Хадис

Кутуб ситтә, № 4638

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
705. Әртүрлі амалдардың артықшылығы. Кейбір намаздардың артықшылығы
Нөмірі
№ 4638 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
4638
Кутуб ситтә, № 4638 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَنْ صَلَّى الصُّبْحَ فَهُوَ فِي ذِمَّةِ اللَّهِ، فَلَا يَتَّبِعَنَّكُمُ اللَّهُ بِشَيْءٍ مِنْ ذِمَّتِهِ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ. وَزَادَ رَزِينُ: «فَإِنَّهُ مَنْ يَطْلُبْهُ يُدْرِكُهُ ثُمَّ لَا يُفْلِتْهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Алла елшісі (с.а.с.): «Кім таң намазын оқыса, ол Алланың кепілдігінде. Алла сендерден Өз кепілдігін бұзғандарың үшін жауап талап етпесін», – деді.

Рәзин мына жалғасын жеткізген: «Алла кімнен жауап талап етсе, оған сөзсіз жетеді және оны жібермейді».1

Түсіндірме

«Кепілдік» деп аударылған сөз «уәде», «міндет», «амандық» деген мағыналарды да білдіреді. Хадистің бір мағынасы мынадай: «Таң намазын жамағатпен оқыған адамға қандай себеппен де жәбір көрсетпеңдер. Егер оған жәбір көрсетсеңдер, оның амандығына кепіл болған Алланы қарсы алдарыңнан табасыңдар».

Хадисті былай түсінуге де болады: «Алла таң намазын жамағатпен оқыған адамға кепілдік береді. Ендеше, намазды тастап, осы кепілдіктен айырылып қалмаңдар әрі өздеріңді қиындыққа душар етпеңдер».

  1. 1Тирмизи, Фитән 6 (2165).