وَعَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مُطِيعٍ عَنْ أَبِيهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَوْمَ فَتْحِ مَكَّةَ: لَا يُقْتَلُ قُرَشِيٌّ صَبْرًا بَعْدَ هَذَا الْيَوْمِ إِلَى يَوْمِ الْقِيَامَةِ. وَلَمْ يَكُنْ أَسْلَمَ أَحَدٌ مِنْ عُصَاةٍ قُرَيْشٍ غَيْرَ مُطِيعٍ وَكَانَ اسْمُهُ الْعَاصِيَ، فَسَمَّاهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مُطِيعًا». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ.
Абдулла ибн Мутиғ әкесінен (р.а.) жеткізеді: «Расулалла (с.а.с.) Мекке азат етілген күні: “Бүгіннен бастап Қияметке дейін ешбір құрайыштық тұтқынға алынып, өлтірілмейді”, – деді». Риуаятшы: «Құрайыштан әл-Аси есімділердің ішінде Мутиғтан басқа ешкім исламды қабылдаған жоқ. Оның бұрынғы аты әл-Аси еді. Расулалла (с.а.с.) оны Мутиғ деп атады», – деген.1
Түсіндірме
قَوْلُهُ «لَا يُقْتَلْ» بِجَزْمِ اللَّامِ، وَرُوِيَ بِضَمِّهَا، وَوَجْهُ الْجَزْمِ أَنَّهُ ﷺ نَهَى أَنْ يُقْتَلَ قُرَشِيٌّ صَبْرًا إِلَى يَوْمِ الْقِيَامَةِ، وَوَجَّهَ الْحُمَيْدِيُّ الضَّمَّ بِأَنَّ مَعْنَاهُ لَا يُقْتَلُ قُرَشِيٌّ بَعْدَ هَذَا الْيَوْمِ صَبْرًا إِلَى يَوْمِ الْقِيَامَةِ وَهُوَ مُرْتَدٌّ عَلَى الْكُفْرِ.
1. Хадистегі «сабран өлтіру» дегеніміз – адамды тұтқынға алғаннан кейін өлтіру. Ұрыс үстінде қаза тапқан адам бұған жатпайды. Тұтқынға алынған адамның басын шабу, ал қазіргі заманда тұтқынды ату не қылышпен өлтіру осы ұғымға кіреді. «Сабыр» сөзінің сөздіктегі бір мағынасы «қамау» болғанымен, бұл тіркес адамның өлгенше қамауда отыруын білдірмейді.
2. Хадис Құрайыштың түгелге жуық исламды қабылдайтынын және Алла елшісінен (с.а.с.) кейін олардың мұсылмандарға қарсы соғыс ашатындай араздық туындамайтынын білдіреді. Тұтқынды зұлымдықпен не жаза ретінде өлтіру бұл хабардың аясына кірмейді. Расулалла дүние салған соң кейбір арабтар діннен шықты, ал құрайыштықтар мұндай бүлікке қосылған жоқ. Алла қаласа, бұдан былай да діннен шықпайды.
3. Қади Ияздың айтуынша, хадистегі «әл-Аси» – сипат емес, кісінің есімі. Яғни исламға дейін Құрайышта Аси есімді бірнеше адам болған. Солардың ішінде әл-Ас ибн әл-Әсуад қана исламды қабылдаған. Расулалла (с.а.с.) оның атын Мутиғ деп өзгертті. Исламды қабылдамай дүние салған Аси есімділердің қатарында әл-Ас ибн Хишам мен әл-Ас ибн Сағид бар.
- 1Мүслим, Жиһад 88, 89 (1782).