау ғұмыр кешкендер өз терілерінің де дүниеде қайшымен тілінгенін қалар еді».1

  1. 1Тирмизи, Зуһд 59 (2404).