Хадис

Шам

Кутуб ситтә, 10-том, 700-тарау · 5 хадис · № 4628–4632

Хадистер

4628
Кутуб ситтә, № 4628 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас

عَنِ ابْنِ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: سَتَكُونُ هِجْرَةٌ بَعْدَ هِجْرَةٍ، فَخِيَارُ أَهْلِ الْأَرْضِ أَلْزَمُهُمْ مُهَاجِرَ إِبْرَاهِيمَ، وَيَبْقَى فِي الْأَرْضِ شِرَارُ أَهْلِهَا تَلْفِظُهُمْ أَرَضُوهُمْ. تَقْذَرُهُمْ نَفْسُ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ وَتَحْشُرُهُمُ النَّارُ مَعَ الْقِرَدَةِ وَالْخَنَازِيرِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Бір һижреттен кейін тағы бір һижрет болады. Жер бетіндегі ең ізгі адамдар – Ибраһим (а.с.) қоныс аударған жерді мекен еткендер. Жер бетінде адамдардың жамандары қалады. Жерлері оларды сыртқа лақтырады. Алла Тағала оларды жақтырмайды, ал от оларды маймылдар мен доңыздармен бірге жинайды”, – деді».1

Түсіндірме

تَلْفِظُهُمْ» أَيْ تَقْذِفُهُمْ كَمَا تُرْمَى اللَّفَاظَةُ مِنَ الْفَمِ. وَقَوْلُهُ «تَقْذَرُهُمْ نَفْسُ اللَّهِ» مَعْنَاهُ يَكْرَهُ اللَّهُ خُرُوجَهُمْ إِلَيْهَا وَمَقَامَهُمْ بِهَا فَلَا يُوَفِّقُهُمْ لِذَلِكَ فَيَصِيرُوا بِالرَّدِّ وَتَرْكِ الْقَبُولِ كَالشَّيْئِ الَّذِي تَقْذَرُهُ النَّفْسُ فَلَا تَقْبَلُهُ.

Хадистердегі Шам – Сирияны қамтитын тарихи өлке. Бүгінде Шам десе, көбіне Сирияның астанасы Дамаск еске түседі. Көне кітаптарда бұл қаланы Димашқ деп атаған. «Муғжәмул-Булданда» Шамның шекарасы Евфраттан Мысырдағы әл-Аришқа дейін, Тай таулары мен Рум теңізінің аралығын қамтиды делінген. Басты қалаларының қатарына Мәнбиж, Халаб, Хама, Хумус, Димашқ, Бәйтул-Мақдис, Антакия және Триполи кіреді. Негізгі аймақтары – Қиннасрин, Димашқ, Иордания, Палестина мен Хумус. Демек, көне еңбектердегі Шам ұғымына қазіргі Сириямен бірге Палестина, Иордания және Ливан да кіреді. «Муғжәмул-Булданда» Шамға кіреберіс мекендер ретінде Масиса, Тарсус, Әзәнә, Антакия, Мараш, Хадас, Бағрас және Бәлқа да аталады.

Хадистерде артықшылығы айтылған Шамның осындай кең өлке екенін, оған Түркияның оңтүстік-шығысы да кіретінін ескеру керек. «Муғжәмул-Булданда» Абдулла ибн Амр ибн әл-Астың мына сөзі берілген: «Игілік онға бөлініп, тоғыз бөлігі Шамға, бір бөлігі жердің өзге өлкелеріне берілді. Жамандық та онға бөлініп, бір бөлігі Шамға, тоғыз бөлігі жердің өзге өлкелеріне берілді». Бұл риуаят сахих болса, үкімі жағынан мәрфуғ саналады. Өйткені мұндай хабар ижтиһадпен айтылмайды, уахи арқылы ғана белгілі болады. Риуаяттың сахихтығы күмәнді болса да, ол Шам туралы кең тараған түсінікті көрсетеді. Құранда өмірі баяндалған пайғамбарлардың осы өлкеге келіп-кетуінің өзі оның рухани берекесін аңғаруға жеткілікті. Өркениет осы өлкелерде пайда болып, жердің өзге тарапына осы жерден тараған деген теория да бар. Мұхаммед ибн Амр ибн Язид әс-Сағани: «Кітаптарда Шамның аты соншалық жиі кездескендіктен, Алла Тағаланың жерді жаратудағы мақсаты Шамды жарату болғандай ойға қалдым», – деген.

