وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ عَنْ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمْ قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ وَهُوَ بِوَادِي الْعَقِيقِ يَقُولُ: أَتَانِي آتٍ مِنْ رَبِّي. فَقَالَ: صَلِّ فِي هَذَا الْوَادِي وَقُلْ: عُمْرَةٌ وَحُجَّةٌ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ وَأَبُو دَاوُدَ.
Ибн Аббас (р.а.) Омардан (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісінің (с.а.с.) Ақық алқабында былай дегенін естідім: “Маған Раббымнан бір елші келіп: ‘Осы алқапта намаз оқы да, ұмра мен қажылыққа ниет еткеніңді айт’, – деді”».1
Түсіндірме
1. Хадис Мәдинадан Меккеге қарай төрт миль жердегі Ақық алқабының және онда оқылған намаздың артықшылығын білдіреді.
«Муғжәмул-Булдан» еңбегінде Ақық атты жерлердің көп екені айтылады. Мұндағы берекелі Ақық – Зул-Хуләйфа алқабындағы Ақық.
2. Хадистегі عُمْرَةٌ وَحُجَّةٌ тіркесі кей риуаятта عُمْرَةٌ فِي حَجَّةٍ түрінде келген. Осыған орай бірнеше түсінік айтылған. Мұны «Қажылықпен бірге ұмраға да ниет ет» деп түсінген ғалымдар Алла елшісі (с.а.с.) қиран қажылығын өтеген деген тұжырым жасаған.
«Ұмра қажылыққа кіреді, сондықтан екеуіне бір тауап жеткілікті» деген түсіндірме бұдан алшақ саналған. Одан да алшақ жорамал бойынша, Алла елшісі (с.а.с.) сол жылы қажылығын аяқтағаннан кейін бөлек ұмра жасайды. Бұл жорамалдың негізі әлсіз, өйткені ол сол жылы мұндай ұмра жасамаған. Алла елшісіне (с.а.с.) осы сөзді сахабаларына айту бұйырылған болуы да мүмкін. Мұндағы мақсат – қиран қажылығының жайыз екенін үйрету.
- 1Бұхари, Хажж 16, Харс 15, Итисам 16; Әбу Дәуіт, Манасик 24 (1800).