عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: إِنَّ فِي اللَّيْلِ سَاعَةً لَا يُوَافِقُهَا رَجُلٌ مُسْلِمٌ يَسْأَلُ اللَّهَ خَيْرًا مِنْ أَمْرِ الدُّنْيَا أَوِ الْآخِرَةِ إِلَّا أَعْطَاهُ إِيَّاهُ، وَذَلِكَ كُلَّ لَيْلَةٍ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ.
Әзірет Жәбир (р.а.) жеткізеді: «Расулалла (с.а.с.): “Түн ішінде бір мезет бар. Қай мұсылман сол мезетте Алладан дүние не ақырет істерінің қайырлысын сұраса, Алла сұрағанын береді. Мұндай мезет әр түнде болады”, – деді».1
Түсіндірме
Хадис әр түнде дұға қабыл болатын мезет барын білдіреді. Оның нақты уақыты белгісіз. Кей риуаяттарда бұл мезетті түн ортасынан кейінгі уақытқа немесе түннің соңғы үштен біріне жатқызады. Алла елшісі (с.а.с.) осы уақыттарда түнгі құлшылық жасаған. Хадис сол мезетке тап болған дұғаның қабыл болатынын айтып, түнгі құлшылыққа ынталандырады. Түнді күндізден абзал санаған ғалымдардың бір дәлелі – осы хадис. Құрандағы «Муззәммил» сүресі де мүміндерді түнде құлшылық жасауға шақырып, жағдайға қарай оның мезгілі мен мөлшерін белгілейді. Күндіз дұға қабыл болатын мезет жұмада ғана бар деп айтылғандықтан, құлшылық тұрғысынан түннің артықшылығын жоққа шығара алмаймыз.
Қасиетті жерлер
- 1Мүслим, Мусафирин 166 (757).