Якут әл-Хамауи Расулалладан мына риуаятты жазған: Шам – Алланың аймақтарының арасында Сафәтулла (ең таза жер). Алланың құлдарының тазалары да сол жерді таңдайды. Уа, Йемендіктер, мен сендерге Шамды үлгі етемін. Өйткені жер бетіндегі ең таза жер (Сафәтулла) – Шам. Бұдан сақсынған адам біліп қойсын, Алла Тағала маған Шамды кепіл етті».

Расында да, бұл өлке әу бастан бері Ислам орталығы болып, сол жерде небір әйгілі ғалымдар өсіп-жетілді. Қазіргі ол жердегі келеңсіздіктердің өткінші екеніне сенеміз және Рахим Алладан бұл өлкелерді бұрынғы миссиясына тезірек қайтаруын сұраймыз.

  1. 1Әбу Дәуіт, Жиһад 3 (2482).
4629
Кутуб ситтә, № 4629 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Зәйд ибн Сәбит

وَعَنْ زَيْدِ بْنِ ثَابِتٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كُنَّا يَوْمًا عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ نُؤَلِّفُ الْقُرْآنَ مِنَ الرِّقَاعِ. فَقَالَ ﷺ: طُوبَى لِلشَّامِ. فَقُلْتُ: لِمَ ذَاكَ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟ فَقَالَ: إِنَّ مَلَائِكَةَ الرَّحْمَٰنِ بِاسِطَةٌ أَجْنِحَتَهَا عَلَيْهَا». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Зәйд ибн Сәбит (р.а.) жеткізеді: «Бір күні Алла елшісінің (с.а.с.) жанында әр параққа жазылған Құран аяттарын жинастырып отырғанбыз. Алла елшісі (с.а.с.): “Шамға сүйінші!” – деді. Мен: “Уа, Алла елшісі, неліктен?” – деп сұрадым. Ол: “Рахманның періштелері Шамның үстіне қанаттарын жайып тұр”, – деді».1

Түсіндірме

1. «Тәлифул-Құран» тіркесін «Құран аяттарын жинақтау» деп аудардық. Құран аяттары рет-ретімен түгел түспеген. Уахи келген сайын бөлек жазылып, Алла елшісі (с.а.с.) әр аяттың қай сүреге және оның қай жеріне қойылатынын айтып отырған. Аяттарды осылай орналастыру «жинақтау» деп аталған. Кей риуаятта сахабалар мұны «Алла елшісінің кезінде Құранды жазатын едік» деп баяндаған. Ғалымдар сүрелердің реті ижтиһадпен бе, әлде шариғи үкіммен бе белгіленгені жөнінде әртүрлі пікір айтқан. Ал аяттардың реті Алла елшісіне (с.а.с.) уахи арқылы білдірілгеніне бірауыздан келіскен.

2. Ғалымдар періштелердің қанат жаюын Шам халқын күпірліктен қорғау деп түсіндірген. Кейбір риуаятта «Рахманның періштелері» делінуі олардың рақым періштелері екенін білдіреді. Мунәуи мұны береке мен рақымның түсуі, бәле-жаланың бетінің қайтуы деп түсінген.

  1. 1Тирмизи, Манақиб (3949).
4630
Кутуб ситтә, № 4630 · тараудағы реті: 3

وَعَنِ ابْنِ حَوَالَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: سَيَصِيرُ الْأَمْرُ إِلَى أَنْ تَكُونُوا جُنُودًا مُجَنَّدَةً: جُنْدٌ بِالشَّامِ، وَجُنْدٌ بِالْيَمَنِ، وَجُنْدٌ بِالْعِرَاقِ فَقُلْتُ: خِرْ لِي يَا رَسُولَ اللَّهِ إِنْ أَدْرَكْتُ ذَلِكَ. قَالَ: فَعَلَيْكَ بِالشَّامِ فَإِنَّهَا خِيَرَةُ اللَّهِ مِنْ أَرْضِهِ يَجْتَبِي إِلَيْهَا خِيَرَتَهُ مِنْ عِبَادِهِ. فَأَمَّا إِنْ أَبَيْتُمْ فَعَلَيْكُمْ بِيَمَنِكُمْ، وَاسْقُوا مِنْ غُدُرِكُمْ، فَإِنَّ اللَّهَ تَوَكَّلَ لِي بِالشَّامِ وَأَهْلِهِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Хауала (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Күндердің күнінде жасақтарға бөлінесіңдер. Бір жасақ Шамда, бір жасақ Йеменде, бір жасақ Иракта болады”, – деді. Мен: “Уа, Алла елшісі, сол күнге жетсем, маған қайсысын таңдаған жөн?” – деп сұрадым. Ол: “Шамға бар. Ол – Алланың жер бетіндегі таңдаулы мекені. Алла таңдаулы құлдарын сол жерге жинайды. Егер барғыларың келмесе, Йеменге барыңдар да, суаттарыңнан су ішіңдер. Алла маған Шам мен оның халқын Өз қамқорлығына алуға кепілдік берді”, – деді».1

