Хадис

Кутуб ситтә, № 4629

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
700. Шам
Нөмірі
№ 4629 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
4629
Кутуб ситтә, № 4629 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Зәйд ибн Сәбит

وَعَنْ زَيْدِ بْنِ ثَابِتٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كُنَّا يَوْمًا عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ نُؤَلِّفُ الْقُرْآنَ مِنَ الرِّقَاعِ. فَقَالَ ﷺ: طُوبَى لِلشَّامِ. فَقُلْتُ: لِمَ ذَاكَ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟ فَقَالَ: إِنَّ مَلَائِكَةَ الرَّحْمَٰنِ بِاسِطَةٌ أَجْنِحَتَهَا عَلَيْهَا». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Зәйд ибн Сәбит (р.а.) жеткізеді: «Бір күні Алла елшісінің (с.а.с.) жанында әр параққа жазылған Құран аяттарын жинастырып отырғанбыз. Алла елшісі (с.а.с.): “Шамға сүйінші!” – деді. Мен: “Уа, Алла елшісі, неліктен?” – деп сұрадым. Ол: “Рахманның періштелері Шамның үстіне қанаттарын жайып тұр”, – деді».1

Түсіндірме

1. «Тәлифул-Құран» тіркесін «Құран аяттарын жинақтау» деп аудардық. Құран аяттары рет-ретімен түгел түспеген. Уахи келген сайын бөлек жазылып, Алла елшісі (с.а.с.) әр аяттың қай сүреге және оның қай жеріне қойылатынын айтып отырған. Аяттарды осылай орналастыру «жинақтау» деп аталған. Кей риуаятта сахабалар мұны «Алла елшісінің кезінде Құранды жазатын едік» деп баяндаған. Ғалымдар сүрелердің реті ижтиһадпен бе, әлде шариғи үкіммен бе белгіленгені жөнінде әртүрлі пікір айтқан. Ал аяттардың реті Алла елшісіне (с.а.с.) уахи арқылы білдірілгеніне бірауыздан келіскен.

2. Ғалымдар періштелердің қанат жаюын Шам халқын күпірліктен қорғау деп түсіндірген. Кейбір риуаятта «Рахманның періштелері» делінуі олардың рақым періштелері екенін білдіреді. Мунәуи мұны береке мен рақымның түсуі, бәле-жаланың бетінің қайтуы деп түсінген.

  1. 1Тирмизи, Манақиб (3949).