Хадис

Кутуб ситтә, № 4574

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
690. Мухаррам айы
Нөмірі
№ 4574 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
4574
Кутуб ситтә, № 4574 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Әли

وَعَنْ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، وَسَأَلَهُ رَجُلٌ «أَيُّ شَهْرٍ تَأْمُرُنِي أَنْ أَصُومَ بَعْدَ رَمَضَانَ؟ فَقَالَ: مَا سَمِعْتُ أَحَدًا يَسْأَلُ عَنْ هَذَا إِلَّا رَجُلًا سَأَلَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ وَأَنَا عِنْدَهُ. فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ: أَيُّ شَهْرٍ تَأْمُرُنِي أَنْ أَصُومَ بَعْدَ رَمَضَانَ؟ فَقَالَ: إِنْ كُنْتَ صَائِمًا بَعْدَ رَمَضَانَ فَصُمِ الْمُحَرَّمَ فَإِنَّهُ شَهْرُ اللَّهِ، فِيهِ يَوْمٌ تَابَ اللَّهُ فِيهِ عَلَى قَوْمٍ، وَيَتُوبُ اللَّهُ فِيهِ عَلَى قَوْمٍ آخَرِينَ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әзірет Әлиден (р.а.) бір адам: «Рамазаннан кейін қай айда ораза ұстауды бұйырасыз?» – деп сұрады. Ол: «Бұл жайында Расулалладан (с.а.с.) сұраған бір ғана адамды естідім. Сол кезде мен оның қасында едім. Әлгі адам: “Уа, Расулалла, Рамазаннан кейін қай айда ораза ұстауды бұйырасыз?” – деді. Алла елшісі: “Рамазаннан кейін ораза ұстағың келсе, мұхаррамда ұста. Ол – Алланың айы. Бұл айда Алла бір қауымның тәубесін қабыл еткен күн бар. Сол күні Ол басқа қауымдардың да тәубесін қабыл етеді”, – деп жауап берді», – деді.1

Түсіндірме

Тәубесі қабыл болған қауым – әзірет Мұсаның (а.с.) қауымы. Мұнда Исраил ұрпақтарының Перғауыннан құтқарылуы, Перғауын мен әскерінің теңізге батуы меңзелген.

  1. 1Тирмизи, Саум 40 (741).