قَوْلُهُ: «خِرْ لِي» بِكَسْرِ الْخَاءِ الْمُعْجَمَةِ: أَيْ اخْتَرْ لِي الْأَصْلَحَ. «وَالِاجْتِبَاءُ» اخْتِيَارٌ وَاصْطِفَاءُ.

  1. 1Әбу Дәуіт, Жиһад 3 (2483).
4631
Кутуб ситтә, № 4631 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Әбу Дәрда

وَعَنْ أَبِي الدَّرْدَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: إِنَّ فُسْطَاطَ الْمُسْلِمِينَ يَوْمَ الْمَلْحَمَةِ بِالْغُوطَةِ إِلَى جَانِبِ مَدِينَةٍ يُقَالُ لَهَا دِمَشْقُ مِنْ خَيْرِ مَدَائِنِ الشَّامِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әбуд-Дәрда (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Үлкен шайқас күні мұсылмандардың ордасы Шамның ең қайырлы қалаларының бірі Димашқтың іргесіндегі Ғутада болады”, – деді».1

Түсіндірме

الْمُرَادُ «بِالْفُسْطَاطِ» هُنَا: الْبَلْدَةُ الْجَامِعَةُ لِلنَّاسِ. وَ« المَلْحَمَةُ» الْحَرْبُ وَالْقِتَالُ. وَ« الْغُوطَةُ» اسْمٌ لِلْبَسَاتِينَ وَالْمِيَاهِ الَّتِي عِنْدَ دِمَشْقَ وَهِيَ غُوطَةُ دِمَشْقَ.

1. Бұл хадис Димашқтың, қазіргі Дамаскінің, артықшылығын білдіреді. Алла елшісінен (с.а.с.) жеткен осы тәрізді сөздерге байланысты ол қасиетті қала «Шам шәриф» аталған.

Хадисте Димашқ халқының ақырзамандағы артықшылығы да айтылады. Ол халықтың бүлік пен іріткіден аман болатыны баяндалады. Ғалымдар Димашқтың артықшылықтарын атағанда мына жайларды да ескереді.

Бұл қалаға Алла елшісін (с.а.с.) көрген он мың адам кірген.

Алла елшісі (с.а.с.) оған пайғамбарлық келмей тұрып та, келгеннен кейін де барған. Алғашқысы сауда сапарымен байланысты болса, кейінгісі Тәбук жорығы мен Миғраж түнінде болған.

Алла елшісі (с.а.с.) мұсылмандардың шайқас кезінде Димашқты паналайтынын айтқан.

2. Ғута – Димашқтың маңындағы сулы бау-бақшаларға қойылған атау. Ол «Димашқ Ғутасы» деген атпен белгілі. Хадисте мұсылман жасақтары осы жерде шоғырланып, ордасын тігетіні білдіріледі.

  1. 1Әбу Дәуіт, Мәлахим 6 (4298) Сүннет 9 (4639).
4632
Кутуб ситтә, № 4632 · тараудағы реті: 5

وَعَنْ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ سَلْمَانَ قَالَ: «سَيَأْتِي مَلِكٌ مِنْ مُلُوكِ الْعَجَمِ فَيَظْهَرُ عَلَى الْمَدَائِنِ كُلِّهَا إِلَّا دِمِشْقَ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Абдуррахман ибн Салман жеткізеді: «Парсы патшаларының біреуі келіп, Димашқтан өзге барлық қаланы бағындырады».1

  1. 1Әбу Дәуіт, Сүннет 9 (4639).